Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

Оқу мен тәрбие – егіз.

Оқу мен тәрбие – егіз.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Оқу мен тәрбие – егіз.

Тақырыбы: Оқу мен тәрбие – егіз.

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», кестелер, т.б.

Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)

Кіріспе сөз

Мұғалім: — Құрметті ата-аналар!Бүгінгі «Оқу мен тәрбие - егіз» атты жиналысына хош келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыз 2 бөлімнен тұрады.1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай» деп атадым. І тоқсандағы 2 «а» класс оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысымы туралы айтамын. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада» деп атадым.

І. 1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай».

І тоқсан қорытындысы.  2 «а» класс жетекшісі - Аниева А.

- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

ІІ. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада».

-  Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.Осы бөлімді бастамас бұрын менің сіздерге қояр 1 сұрағым бар.

  1. Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз?

(әр ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)

 

ІІІ. «Ассоциация» жазу

Сіздер әр отбастарыңыздың ұйытқысыздарысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?

(үш топқа бірдей)

Әр топтың бір мүшесі қорғайды.

І топ. Мұқанова Т. Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады.

ІІ топ. Тулегенова Н. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар болса.

ІІІ топ. Баймаханова Т.Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз өнегелі отбасы бола алады.

IV. Педагогикалық ойын

- Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз айтасыз?

Мақтау

Ұрсу

   

(Әр ата-ана өз баласына  мақтау немесе ұрысқанда айтатын өз сөздерін жазады.)

 

Түйін сөз:

- Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.

- Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.

V. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»

І топ

1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)

ІІ топ

1) Баланы қолдап отырса .....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)

ІІІ топ

1) Бала кекшілдікте өссе .............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе ...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)

(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)

VI. «Біздің жанұя»

Қоғамда  жанұяның 4 типі болады екен. Жиналысқа қатысып отырған әр отбасының мүшелері өз отбастарыңызды қай типке жатқызасыздар?

  1. Әмірлі (авторитарлық)
  2. Демократиялық (егемендік)
  3. Бетімен жіберушілік
  4. Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Рефлексия парағы

Қай типті таңдадыңыз?

Өзгерткіңіз келе ме?

Кімнің көмегі қажет?

1

 

Иә

1) Отбасы мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің

4)Тағы кім?

Жоқ

 

 

VII. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі

«Біреулер құдайдан бала тілейді». Баланы не үшін өмірге әкеледі?

(ата-ана ойы)

— Өлсем орнымды бассын, — дейді.

— Артымнан құран оқысын, — дейді

— Қартайғанда асырасын, — дейді.

Осыдан басқа бар ма?

— Сіз қалай ойлайсыз?

— Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.

— Қандай білім алғанын қалайсыз?

— Сапалы білім

— Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?

Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау

-Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы, гүл күлтелері мен жапырақтары жатыр. Соларға  сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға қандай талаптар қоясыздар. Соны жазыңыздар?

(Әр ата-ана өз талаптарын жазған соң,тақтада көктем бейнесі шығады. )

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский

Қорытынды

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі, қиналғанда көмекшісі  болу міндеті тұр деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағым келеді.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Eskali (27.01.2015)
Көрсетілім: 1663 | Ілмек сөздер: мен, – егіз., Оқу, Тәрбие | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 43
Қонақтар: 43
Тіркелгендер: 0