Сайт учителя начальных классов
.
“Қыздар сұлу  көрінер өнерімен”

“Қыздар сұлу көрінер өнерімен”

 “Қыздар сұлу  көрінер өнерімен” 

Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер өнерімен»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

 

1-    жүргізуші: Армысыздар ардақты аналар, аппақ арулар, құрметті қонақтар!

2-    Жүргізуші: Табиғаттың оянып, сезімнің шабыттанатын жылдың бір  мезгілі көктем де келіп жетті.

1-    жүргізуші:Көктеммен бірге көңілге қуаныш ұялатар мереке, мейрамдарда келіп жетті.

2-  жүргізуші:  Ата- бабамыз сонау ерте заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесін аса ыждағаттылықпен көңіл бөлген. “Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес” деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.

1-жүргізуші:

     Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен

Ендеше, “Қыз сұлу көрінедіөнерімен” атты қыз сыны сайысын бастауға рұхсат етіңіздер.

2- жүргізуші:     Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ,

1-жүргізуші: Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:

1 Аудандық білім бөлімінің әдіскері - Мұқамбеталин Қази

2 Аудандық білім бөлімінің әдіскері - Қасымқызы Сәулежан

  1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері – Дауылбаева Алмагүл

4 № 1 Алға мектеп-бақшаның  ән-күй мұғалімі – Арқабаева Анар

2-жүргізуші: Жалпы сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтсек:

  1. “Мен қазақтың қызымын..” өзін таныстыру. Қыздардың көпшілік алдында өзін- өзі ұстауы, жүріс- тұрысы, және де киім киістері , өз- өзін таныстыруы бағаланады.
  2. “Қонақты қалай күтеміз” қазақ тағамдарының дайындалуы (аз мәзірін дайындау)
  3. Сән үлгісі
  4. Шаш үлгісі
  5. Үй жұмысы
  6. “Өнерпаз болсаң арқалан ” /өз өнерін көрсету/
  7. “Оюлар сыр шертеді” ұлттық қол өнер үлгісінен сайыс. Өздері әкелген қағазбен ою ойып, оны қорғау.

1-    жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін,

Сынға түскен арулар кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін. Ал, сайысқа қатысушы арулар сіздерге сәттілік тілей отырып, алғашқы сайысымызды бастаймыз.

2-    №1 аруымыз бастайды. №2,№3....

2-жүргізуші :   

   Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.  Ендеше, екінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау.

 

Музыкалық сәлем.

  1-жүргізуші.

                         Сымбатына сән киім жарасатын,

                          Аспандағы айменен таласатын.

                          Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

                         Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз- сән үлгісі

 

 

2 – жүргізуші:

                   Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

   Ай қабақ қиғаш қара қасыменен.

   Қыз  сұлу көрінеді толған айдай,

                 Өнері мен алған тәртібімен, - деп келесі сайысымыз шаш үлгісі.

 

 

1 –жүргізуші: 

                    Ал , кімнің өнері бар қаншалықты ,

     Би билеп , ал біреуі ән салады.

      Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға , 

     Арулар аянбай- ақ жан салады. – деп келесі сайысымыз “Өнер сайысына кезек берсек.

 

2-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Үй жұмысы» Оқушылар өздерінің үйден жасап әкелген қолөнер бұйымдарын, олардың жасалу жолдарын таныстырады.  

  • жүргізуші:  

          Сегіз қырлы, бір сырлы

       Біздің қыздар өнерлі.

       Саусақтары майысып,

       Меңгеріп те алады

                      Ою ойған, тігіс тігер өнерді. Кезек қол өнер сайысынада келіп жетті. Арулар өздері әкелген  қағаздан қалаған оюларын  ойып, қандай ою түрі екенін айтады /5 минут беріледі./

 

 

2- жүргізуші:     Әділқазылар қыз сыны сайысының қорытындысын шығарғанша кезекті әнмен би, өлеңге берсек.

3.

1-  жүргізуші:

                   Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті.

Ал, аруларға сәттілік тілейікші.- деп сөз кезегін әділқазыларымызға берсек.

  Ару қыздарды марапаттау үшін аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Қасымқызы Сәулежан мен Дауылбаева Алмагүлді ортаға шақырамыз

 

2-жүргізуші.

                                           Өнеріміз сайыста,

                                           Жетелейді алысқа.

                                           Бүгінгі күннің жеңісі,

                                           Достық болып қалуда.

                   1-жүргізушіБаршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.  

ID: 9007 | Просмотров: 2526