Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

Менің жанашыр жанұям

Менің жанашыр жанұям

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Сыныбы: 5 сынып
Күні: 7.12.2013 жыл
Тақырыбы: «Менің жанашыр жанұям» отбасылық сайыс.
Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Мектеп спорт залы.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, скакалка, тақырып.
Барысы:
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
- Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Менің жанашыр жанұям» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа сыныбымыздың ата-аналары мен оқушылары қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Сайысқа қатысатын
Отбасыларды шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
1 - топ: «Садыковтар» отбасы
2 - топ: «Мухамбетовтар» отбасы
3 - топ: «Койшыбаевтар» отбасы
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз (әр отбасы орындарына келіп тұрады).

Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің сыныбымыздың оқушылары мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Қосымша білім беру педагогы: Сагидуллина Дамира;
2. Мектеп тәлімгері: Мусина Гүлназ
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Құсайынов Ералы ағай.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы:
1. «Таныстыру».
2. «Теңбілдоп»
3. «Білімді кенгуру»
4. «Кім көп секіреді?»
5. «Жерге тамған тамшылар».
6. «Әтештер қақтығысы».
7. Арқан тартыс.

1-кезең: «Таныстыру»
Шарты: әр топ өз тобының атауын, ұранын, топ мүшелерін, таныстыруын айтып өз қалауларынша айту.
Әділқазылардан 1 кезең бойынша әділ бағалары сұралады.

2- кезең: «Теңбілдоп»
Шарты: Бұл ойында топ мүшелеріне допты соғып жүгіру арқылы допты шеңберге салу тапсырмасы беріледі. Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге ортада құрылған кедергілер арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде кедергілерді құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Әділқазылардан 2 кезең бойынша әділ бағалары сұралады.
Би: «Спорттық би». Айбек, Думан,Алихан,Арсенді қарсы алайық.

3 - кезең: «Білімді кенгуру»
Шарты: Ата - анасы, баласы кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық есепті шығару керек. Ата-анасы 2 есептен, баласы 1 есеп шығаруы шарт.
Әділқазылардан 3 кезең бойынша әділ бағалары сұралады.

4 - кезең: «Жерге тамған тамшылар»
Шарты: Бұл ойында топ мүшелері қойылған 1 шелек суды ыдыспен алып, оын бастарына қойып кедергілер арқылы белгіленген мережедегі ыдысқа төкпей апарулары керек. Су мөлшері есептелінеді.
Әділқазылардан 4 кезең бойынша әділ бағалары сұралады.
Ән: Алихан мен Талғаттың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні.

5 - кезең: «Кім көп секіреді?»
Шарты: Ата - анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы секіртеді. 20 - нан асыру керек.
Әділқазылардан 5 кезең бойынша әділ бағалары сұралады.
Көркемсөз оқу: «Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз». (Жасталапова Жанбота, Асылбеков Аңсар, Бақтығалиев Айбек).

6 - кезең: «Әтештер қақтығысы»
Шарты: Әкесі мен әкесі, анасы мен анасы, баласы мен баласы ортада тұрған шеңберге сол аяғын артқа бүге ұстап белгі берген уақытта қақтығысып қарсыластарын шеңбер сыртына шығарулары тиіс. Шеңбер ішінде қалған адам жеңіске жетеді.
Әділқазылардан 6 кезең бойынша әділ бағалары сұралады.

7 - кезең «Арқан тартыс»
Шарты: Белгіленген сызық бойымен орналасқан топтар белгі берген сәтте арқанды сызық бойынан асыра өз жағына топты тартып әкеткен топ жеңіске жетеді.
Әділқазылардан 7 кезең бойынша әділ бағалары сұралады.
Ән: «Біз жанашыр жанұя» 5 сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын _______________________________ отбасы
ІІ орын ______________________________ отбасы
ІІІ орын ______________________________ отбасы

Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші, құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы:

(1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД күніне орай оздырылған мектепішілік апталықта 5 сыныпта өткен спорттық сайыс)

Өткізген: 5 сынып жетекшісі:
Құстаубаева Б.Е.

2013-2014 оқу жылы

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Құстаубаева Бақыт Ерболатқызы

БҚО, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Құстаубаева_Бақыт (21.02.2015) | Автор: Құстаубаева Бақыт Ерболатқызы E W
Көрсетілім: 1282 | Ілмек сөздер: Ме, Оқушы, н ата-аналарға | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 91
Қонақтар: 90
Тіркелгендер: 1
sayorochka77