Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

Көктем жаршысы-құстар.

Көктем жаршысы-құстар.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Көктем жаршысы-құстар.

Сабақтың тақырыбы:Көктем жаршысы-құстар.

Мақсаты: Оқушыларға көктем жаршысы құстар туралы мағлұмат беру. Оның адам үшін пайдасы, олар табиғаттың бір бөлігі екендігі жайлы жан - жақты түсіндіру,ойлау қабілеттерін дамытып,қоршаған ортаға қамқор бола білуге баулу.

Көрнекілігі: Құстардың суреті,көктем мезгілінің суреттері.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Табиғат, сен-тіршілік, тұнып тұрған:

Сен-Күнсің ,көтерілген күліп қырдан,

Сен-көлсің,

Сен-ормансың,

Сен-бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

1.Ой-қозғау.

-Балалар табиғатқа нелер жатады екен?

-Жыл мезгілдері туралы не білеміз?

-Балалар көктемде неше ай бар?

-Көктем айларын атайықшы?

Наурыз, сәуір,мамыр.

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

Күн жылы болады.Қар ериді, құстар ұшып келеді, малдар төлдейді.

-Балалар , көктемде қандай мерекелер бар?

8наурыз -аналар мейрамы,22наурыз Ұлыстың ұлы күні.

-Көктемде мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?Атаңдаршы?

Көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер-бәйшешек, қызғалдақ.

Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?

 – Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?

Құстар орманда, далада мекендейді.

-Құстар ұясын қай жерде жасайды?

Құстар ұясын ағаштың басына, шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.

-Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

- Құстар құрт - құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

-Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

Құстарға ұя жасап, жем - су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

-Құстарды таспен ұрып, ұясын бұзып өлтіруімізге болады ма?

Жоқ, болмайды.

– Дұрыс айтасыңдар, торғайларға көмек көрсетуіміз керек.

Осы  құстар жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?

  1. Құстар туралы тақпақтар айтқызу.

Оқушы:Жыл құстары келді деп,

            Балдырғандар мәз болды.

            Қос қанаты желпілдеп,

             Көлге үйрек-қаз қонды.

 Оқушы: Құстар тойын құттықтап,

                Қуанамыз,қолдаймыз.

                Ұя жасап ,ұқыптап,

                 Біз оларды қолдаймыз.

                 Жылы шуағымен гүл өсіріп,

                Жыл құстарын ілестіріп,

                Көрікті көктем келді.

Оқушы:Мен торғаймын,торғаймын

             Суықтан да тоңбаймын.

             Құрт-құмырсқа,шіркейден,

             Бау-бақшаны қорғаймын.

Оқушы:Құртты іздеп інінен,

             Қарағайды үнгіген.

             Тоқылдақ-құс дәрігер,

              Қашанда ол әбігер.

Құс анасын атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Бауырмал боп бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.

 

3."Жақсы-жаман" дидактикалық ойынын ойнату.

Мақсаты: жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтау,жаман қасиет болса тыныш отырады.

-Гүлдерге су құю.

-Ағаштарды сындыру.

-Құстарға жем шашу.

-Құстардың ұясын бұзу.

-Ағаштардың түбін қопсыту.

-Гүлдерді жұлу.

-Құстарға ұя жасап беру.

-Құстарды рогаткамен ату.

Сергіту сәті:Бір,екі,үш.

                      Құстарға қарап ұш.

                      Қаз қанатын жайды.

                      үйрек мойнын созды.

                      Аққу көлге қонды.

                      Төрт,бес,алты,жеті.

                       Құстар ұшып кетті.

4." Кім шапшаң" дидактикалық ойыны.

Мақсаты:ой жылдамдығын ,кері байланыс түсінігін жетілдіру.

Ақ-қара.

Тәтті-ащы.

Ақылды-ақымақ.

Жақсы-жаман.

Оңға-солға.

Ыстық-суық.

Аппақ құс.

Ұры құс.

Қыста жауады.

Көктемде жауады.

5."Кім тапқыр" дидактикалық ойыны.

Мақсаты:жұмбақтардың шешуін табу арқылы ой-танымын кеңейту.

  1.Қыста жер бетін жабады.

   Көктемде су болып кетеді. (қар)

  2.Жүрсе де құс боп,

     Жұмыртқа тауып.

     Қусаң да "ұш" деп, Ұшпайды .... (тауық).

   3.Болмайды бізді ,

      Ешқашан ату .

      Түсіміз аппақ ,

      Атымыз ...(аққу).

   4.Үлкен үлкен түйені,

     Тастапты атам шөгеріп.

     Өркеші бұлтқа тиеді,

      Бауыры жатыр көгеріп. (тау)

   5.Таңмен көзін ашады

       Әлемге нұрын шашады.(күн)

    6.Өсіп тұрған бұл не?

     Жаз болса жайнап,

      Саясында ән салып ,

      Құстар жүрген. (ағаш)

   Сергіту сәті :Қазым,қазым қаңқылда,

                         Көлде жүзіп,салқында .

                         Жем шашайын,жейсің бе?

                          Жоқ,жоқ

                         Кәмпит тәтті,болмайды ас

                         Арпа менен бидай шаш.

 Сабақты қорытындылау .

Екі топпен сайыс өткізу.

1-топ: Үй құстары                      2-топ Жабайы құстар

1)Құстар туралы жазылған ертегі,әңгімелердің аттарын атаңдар.

2)Құстардың дауысын салыңдар.

3)Құстардың суретін салыңдар.

Жеңімпаз топты анықтап,мадақтау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Eskali (28.01.2015)
Көрсетілім: 1239 | Ілмек сөздер: жаршысы, Көктем, -құстар. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 34
Қонақтар: 34
Тіркелгендер: 0