Сайт учителя начальных классов
.
Қош бол,құтты Әліппе!

Қош бол,құтты Әліппе!

Қош бол,құтты Әліппе!

Тақырыбы:Қош бол,құтты Әліппе!

Мақсаты:Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.Оқушылардың

белсенділігін,ұйымшылдығын нығайту.Бір-біріне жолдастық,достық сезімін

дамыту.адамгершілікке,достыққа

тәрбиелеу,эстетикалық талғам қалыптастыру.

Көрнекілігі:Интер.тақта,нақыл сөздер,баннер,шарлар,музыка.

Түрі:Ертеңгілік

 

                          Барысы

І ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім

Ғылымменен ұласқан,

Жас балаға нұр ашқан,

Әліппе-кітап ,тіл ашқан

Бар білімнің бастауы.

-Құрметті  ата-аналар,ұстаздар,қадірменді қонақтар!

Бүгін сіздер 1ә сыныбының алғаш рет қолдарына қалам ұстап,әріп таныған оқулығы «Қош бол,құтты әліппе» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар!

Қош келдіңіздер!

Ортада   «Бала тілегі» әні орындалады.

Осы кезде екі кішкентай жүргізуші Нұрасыл мен Айшабибі асыға жүгіріп, Алпамыс пен Аселді жүгіріп,ортаға алып шығады.

Әли мен Айшабибі:-Сіздер таң қалдыңыздар ма?

Алпамыс пен Асел-Иә.-Сендер кімсіңдер, балалар?

Әли мен Айшабибі:-Біз өзімізді таныстырайық.

-Менің досым Әли

-Менің досым Айшабибі.

Әли:-Сіздер бүгін бізде қонақтасыздар.

Айшабибі:- №11 мектептегі  1 ә сыныбының "Әліппемен қоштасу" кешіндесіздер.

Алпамыс пен Асел-Жақсы.

Әли:-Сіздердің  алғашқы ұстаздарыңыз кім болды?

Алпамыс:-Біздің алғашқы ұстазымыз Зинагүл Жасынбекқызы болды.

Айшабибі: -Иә. Біздің де ұстазымыз Зинагүл Жасынбекқызы.

Асел: а,енді түсіндім,сендер бізден көмек сұрап тұрсыңдар.

Әли,Айшабибі: Ортаға өнерлерімізді салайық.Осы кешті бірге бастайық.

Алпамыс:  Зинагуль Жасынбекқызы сендерді  білімді,үлгілі,әдепті оқушы

етіп тәрбиелеп шығарады. Солай емес пе Асел?!

Асел:-Ия, оған біз кәміл сенеміз.Ол үшін мұғалімнің айтқан тілін жақсы тыңдауларыңыз керек. Сол кезде сендер білімді де,өнерлі де ,еліміздің патриоты болып шығасыздар.

Асел,Алпамыс,Әли,Айшабибі:Ендеше  кешімізді  бірге бастайық.

1-бастаушы Алпамыс: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,сіздерді әліппені бітіру мерекесіне арналған ертеңгілігмізді тамашалауға шақырамыз.

2-бастаушы  Асел: Біз  бүгін ерекше қуаныштымыз,өйткені алғаш хат танытып,сауатымызды ашқан «Әліппені» оқуға үйреткен алғаш ұстазымызға рақмет айтқымыз келеді.

3-бастаушы Әли:  Біздер көп нәрсені:оқуды,жазуды,есеп шығаруды,үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды,елімізгі жақсылық жасауды үйрендік.

4-бастаушы Айшабибі: Балалар,біз сендерге бір жұмбақ жасырғымыз келіп тұр.Шешуге дайынсыңдар ма?

 

Алпамыс:     Іші толы әріпке,

                      Білімдегі жарық не?

Балалар:        Болашаққа жол ашқан,

                       Ол сүйікті ӘЛІППЕ!

 

Ән                Әліппе

Асел: Бүгінгі күнді асыға күткен ата-аналардың,қонақтардың  назарына бүлдіршіндердің әліппе туралы өлең жырларын ұсынамыз.

1-оқушы Базарбай

 Алғашында мектепке ,

Жасқана басып келіп ем.

Орыс тілім басымдау

Оны өзім де сезіп ем.

Енді міне оралды.

Туған тілім ойыма

Қадіріңді кеш білсем,

Қояр ем көптеп қалып мен

Туған тілде сөйлеткен

Өзіңсің ғой әліппем.

 

2-оқушы Алан

         Бар кітапқа бас болған,

         Әліппе ғылым анасы.

         Әліппеден басталған,

             Даналықтың данасы

 

3-оқушы 

Менің  атым Сұлтанбек

              Маған кім бар тең келер?

              Мақтанбаймын білем деп

              Таудай бірақ талабым.

         Білгір бала атанып,

         Келешекте өскенде

         Үлкен ғалым боламын

4-оқушы

              Әлібек

         Ең алғаш қолға алғанда әліппені

         Қызығып қарай бердім әріптерді

         Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

         Ұстазым маған кілтін алып берді

 

5-оқушы  Сырым

         Біз жазамыз ана деп,

         Біз жазамыз дана деп,

         Биік-биік таулар деп,

         Қызыл-жасыл баулар деп,

         Қаһарман ел қазақ деп,

Болашағы ғажап деп.

 

6-оқушы Нұрасыл

         Білімімізді сараптап,

         Өнерімізді көрдіңіз

         Әліппені аяқтап,

         Хат таныдық енді біз.

         Ширап  іс пен сөзіміз,

         Өсті осылай өреміз.

Әжемізге өзіміз

Ертегі оқып береміз.

 

7-оқушы Ерсұлтан

         Әліппемен қош айтысып қаламыз,

         Енді қолға  ана тілін аламыз.

         Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

         Шықты міне,сауатты боп балаңыз.

             Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

         Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

         Ризамыз бәрімізді таныстырған

         Сөз бен дыбыс,әр түрлі әріптермен

 

Әли : Ортада «Бәйтерек» тобы

Айшабибі: «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.

Алпамыс:Асел басқа да бүлдіршіндерге кезек берейік.

Асел: жақсы,ортада кішкентай бүлдіршіндер.

8-оқушы  Камила

Отан-жерім,Отан суым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

 

9-оқушы  Санжар

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың ,бауырың.

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

 

 10- оқушы Айдар

Отан-тарих,Отан тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ер даңқын...

 

11-оқушы

Отан-осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

 

12-оқушы  Ділназ

Тілейміз біз бар әлемде

Дос көп болсын жан ашыр

Ата-әже! Ата-ана!

Дос көп болсын жан ашыр

Тілейміз бар адамға

Жаңа бақыт,жаңа нұр.

Сүйікті ұстаз,достарым,

Құтты болсын тойларың!

 

Әли: Айшабибі біздің достарымыз тақпақты қалай шебер айтады.

Алпамыс:Ортада «Балдәурен» биі. Қол соғып тамашалап отырыңыздар.

Асел:Алпамыс Зина Жасынбекқызы біздің де ұстазымыз ғой , біздің шашуымыз ретінде сыныбымыздың әншісі қазір музыкалық колледждің І курс студенті Байжолова Әселді ортаға шақырайық.

Байжолова : тілек айтады.ән айтады.

Барлық бала билейді. Флеш моб

13-оқушы Рамазан

Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім

Жылдар бойы басыңдыоған иерсің

Өмір берген ең алғаш анаң болса

Ал екінші ұстазым деп білерсің

 

14-оқушы Шоқан

Ұстаздың әр сөзінде даналық бар,

Үйреткен сан ғылымнан жаңалықтар

Елімнің болашағы-біз жас ұлан

Алдарыңда отыр міне, сан алыптар

 

15-оқушы Мөлдір

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп.

Алдыңда арқашанда тағзым етіп,

Тұрармын ұстазым деп басымды иіп.

 

16-оқушы  Диас

Бас ием әркез мен де ұстазыма,

Өткізген біздерменен қыс жазына.

Мың рақмет,ұстаздар,аяулылар,

Бақыттымын биікке ұшқаныма!

 

Айшабибі: Ортада тағы бір ән  аяулы ұстаздарға арналады,қарсы

                          алыңыздар.

Әли:  Құрметті қонақтар! Ендігі кезекті слайд тамашалауға берсек.

 

Алпамыс:Мектебіміздің директоры ұстаздардың ұстазы

Балқия Рахимбекқызына

сөз беріледі.Марапаттаулар болады.

Асел:Кәшкентай менің көмекшілерім енді б би тамашалайық.ір тамашалайық. «Шашу» биі қарсы алыңыздар.

Ата-ана комитеті сөз сөйлейді.

От шашу

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің әр айың

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

         Осымен біздің «Қош бол,құтты Әліппем!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Тыңдап көңіл бөлгендеріңіз үшін үлкен рақмет.

 

Әр бала гүл сыйлайды.

ID: 8971 | Просмотров: 2439