Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

Мектебім, менің – мектебім!

Мектебім, менің – мектебім!

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Мектебім, менің – мектебім!

Слайд -1: мектеп, кешегі оқу кабинеті бүгінгі оқу кабинеті, мектеп фойесі, этаждағы жаңа безендіру бәрі слайд түрінде тақтада жүріп тұрады.

1-жүргізуші:

Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе? Шіркінай, мектеп өмірі қандай ғажап! Алты жасқа толып, алғаш мектеп табалдырығынан аттаған күн әрбір жас бала үшін үлкен мереке күні ғой. Иә, қалайша ұмыта аласың бұл күнді? Осы күннен бастап сен бір жаңа әлемге тап болғандай сезінесің өзіңді. Мектепте өзіңе дос табасың. Үлгілі, сыйлы болу, жақсы оқу – әрбір мектеп оқушысының ең басты міндеті.

1-оқушы:

Мектеп - сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп – сенсің жамандықты күйреткен.

Мектеп – сенсің жақсылықты ұран қып,

Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

2- оқушы:

Мектеп деген – білім кені, жыр кені,

Мектеп деген  - ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген – тәрбиеші адамға,

Мектеп деген – даналардың мекені.

3- оқушы:

Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім,

Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің.

Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.

Ән: Сәлем саған мектебім.

2- жүргізуші:

Мектеп... Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат. Біздер үшін өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да әр ыстық.

4-оқушы:

Оятып таңның бұлбұлын

Құстары келсе көктемнің,

Кеудеме тағып қыр гүлін

Жайнатты мені, мектебім!

5-оқушы:

Жомарт қолмен жылды аттап

Жинаса жұрт еккенін,

Алтын күзбен құндақтап

Нұрланттың мені, мектебім!

6-оқушы:

Көрсең жазғы даланың

Жұпар желі ескенін,

Жаз болғай деп жанарың

Жырғалттың мені, мектебім!

7-оқушы:

Өмір деген биіктің

Ең алғашқы өткелін.

Сездім тұңғыш, сүйіктім,

Сен – алтын менің мектебім!

1-жүргізуші:

Адам бала боп өз үйінде еркелейді, шаттанады. Содан кейінгі сен үшін жақын орта – мектебің. Ол да сенің бала қылығыңды кешіре алады.

Слайд-:2 мектеп директорлары

20 жыл ішінде  мектеп директоры болып еңбектенген жандар: Жумагулов Марат Рамазанович,Сапаров Дайыр Кадырович, Зейнеденова Балғыным Қуанышқызы, Төлемісов Орынбасар Төлемісович, бүгінгі күнде Махауова Малика Кашуковна

2-жүргізуші:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.

Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

8-оқушы:

Мұғалім – ең құрметті мамандық,

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.

Ұстаздардан азаматқа таралған

Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.

9-оқушы:

Бар тәлімін беріп елдің жанына,

Бір кездері қырауланып шашы да.

Ұстаз адам ұстаз болып қалады,

Қол соқтырып заман менен ғасырға.

10-оқушы:

Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.

Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.

Слайд-3: завучтар

1-жүргізуші:

 Осы 20 жыл ішінде мектебімізде оқу ісінің меңгерушісінің қызметін атқарған жандар: Нұрзия Орынбасаровна, Рахатов Әбдукарим Тукетаевич, Байбулова Сәру Бисембаевна, Нурмухановна Анна Сулейменовна, Мухтарова Бахыт Ахтановна, Кадыргалиева Алтын Амангельдиевна, Уксукбаев Бейімжан Адильгеревич, Махауова Малика Кашуковна, Ақдавлетова Ұлпан Хамидуллиевна, Абдрахманова Құндыз Жылқыбаевна, Каратауова Гүлзина Курмангазиевна.

11- оқушы:

Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,

Құттықтайды барша халық осы күн.

Өзің берген біліміңе қандырып

Тала ұлан шәкірттерді өсірдің.

12- оқушы:

Танимын жүзіңнен өршіген күй жалын,

Оятып ынтаны ізгілік сыйладың.

Жаныңнан жайдары жылылық сезіліп,

Халқыңнан әрдайым тек алғыс алғаның.

13-оқушы:

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен ақ шаш маңдайыңа.

Алаңсыз қуанысып шалқып жүрміз,

Біз бүгін ұстаздардың арқасында.

Слайд-4: ардагер ұстаздар

2-жүргізуші:

Мектебіміздің игі ісіне еңбегің  ардагер ұстаздарымыз: Шакупова Кенжетай Әбішовна,Илекеева Мерует Хамзиевна, Кутымбетова Сәния Хамитовна, Арыстанова Райхан Кармиуллиевна.

14-оқушы:

Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын тойларыңа тарту етем,

Күміс көмей әншіңізден сый алыңыз.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мерекелік арнауымызды қабыл алыңыздар. Ән:Ұстазым.

Слайд-5: пән мұғалімдері сабақта

15-оқушы:

Ұлпан Хамидоллақызы

Талмай ұстаз тәрбиелеп келесіз,

Мәпелейсіз, білім нұрын себесіз.

Қасиетті қайратыңызды бойдағы,

Ұрпағыңызға мұра қылып бересіз.

16-оқушы:

Келешекті кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көп шәкірттің досындай,

Гүлзина Курмангазиевна осындай.

17-оқушы:

Әділдіктің қақ жарып қара қылын,

Мінезімен ұқтырған даналығын.

Ақмарал Қалиматқызы сіз бүгін капитансыз,

Шығарып салған теңізге кемесін.

18-оқушы:

Еңбегін елі үшін аямаған,

Панаңда сан шәкіртің саялаған.

Бүгінде бәйтерексіз бойы биік,

Құндыз апа шәкірттерін аялаған.

19-оқушы:

Талай елдер айналған аты аңызға,

Жадымызда көрсеткен картаңыз да.

Жердің бетін армансыз танып білдік,

Майра апай өзіңіздің арқаңызда.

20-оқушы:

Бұл тілдің сан қырларын бағындырған,

Сабақтары біздерді сағындырған.

Егерде Злиха апай сөйлеп кетсе,

Орысыңның өзінде жаңылдырған.

21-оқушы:

Ақыл-кеңес көп қой онда ұққанға,

Ардың туын асқақ ұстап шықты алға.

Ана тілін ардақтауды үйреткен

Мың рахмет Ақгүл апайға.

22-оқушы:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.

Ақ көңіл де қарапайым қашанда,

Құрметтейміз өзіңізді Анар апай ұстазымыз.

23-оқушы:

Шара апай нұрын шашқан зейіндінің,

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Мектеп үшін еңбегін аямаған,

Дарыттың дарын оттың бейімдінің.

24-оқушы:

Қатаңдау жанар, қатқылдау тәртіп, қаттылық,

Шәкірттер оған көрсетпес мүлдем жат қылық.

Орынды жерде әзілі оның керемет,

Арайлым апай тәртіпті мінген ат қылып.

25-оқушы:

Бұл далаға хан орда орнаған ба,

Батырлары даласын қорғаған ба?

Ауызды ашып қаласың, Аянбергенқызы

Тереңінен тарихтың толғағанда.

26-оқушы:

Физиканың заңдары анық аңыз,

Сол заңдарды өмірде сан ұғамыз.

Салтанат Қайыргалиқызының

Арқасында танудамыз.

27-оқушы:

Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі,

Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі.

Шет тілімен шәкірттерін қашан да

Айнаш апай сусындатып жүреді.

28-оқушы:

Мына ғасыр ғаламтордың заманы,

Заманына ыңғайланды адамы.

Ләззат апай

Ғаламторға бейімдеуде баланы.

29-оқушы:

Шымыр ұл, ширақ қыз шынықтырған,

Спорттың әлемінен сыр ұқтырған.

Дәурен ағай арқасында үйренуде,

Өрендер қорықпауды қыраттардан.

Ән:

Слайд- 6: түлектер кеше және бүгін

2-жүргізуші:

Жандары қаламайтын аласаны

Шәкірттер алда талай бел асады.

Әлемге туған халқын танытатын

Осылар – еліміздің болашағы!

2- жүргізуші: мектепті “Алтын белгімен” бітіріп бүгінде өмірден өз орындарын тауып биік белестерді бағынырып жүрген: Иманалиева Алтын,Қадырбаева Гауһар, Ақтаев Әділхан, Рахатова Айгүл, Эльмира, Эльвира Жалғасовалар.

1-жүргізуші:

Слайд-7 Сыныптың суреті

О, ұстазым, ұстаз деген – ұлы ұғым,

Кәусарынан қанып ішкен тұнығын.

Еңбегіңе мен де  жеміс тілеймін,

Шалқып өтсін шәкіртің мен ғұмырың.

2-жүргізуші:

Тілейміз біз амандық пен бақытты,

Тілейміз біз қуаныш пен шатықты.

Білім алған ұстаз деген ұлыдан

Біздей шәкірт шынында да бақытты!

1-жүргізуші:

Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!

2-жүргізуші:

Дария судың ағыны,

Құрметтеген шәкірті.

Кешімізге риза болыңыз,

Мұғалімдер қауымы!

Хор: Ұстазым.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Eskali (28.01.2015)
Көрсетілім: 1315 | Ілмек сөздер: мектебім, Менің, – мектебім! | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 90
Қонақтар: 90
Тіркелгендер: 0