Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

«Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі»

«Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі»

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

«Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі»

Тақырыбы: «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі»

Мақсаты:

Оқушыларға мұсылман халықтарының жаңа жылы 22 наурыздан басталатынын, келер жылдан күтілетін мол үмітпен бөлісу және бұл той салт-дәстүр, әдет-ғұрып нанымдарын ұмытпай қайта жаңарту мейрамы екенін баса айту.

Міндеттері:

  1. Сыныптағы балалармен ата-аналар арасында жарыс өткізе отырып, мереке екенін сездіру.
  2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнатуда оқушылардың таным қабілеттерін дамыту.
  3. Бірін-бірі сыйлауға, үлкенді құрмет тұтуға, қазақ халқының дәстүрлері мен салттарын білуге тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, талдау.

Көрнекілік: үнтаспа, күй, мерекелік сөздер жазылған плакаттар, мерекелік дастарқан.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

а) Оқушылармен ата-аналарды отырғызу;

ә) Оқушыларға бүгінгі кештің талаптарымен таныстыру;

б) Әр оқушының өзіне жауапты болуын ескертіп өту;

ІІ. Кіріспе сөз:

         Құрметті ата-аналар, оқушылар және кешке келіп отырған ұстаздар!

Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс-құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен-кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған. «Наурыз»- парсы тілінен аударғанда –жаңа күн, жаңа жыл дегенді білдіреді. Жаңа күн дегеніміз-адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші басылып, жаңа күнді қайта бсатауы. Бұл күндері бар адамзатпен бірге табиғатта «наурыз» тойын тойлайды. Аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Осы қасиетті наурыз айында Күн мен түн теңеледі. Наурыз дастарқанын мол етіп жасаса, келер жыл ырысты, берекелі болады деп болжаған. Бұл мерекені ел болып, ауыл болып тойлаған қазақ елі екі ауыл жастары бір-бірімен айтысып жатса, балалары ұлттық ойындар ойнаған. Ендеше ағайын, бүгінгі «Наурыз» мерекелеріңіз құтты болсын, бүгінгі ашық «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер. Бүгін ауыл арасында наурыз мерекесін қалай тойлайтынын тамашалап көрейік.

І-ауыл: «Абай ауылы»

ІІ-ауыл: «Ыбырай ауылы»

Ауылдарға қойылатын талаптар:

  1. Ауылын таныстыру;
  2. Салт-дәстүр көрсету;
  3. Өнер көрсету;

Адина

Наурыз келсе, құт келгені халайық,

Шынарай

Есік ашып, шашу шашып ел боп қарсы алайық.

(шашу шашу)

ІІІ. «Ауылын таныстыру»

(әр ауылдан бір адам не екі адам шығып, ауылдарын таныстырады)

Қандай қызы көктемде

Күн шуағын төккенде,

Гүл тереміз алуан,

Шығып алып көк белге- дегендей көктемдегі гүлдер өзара шаттанып Наурыз мерекесін қалай тойлайтынын тамашалаңыздар.

«Жауқызындар» биі.

  1. «Салт-дәстүр» көрсету.

Дәстүрі бар халық еш сөнбейді,

Ол қайта дараланып көкке өрлейді.

Қазағымның тәрбиесі саналатын,

Біліп жүргін, бүлдіршін дәстүріңді-демекші,ортаға ауылдардың дәстүрді насихаттауы.

(әр ауыл өзі дайындап келген дәстүрін көрсетеді)

-Келесі кезекке ауылдарымыз дайындалғанша біз ортаға осы ауыл жастарын шақырайық. Ауыл жастарының көктемге арнап әкелген қандай өлең-тақпақтары бар екен.

Анара

Көз тұнып көк майсаға,

Көңілім көктем ғана.

Малынған мол шуаққа,

Қош келдің, Көктем-ана!

Әділет

Келді көктем,

Сенбесең, далаға шық!

Сәулесі өктем,

Күн мен нұр араласып.

Аяулым

Наурыз келді, балалар.

Көктеді қыр-жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жыл деп ағалар.

Ақжол

Жеміс ағаш гүлін ашып,

Жан-жағына жұпар шашып.

Тұрған шақты көктем дейміз,

Жасыл дүние көзін ашып,

Қой маңырап, қозы қашып,

Наурызға да жеткендейміз.

Адина

Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай.

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

Балауса

Жөніміз -өкпе-назды кешіретін,

Жанымыздан самал жел есілетін.

Наурыздың батасымен жарылқанып,

Көңілдерге көктем нұрын көшіретін.

Бекзат

Көктің исі бұрқырап,

Қызғалдақтар гүл атты.

Сөндірмейік сіз бен біз,

Наурыз жаққан шырақты!

Медина

Көктем кетті көл-көсір шуақ қуып,

Қыс барады ақ тонын жиып алып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көпесін ақпанның лақтырып.

Ерасыл

Аспан ақ бұлт құрсанып,

Дала жатыр бусанып.

Наурыз келді назданып,

Бізге сыйлап, жыр-шабыт!

Шынарай

Көктем, көктем, көктемде,

Күн шуағын төккенде.

Біз жадырап, жүреміз,

Алақайлап, күлеміз.

  1. «Ақан тартыс» ойыны

- Ауылдарымыз келесі кезеңге дайындалғанша біз бір ойын ойнайық. Бұл ойын қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі «Арқан тартыс».

Ойын шарты: Ортаға тең болып ойыншылар шығады, арқанды ұстайды, белгі берілген уақытта арқанды тартады. Егер көрсетілген сызықтан асып кетсе, онда күші басым топтың жеңгені.

- Осындай керемет ойыннан кейін мен осы ауыл жастарын бірі- бірімен айтысуға шақырмақпын.

Айтыс- қазақ халқында ежелден келе жатқан сөз жарысы. Айтыстың көптеген түрлері бар. Олар «Қыз бен жігіт» айтысы, «Жұмбақ» айтысы т.б. Енді бүгін біз сіздерге осы айтыстардың ішіндегі көп таралғаны «Қыз бен жігіт» айтысын көрсетпекпіз қабыл алыңыздар.

Ақжол

Бізбен айтысқа түсіп бақ сынасар қыздар бар ма екен.

Игигай-игиай-игигай,

Ата- баба дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз,

«Айтыс» десе сәнденіп,

Қыздар іздей бастаймыз.

Балауса

Неге болмасын, біз ешуақытта қалып қойған емеспіз, жігітім.

Ей!

Біржан болып сен шықсаң,

Ақын Сараң мен болам.

Тұлпар болып сен шапсаң,

Аққу құсың мен болам.

Ерасыл

Ой, мына қыздар тіптен әнші екен, сендер бізді жай жігіт екен деп ойлап қалмаңдар.

Игигай-игиай-игигай,

Біздің сынып ұлдары,

Шеттерінен ақылды.

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап.

 

Аяулым

Қарай гор мыналарды, сендер бізден асып түсеміз деп тұрсыңдар ма, ха-ха көрерміз.

Ей!

Үй жабдығын бұл тойға,

Біздің қыздар сәндеді.

Қонақ күтіп, ән салар,

Ұлдардан қай қыз кем еді.

Әділет

Әйда, мына қыздар әнге шыңдап кіріскен тәрізді.

Игигай-игиай-игигай,

Түрлеріңнен қамшы өрсем,

Қыздарың таң қалады.

Күмбірлетіп күй шертсем-

Мында думан болады.

Анара

Ту, қарашы мыналарды тіптен даңдайсуын.

Ей!

Мақтандың ғой жігітім,

өнеріңді көрейік.

Көрсет сәнді қамшыңды,

Біздер баға берейік.

Бекзат

Сендер не бізді жаман жігіт, сөзінде тұрмайды деп ойлап тұрған боларсыңдар, пай, шіркін олай бола қоймас.

Игигай-игиай-игигай,

Тойға барам деген соң,

Домбыра ұстап жетіп ем.

Шашақталған қамшымды

Үйге тастап кетіп ем.

Медина

Е, бәсе біліп ,мына жігіттердің сөздерінің өтірік боларын.

Ей!

Қалып қойса қамшыңыз,

Тағы тойға келерсіз.

Әзірге кәне бәріміз,

Бірігіп ән шырқармыз.

Ән: «Наурыз –жыл басы»

VІ. «Өнер көрсету»

Өнер- деген әр адамда бар қасиет,

Оныда біліп жүрген бір ғанибет.

Дүйім елге көрсетсең өрнеріңді,

Шаттанып қол соғады бір бағалап.

- әр ауылдан бір не болмаса екі адамнан шығып өз өнерлерін көрсетеді.

VІІ. «Қорытынды:»

Жарыс деген аты болмаса, міне, көріп отырсыздар татулық білік, ынтымақ болса, ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық болатыны сөзсіз. ҚР Президентінің әр жыл сайын Қазақстан Халқына жолдайтын Жолдауында басын ашып айта кететін басты мәселесі татулық пен достық. Екі ауыл тату болса, тұтас бір мемелекет тату деген сөз. Әрқашанда тату болайық, дос болайық деген Елбасының алдына қойған бір мақсаты болса, ол мақсатты жүзеге асыратын мына сіз бен біз. Мерекелірің құтты болсын, ағайын. Сәбидің жүрегінен шыққан сөз орындалады. Қазақта сәби айтты бітті, ол орындалуы керек деп есептелген. Ендеше осы кішкентай сәбилеріміздің осы өсіп келе жатқан мемлекетімізге және мына жаңа жыл мерекесіне қандай бата-тілек айтар екен.

Анара

Ақ мол болсын!

Әділет

Наурыз оң болсын!

Аяулым

Қайда барсаң жол болсын!

Ақжол

Наурыз ақты болсын!

Адина

Балдырған балалар бақытты болсын!

Балауса

Ел іргесі тыныш болсын!

Бекзат

Кетпейтін бақ-ырыс болсын!

Медина

Келген жыл молшылық әкелсін!

Ерасыл

Елімізде тоқшылық болсын!

Шынарай

Бақытты, бейбітшілік заман болсын.

Хор: Әумин!

Осымен «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Барлық отбасыға көктемдей жылықты, Наурыз қарындай тазалықпен шынайылықты тілеймін. Ел іргесі аман, бейбітшілік болсын. Мереке мерекеге ұлассын, елімізде әрқашан той, қызық думан болсын.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Eskali (28.01.2015)
Көрсетілім: 1325 | Ілмек сөздер: пен, «Наурыз-, Бірлік, мерекесі», ынтымақ | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 6
Қонақтар: 6
Тіркелгендер: 0