Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

Дені сау ұрпақ- ел болашағы!

Дені сау ұрпақ- ел болашағы!

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Жансейтова Патма

Тарбие сагаты

Тақырыбы: Дені сау ұрпақ- ел болашағы!

Балтакөл 2015

Жоспар:

1. Сәлемдесу
2. Әнұран
3. Бейнебаян
4. Денсаулық жайлы оқушылардың шығармашылығы
5. Көрініс
6. Денсаулық жайлы әуен
7. Медбике сөзі
8. Бейнебаян «Нашақорлық »
9. Монолог: «Мен жастарға сенемін!»
10. "Нашақорлыққа - жол жоқ!" студенттердің жинақтаған мәліметтері
11. Нашақорлыққа қарсы ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексі
12. Қорытынды


Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу

1-жүргізуші:
Құрметті оқытушылар мен ұстаздар! «Дени сау үрпақ – ел болашағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Әнұран ойналады!

1-жүргізуші:
«Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбатта та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Жаны саудың, тәні сау» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:
Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері, өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық әлеміне» саяхат жасаймыз.
Осыған байланысты келесідей бейнебаянға назар аударыңыздар!

Бейнебаян ойналады

1-жүргізуші:
Қазақстан –демократиялы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы – адам және адамның өмірі. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

2-жүргізуші:
Қазіргі таңда есірткіні пайдалану және тазалықтың сақталуынан ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруы бүкіл дүние жүзіне тарап, СПИД індетін тудырып отыр. ВИЧ инфекциясы адамда жүре пайда болатын иммунотапшылық тудыратын синдром. 2002 жылғы тексеру бойынша СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3,8 млн.
Бейнебаян негізінде студенттердің шығармашылығын тыңдап көрелік!

Сандуғаш:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.

Данияр:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, санаңды мұң.

Эльшат:
Нашақорлық- жайылған індет,білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ ,білем.

Балжан:
Жерде жатқан шылымды,
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ,тиіспеді.

Исламбек:
Жерде жатқан шылымды,
Есек келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.

Мейрамкүл:
Жерде жатқан шылымды,
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.

Абдулгазиз:
Сол шылымды алайда,
Тауып алды Балғабек.
Алақ-жұлақ етеді,
-Сіріңкеңіз бар ма ?- деп.

Еркебұлан:
Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті.
Иіскеген жастардың,
Жан-тәнін түгел кесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі.

Барлығы:
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.

1-жүргізуші:
СПИД ауруы жер бетіндегі адамдардың басына түскен үлкен қатерлі кесел. Қазіргі таңда СПИД –тің алдын алу және оны болдырмаудың бірден-бір шарасы бұл ауру туралы әрбір адам мағлұмат, білім болу керек.

2-жүргізуші:
Егер білім болса, адам өзін-өзі қорғану, сақтану шараларын пайдаланып, бұл аруға қарсы күресу іс-шараларына қатысады. Осы тұрғыда көрініске назар аударалық!

Көрініс
(Сахнаға басы салбырап, мұңды жас жігіт шығады)

1-жүргізуші:
Ей, жас жігіт,
Жан едің сен гүл жүзді,
Солып қапсың,
Тынышыңды кім бұзды ?

Жігіт:
Өмір қатал,
Көңіліңе қарай ма ?
Душар болдым қайғыға,
Енді арылу оңай ма ?

1-жүргізуші:
Не деп кеттің?
Қандай қайғы айтқаның?
Қане отыр да
Түсіндіріп бәрін айт.

Жігіт:
Ізгілікті зұлымдыққа талаттым,
Денсаулықтың барлық алтын-асылын.
Пенделіктің орманында тонаттым,
Жастайымнан құлы болдым , қайтейін,
Наша менен арақтың.
Көрдей қара тұман жапқан көңілін,
Наша үшін қиған жастай өмірін.
Ең сорлы жан мен боламын,
Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім.

1-жүргізуші:
Жоқ, сабыр ет,
Әттең өзің жанбай жатып,
Жақын тұрсың сөнуге,
Пенделікті шалғайға айтып,
Тағдырыңмен қол ұстасып көруге,
Жетер ме екен батылың ?
Сені терең ойға таратар,
Бір әңгіме шертейін.
Тыңда, қане, жарқыным!
Саған қиянат жасағандардың әңгімесін тыңдайық .

Арақ:
Тоқта,тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып аңсары.
Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,
Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын.

Темекі:
Уа, халайық,
Маған сен.
Барлық адам өмірін,
Көк түтінге улатып,
Жүрмін бүгін
Жер - әлемді шулатып.

Наша :
Уа, халайық, қараңдар,
Көз көрмейтін сиқырым бар,
Еліктірер адамды.
Осы өнермен әп – сәтте-ақ,
Жаулап алам ғаламды!

Арақ:
Ей, адамзат, неге жүрсің серіксіз ?
Танысайық, жақындашы сен бізге.

Темекі:
Біз достыққа, әрқашанда берікпіз.

Жігіт:
Бұрын көрген секілдімін бір жерден,
Кімсің өзің, жүзің неге түнерген ?

Арақ:
Бұрын көргем дейсің бе?
Қатал сезім шекпеніне орнаған
Мені талай көрсең-дағы ұмыттың.
Тым ұмытшақ келесіңдер адамдар.
Менің даңқым көп тараған кең жерде,
Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.
Мен – Шараппын.Жаза бассаң, сүрінсең,
Шақырмай-ақ жетіп келем сендерге.

Темекі:
Жас өмірің атқан кезде таң болып,
Есіңде ме, мен де саған жолыққам.
Талай –талай бірге жүрдік серік боп,
Сонан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп қалдық сенің балғын кеудеңе.

Наша:
Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,
Кей күндері бірге жүрген досыңның,
Баянсызын сезінгенде жолықтым.

Жігіт:
Мен сол кезде әзер-әзер құтылдым ғой сендерден,
Дәрігердің көмегімен ұзақ уақыт емделгем.
Ал бүгін ше, бүгін неге келдің, сен.
Мұнда тегін жүрген жоқсың мен білем.

1-жүргізуші:
Айналаға асыл нұры шашылып,
Жетіп келді Саулық хан да асығып.
Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері,
Жан-жағына қарамай қашып кетті шашырап.

Денсаулық патшасы (Әлімжан):
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді жүгін арқалар.
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,
Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.
Ана сүті арамдықты суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді - өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
Ақылды болсаң жас жігіт,
Саулықтың сөзін тыңдайсың.

1-жүргізуші:
Хан осылай деді де, кете барды жөніне,
Жігіт қалды ойланып, борышты боп еліне.
Осы айтқан әңгімем,
Ойға салар сені де!
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға жақын болма.
Тек көзіңді жасауратпа,
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.

Оқушы:
Елім бай болсын десең,
Денің сау болсын.

Барлығы:
Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат.

2-жүргізуші:
Денсаулық адамның басты байлығы. Ортада денсаулық жайлы әуен.
Орындайтын: Манзура, Қуаныш, Айгерім

Медбике сөзі:
Елімізде мектеп жасындағы балаларға темекі сатуға болмайтындығы туралы заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігі ақиқат. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Темекі мен нашақорлық – денсаулық дұшпаны», мақсаты темекі мен нашақорлықтың құрдымға апаратын жол екеніне көз жеткізу.
«Темекі қайдан шықты?» Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «тобакко» деп атаған. Париждегі португалдық елші Жан Нико темекінің Еуропаға тез таралуына себепші болғаны сонша, темекінің адамға әсер ететін уы «никотин» аталып кеткен. 1560 жылы француздың әйел патшасы Екатирина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын туғызған. Әуелгіде емдік шөп ретінде пайдаланылған. Ресейге шет ел саудагерлері арқылы келген.
Темекінің зияны. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі тарқан адам 0, 4 - 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады.Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Нашқорлық өлім тұзағы. «Наркомания» деген гректің сөзінен шыққан, “narko” – есінен айырылып қалушылық, “mania” – құмарлық деген ұғымды білдіреді. Қазақша «нашақорлық» деп аталып жүр. Нашақорлық адамның іш құрылысын ғана емес, жүрек және қан тамырлары, жүйке асқазан мен ішек жолы, эндокрин жүйесі, бауыр т. б мүшелерді зақымдайды. «Есірткіні инемен салмасаң тәуелді болмайсың» - деп, наша түріндегі шөпті шегуге қызығатындар да бар. Бұл – арандатушылық. Қандайда болмасын әдеттің соңы адамды тәуелді етумен тынады. Есірткінің наша, кендір қурай, қарасора, марихуана деген шөптен жасалған түрлері болады. Героин, гашиш т. б деген химиялық түрлері де бар.

2-жүргізуші:
Ендігі кезекте «Нашақорлық – ғасыр індеті!» атты тақырыбында бейнебаян!
Бейнебаян біткеннен кейін студенттердің ой пікірлерін сұрау!

2-жүргізуші:
«Нашақорлыққа - жол жоқ!» студенттердіің жинақтаған мәліметтері:

"Нашақорлыққа - жол жоқ!" мәліметтер
Наркотик дегеніміз...

Манзура:
Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.

Асылзат:
Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған.

Ақбота:
Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и макатамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген. Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кеңiдi. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады

Нұржан:«Наркотик» ұғымы
Көп жағдайларда медицинада және юриспруденцияда «наркотик» ұғымы толық бір мағынаны бере бермейді. Бұл салаларда барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, наркотик ұғымына қосылады.

Ихтиер:
Мысалы, Канада және АҚШ елдерінде есірткі қатарына кокаин, каннабис және опиоидтар жатқызылған. Мағыналық жағынақ келіспеушіліктер көп болғандықтан, бұл анықтаманы олық өзіне сәйкес мағынасында атаған жөн.

Әлімжан:
Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?
Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат алу үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Демек, алғашқыда ляззат алу үшін күніне 0,1 грамм кететін болса, кейін 0,2 грамм қолдануы керек болады. Сөйтіп, дозаны бірден өсіріп алады да, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.

Розмухаммед:
Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.

Абылай:
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Асқар:
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.

Арман:
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.

Гүлназ:
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады.

Бағлан:
Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.

Жаңабек:
Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе? Неге тез беріледі?
Есірткінің қазір көп тарап отырғаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырыйды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.

Балжан:
Қыз балалар да нашаны қолданатын жиі естиміз. Оларды ауыздандыратын біреулер барма?
Адамның өз-өзінен бұзылып кетпейтіні белгілі ғой. Біреуге әйтеуір ықпал етеді. Жастардың арасында «мода» деген түсінік бар. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді. Қазір не көп түнгі клуб көп. Наркотикалық дәрілердің түрлі әсері болады. Бірулерін пайдаланса, адамның көңілі көтеріледі, үнемі қоғалғысы келіп тұрады, біреін ішіп алса шаршамайды, таңға дейін билегу бар. Әуелі осындай жеңіл түрінен бастайды, соңында бірте – бірте ақ ұнтаққа көшеді.

Ырыспай Мақсат:
ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексі: аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Қорытынды:
1-жүргізуші:
«Жаны саудың, тәні сау» атты ашық тәрбие сағатымыздың соңына келіп жеттік. Әр адам өз денсаулығын сақтай жүрулері керек. Бізге өте қымбат дүние десек те болады. Оны сақтау үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болулары керек.
2-жүргізуші:
Тәрбие сағатымызға ат салысып қатысқандарыңыз үшін өте ризамыз. Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Бүгінгі болашақ жастардың, яғни біздің қолымызда!
Елімізіді көркейту мен асқақтату біздің қолымызда жастар!

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Жансейтова Патма

ОҚО Отырар ауданы Балтакөл ауылы Ы.Алтынсарин орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Dana_Karabekova (19.02.2015) | Автор: Жансейтова Патма E W
Көрсетілім: 1365 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5908
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 68
Қонақтар: 68
Тіркелгендер: 0