Сайт учителя начальных классов
.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЫСЫҚТАР КҮНІНЕН АРНАЛҒАН  «ҰЗЫН МҰРТТЫ,  МЕНІҢ СЕНІМДІ ДОСЫМ» - АТТЫ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ОЙЫН

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЫСЫҚТАР КҮНІНЕН АРНАЛҒАН «ҰЗЫН МҰРТТЫ, МЕНІҢ СЕНІМДІ ДОСЫМ» - АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫН

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЫСЫҚТАР КҮНІНЕН АРНАЛҒАН   «ҰЗЫН МҰРТТЫ,       МЕНІҢ СЕНІМДІ ДОСЫМ» - АТТЫ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ОЙЫН                

МАҚСАТЫ : жануарларға деген балалардың ықыласын нығайту, үй  асырандыларын баптап- күтуге, оның алдындағы жауапкершілікті сезінуге, мысық тұқымдастар мен мысықтар туралы білім  қорын кеңейтуге үйрету.

БІЛІМДІЛІК:

  • Дүниетану мен биология пәндері бойынша алған теориялық білімдерін  практикалық жұмыстар арқылы бекіту;
  • Сөздік қорларына биологиялық, экологиялық жаңа сөздер еңгізу;
  • Коммуникативтік біліктілігін дамыту;
  • Пәнаралық байланысты дамыту.

 ДАМЫТУШЫЛЫҚ:

  • Есте сақтау мен көңіл бөлушілікті дамыту;
  • Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту;
  • Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.

ТӘРБИЕЛІК:

  • Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Жасөспірімдердің дамуына сыныптан тыс жұмыс арқылы қол жеткізу.

БАРЫСЫ:

Жүргізуші :  Мына жұмбақты шешсек бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыздың  тақырыбына желеу болатын кейіпкеріміздің  есімін табамыз:

Бұл аң үйде тіршілік етеді,

Бұл аңмен және бәріміз  де таныспыз.

Оның мұрты сым тәрізді ұзын,

Ол пырылдап әнде сала алады.  

Сонымен, бұл аң - ... (мысық). (Слайд №2)

Міне, біздер бүгін мысықтар туралы  түрлі деректермен білімімізді толықтырамыз. Ал ойынды бастамас бұрын біздер алдын –ала әділ қазылар алқасымен таныс болайық (әділ қазылармен таныстыру). Сіздердің тапсырманы орындауда алаған ұпайларыңызды әділ қазылар алқасы  бес балдық жүйемен бағалайды. Ал алдымызда командалар үшін  түрлі конкурстар мен қызықты сайыстар күтіп тұр. Сонымен бастаймыз!

Үй мысығы – ең ерте кезден – ақ қолға үйретілген үй  жануары. Жер бетінде мысық адамның ең сенімді серігіне айналғаны анық. Мысықтың Отаны -  Африка болып саналады. Қазір шамамен  жер бетінде 500 млн. Мысық болса , соның үштен бірі қаңғы мысықтар.

Мысықтың  орташа жасы – 10-12 жыл, бірақ мысық өзінің өмірінің соңғы жылын ғана қарттықпен өткізеді. Ал адам жанында мысық бірнеше мың жыл бойы  жүр. Сонша жыл серігі бола тұра әлі күнге дейін   мысықтың беймәлім тұстары  жетерлік . Әр түрлі  уақытта  мысыққа иелері, жалпы халық әртүрлі көзқараспен қарады. (Слайд №3)

Ежелгі Египет жерінде мысыққа зор құрмет көрсетіліп, атақ- даңқын асырды. Өрт шыққан  мезгілде ең бірінші үйден мысықты шығарып, егерде мысық өле қалса, сол үйдің адамдарының шаштары мен қастары қырылып алынған.Ал,  мысықты өлтіру сұмдық күнә болып саналған.Оның ішінде,  ұн қоймасындағы «қасиетті қарауылды» әдейілеп өлтірген адамды өлім жазасы күтіп тұрса, байқаусызда өлтіру  қомақты қаржылай айып төлеумен шектелген. Егер мысық өз өлімімен өлсе ол кезде, оны жылап-сықтап, аза тұтып, үстіне  кептірілген тышқан сеуіп жерлеген. Мұны египеттіктер мәңгілік өмірінде тышқан тіріліп, әрі қарай өмір сүреді деп сеніп жасаған.

Персидтік патша Камбиз египедтің Пилузу қаласына шабуыл жасауды жоспарлап отырып, көптеген мысық аулауды тапсырған. Қолдарына бірнеше мысықты ұстай отырып шабуылға шығады.египеттіктер бұл соғыста соғыспай-ақ беріледі, себебі  бұлай  соғысу, бірнеше күнәсіз , киелі хайуандарды өлтіру деген деп түсінеді.  Олар мысықтарды қатты жақсы көреді,тіпті Магомедтің өзі халатына ұйықтап қалған мысықты оятпай ,егер тұруы керек болса, халатын шешіп не болмаса етегін кесіп, әйтеуір оятпай, ұйқысын бұзбай кете берген. Ал 13 ғасырда Египетте бір сұлтан Каирдегі орасан зор көлемдегі жеміс бағын  мекені етіп, сонымен бірге өмір сүруіне мол қаражатты мұраға қалдырып кеткен. Бірнеше онжылдықта бұл жеміс бағында мысықтар дәурендеген. Төңіректегі барлық мысықтар түс мезгілі мен күн бата  мысықтарды тегін қоректендіретінін біліп сол баққа қарай жүгірген. (Слайд №4). Ал орта ғасырда Европада мысықтарды  түнгі беймәлім тірлігі үшін «мыстандардың  иесі»деп түсініп , торуылдаған. Оларды суға тұншықтырған,  тірілей отқа өртеген, тіпті кейде иесімен бірге жазалаған.

Ежелгі Орыс елінде тұңғыш рет мысықтар еңбекқорлығының арқасында киелі еңбекқорлар атанған. Сондықтан олар церковтің заңды тұлғалары ретінде қорғалған.

Бірнеше жыл императордың декретімен қуғында жүрген мысыққа 17 ғасырдың басында  ғана Жапонияда өзінің мейірімді атағы қайтарылды.

Міне тағы бір мысыққа байланысты көне тарих.  Жұмысы кейіндеп, саудасы жүрмей жүрген шағын шай сатушы  дүнгішектің иесіне мысықтың бейнесіндегі ескерткіш сыйлаған. Ескерткіш тіріліп,  дүкеннің есептегіш кассасында жұмыс жасайды. Бұл ғажап оқиға болып, тірілген мысықты көру үшін жан-жақтан естігеннің бәрі жүгіреді. Осы кішкентай  өлі  әрі тірі мысықтың  арқасында  дүкеншінің саудасы гүлдене бастайды. Содан бері  Жапонияның әрбір шайханасында мысық ұстау үрдіске айналған.

Бұның бәрі әрине ойдан шығарылған әңгімелер. Мысық-  таңғаларлық қасиетке ие, кәдімгі қарапайым  кішкентай аң.

 №1 - « МАҚАЛДЫ ҚҰРАСТЫР»- КОНКУРСЫ (Слайд №5)

Жүргізуші : Адамдар ерте кезден- ақ мысыққа  ғажайып,  көріпкелдік қасиетті жамаған. Алдын-ала ауа-райының, ,  түсімнің  нашарлығы туралы көріпкелдікті   мысықтың бейнесімен болжаған.  Мысық найзағайды болдырмауға,  аласапыран дауылдың алдын алуға, астықтың өнімін мол алуға, уайым мен қайғының бетін қайтаруға, қан қысымының төмендеуіне ықпал етеді деп сенген.

Ежелгі орыс елінде жаңа үйге көшкен кезде ең алғаш мысықты кіргізген. Ол   ізгі ниетті қонақтарды «шақырған». Осы әдіс әлі күнге дейін орыс халқында сақталған. Үлпек жүнді үй жануары туралы халық арасында наным-сенімдер көп. Халықтың арасында мысық мақал- мәтелдердің арасында да орын алған. Мұнда адамның асыранды жануарына деген қарым-қатынасын бейнелеген.

Қазір әр команда мүшелері  шашыраған сөздері бар конверт алып, ол сөздерден мақал – мәтел құрастырасыздар.

  • Мысық пен тышқанға ұқсап өмір сүреді. (Слайд №6)
  • Мысық  үшін тышқанның көз жасы  төгіледі. (Слайд № 7)

ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ АЛҒАШҚЫ КОНКУРСТЫҢ БАҒАСЫН БЕРЕДІ.

№2-  «МЫСЫҚ - ЖҰМБАҚТАР»  - КОНКУРСЫ (Слайд № 8)

Жүргізуші : Үй мысығының  тумасы өте көп. Мысықтың бірнеше тұқымдасы өмір сүреді. Олардың  барлығының да  ортақ белгісі бар, олар сүтқоректілер,  олардың иіс сезу, көру, есту қабілеттері өте жақсы жетілген, олар  жұмсақ жүрісті ,әрі  көз ілеспес жылдамдықтың иесі.  

Ал қазір сіздерге жұмбақ жасырамын, әр команда мүшелері кезек-кезек шешуі тиіс. Әр дұрыс жауап үшін  команда 1 ұпай алады. Егер команда дұрыс жауабын айта алмаса келесі команда дұрыс жауабын табу мүмкіндігіне ие болады.

  1. Терісінде бірнеше қара ноқаты бар,

Торда ғана сүйкімді жануар.

Мысық тектес болса да,

Қауіпті жыртқыш жануар. ЛЕОПАРД (Слайд №9-10)

  1. Құлағы үшкір тікірейген,

Тигрден сәл –сәл  кішірек,

Мысықтан бірақ ересек,

Ызаланса кекшіл бәрінен. СІЛЕУСІН (Слайд №11-12)

 

  1. Тоны алабажақтан ,

Мұрты  тікірейген.

Суды пайдаланбаса да ,

Дамылсыз жуынуды білген. ЖОЛБАРЫС (Слайд №13-14)

  1. Бар екен бір айуан көпке таныс,

Мекені жүрер оның тау мен қамыс

Бұл өзі ойласа көп ,шапшаң ,епті

Жүректі бір айуанға қойса бетті.

Қайтпайды жара алмаса не өледі,

Өлмесе тынбайды ол алмай кекті. ЛЕОПАРД (Слайд №15-16)

  1. Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,

Басынан өткізеді әрбір істі. АРЫСТАН (Слайд №17-18)

  1. Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза. МЫСЫҚ (Слайд №19-20)

  1. Мұрты бар , иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киерінде шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп- шығар сапары жоқ. МЫСЫҚ

(Слайд № 21-22)

  1. Денесіне қапталған,

Сырты түбіт тоны бар.

Дыбыссыз кіріп- шығады,

Бүкірейген жоны бар. МЫСЫҚ (Слайд № 23-24)

ӘДІЛ  ҚАЗЫЛАР  АЛҚАСЫ  КОНКУРСТЫҢ  БАҒАСЫН  БЕРЕДІ.

 

 

 

 

 

 

 

         «МЫСЫҚТЫҢ ТҮСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ  МІНЕЗІНЕ СИПАТТАМА» - СЛАЙД  КӨРСЕТУ

№ 3 . «БІЗ МЫСЫҚТЫҢ ТІЛІН ТҮСІНЕМІЗ БЕ?» -  КОНКУРСЫ (Слайд №27)

 

Жүргізуші : Балалар  экранға назар аударып, қазір көрсетілер белгілерді түсінесіздер ме екен соны тексеріп көрейік.(Слайд № 28)

  1. Құйрығын тікірейтіп, жон арқасының жүні күжірейсе.(ашулы күйі)
  2. Мысық мейірімдене мяуласа (көңіл – күйі өте жақсы болғаны)
  3. Мысық дамылсыз мяуласа (Сізді қарсы алып тұр немесе бір нәрсені қажет етуде)
  4. Мысықтың аяғынан түргелуі (бір нәрсе қажет немесе рахмет айтқаны )

ӘДІЛ  ҚАЗЫЛАР  АЛҚАСЫ  КОНКУРСТЫҢ  БАҒАСЫН  БЕРЕДІ.

Жүргізуші: Халық арасында «Егер жолыңды қара мысық кесіп кетсе, жолың болмайды» - деген ұғым бар. Бірақ барлық ырым-тыйымдардың барлығы тек жақсылық үшін деп ойлап, ырым-тыйымдарға сене бермеуге болмайды.

 ХАЛЫҚТЫҢ АРАСЫНДАҒЫ МЫСЫҚ ТУРАЛЫ НАНЫМ- СЕНІМДЕР.

  • Мысық жуынса – ауа- райы өзгереді.
  • Мысық еденді тырналаса – қыста боранға, жазда- жаңбырлы желге.
  • Тұмсығын бауырына тығып ұйықтаса – аязды күнге.
  • Құйрығын бұлғаңдатып жүрсе – дауылға.
  • Егер еденде ұйықтаса – тамылжыған жылы күнге  көрінеді.

   МЫСЫҚТЫҢ БІРНЕШЕ   ЖАНАМА АТАУЫ (Слайд № 30)

Әлемде бірнеше мағына беретін сөздер, заттар бар екендігін білеміз, олай болса ,  мысықтың  атына да бірнеше теңеу айтылады екен.

  • Мысық – мысық тұқымдастардың ішіндегі үй жануары.
  • Мысық – 3-5 ілмек тырнақты жануар
  • Мысық- қамшы құйрықты жануар
  • Мысық- басқан ізі білінбейтін жануар

«Мысықтың» сан алуан  теңеуін ести отырып, барлық мысық тұқымдастарға деген құрметіміз артады деп ойлаймын.

№4. «МЫСЫҚТЫҢ  ПОРТРЕТІ» - КОНКУРСЫ. (Слайд № 31)

Жүргізуші : мысық тұқымдастардың сан алуан түрлерімен таныстық.

Олар сан алуан керемет екенін білдік. Әр команда 10 бөлікке бөлінген мысықтың суретін алып, оны құрастыруы тиіс. Тапсырманы тез әрі тиянақты орындаған команда ұпайын толықтырады. (Слайд №32)

 

ӘДІЛ  ҚАЗЫЛАР  АЛҚАСЫ  КОНКУРСТЫҢ  БАҒАСЫН  БЕРЕДІ

 

 АЛ ҚАЗІР СІЗДЕРГЕ БІР ҚАҢҒЫ МЫСЫҚ  ТУРАЛЫ ОҚИҒАНЫ БАЯНДАП БЕРЕЙІН.(Слайд №33)

1996 жылы 29 наурызда гаражда өрт болыпты. Өрт сөндіруге келген өрт сөндірушілер, көзі, тұмсығы  күйген  мысықтың дамыл таппай біртіндеп балаларын далаға  аман-есен тасып алғанына  куә болғандарын жарыса хабарлайды. Ол мысық қою түтіннің ,жанған  оттың ортасына  бір емес, тура бес рет кіріп – шыққан. Мысықтың  қамқорлығы , өрттен балаларын жанталаса шығаруға ұмтылуы – баласын қорғауға ұмтылған жер бетіндегі аналарға ғана тән түйсік екендігін  аңғарамыз.

Өрт сөндірушілердің бірі – Дэвид Джианелли, мысықты балаларымен бір қорапшаға абайлап салып, орналастырғанда : көзі жарақаттан ашылмауға айналған мысық , балаларын түгелдеп санап,  тұмсығымен түртіп тірі , түгел екендіктеріне көз жеткізген. Міне, сонан кейін ғана есінен танып қалған.

Дэвид мысықтарды , барлық жануарларды қорғаубөліміндегі «Лига» орталығындағы жануарлар емханасына  тапсырады. Он жылдан кейін әлгі өрт сөндіруші , сол орталыққа  өрттен  құтқарылған итті емдетуге апарады. Сол жерде ол мысықтың қалай құтқарылғанын , қандай ем-дом жасалғанына куә болады.

    Ең бірінші мысықты терапия бөліміне, ауа толтырылған камераға орналастырады. Себебі жануардың жүні,аяғы күйіп, көзі ісіп, құлағы жарақаттанған. Бұл мысыққа «Унесенные ветром» киносындағы басты кейіпкердің құрметіне және күйген жүнінің арасынан көрініп тұрған қызыл ноқаттарына  байланысты Скарлетт деп  атаған. Біртіндеп мысықтың көзінің көру мүмкіндігі қайтады, тек бір қабағына ота жасалады. Оның үстіне күніне үш мәрте көзіне май жағу жұмысы да жасалады, ақыры Скарлеттің денсаулығы қайта қалпына түседі. «Мен жүні күйген мысықты сұмдық көріксіз болады ғой деп күтіп отырсам, бірақ ол сұлу болып шықты ғой»,- депті Карен  деген  жаңа иесі. Мысық Кареннің үйінде 10жылдан артық өмір сүреді. 2008 жыл 11 қазан күні Скарлетт Кареннің қолында тыныш ұйқы құшағында жатып  ақ көз жұмады. Теңіз жағалауындағы «Лига» жануарларды қорғау  орталығы Скарлеттің өмірі барысында ем-домдық қаражатын көтеріп өткен. «Лига» орталығы  жануарлардың өміріне араша түскен адамдарды марапаттау үшін  Скарлетт атты награда тағайындайды. Сол награданы алғашқы болып  11 қыркүйектегі Катрин ураганына қатысқан иттер марапатталған. Сонымен бірге Скарлеттің өзі де көзі тірісінде, батырлығы, адалдығының құрметіне осы құрметпен марапатталады, және британдық Корольдік  ұйым жануарларға қарсы қатыгездікті болдырмауға шешім қабылдады.

№ 5 – КОНКУРС «МҰРТТЫ КИНОЖҰЛДЫЗДАР» (№34 Слайд)

 

Жүргізуші : Енді  ерекше кроссворд шешу конкурсын бастаймыз, корссвордтың талабы киножұлдыздары атанған мысықтардың есімдерін табу. Сайыстың ұзақтығы 3 минут. Ең жоғары ұпай 5 балл.

  1. Бұл мысық – экран әлемінің жұлдызы,

Ақылды, пысық және жарық жұлдызы.

Ауылшаруашылық саласында

Қабілеті оның тым ірі. (МАТРОСКИН)

  1. Оның ең сүйікті сөзі «Ребята, давайте жить дружно!» (Леопольд )
  2. Бір күні бір мысық

Құрыпты билік орманда.

Бұл қалай болғаны?

Түлкіні қалыңдыққа алған мысықтың

Әкесінің аты кім еді ? (КОТОФЕЕВИЧ)

  1. Америкалық мультсериалдың басты кейіпкері кім? (ТОМ)
  2. Ал мына   кейіпкер кім:«который пугает и ловит синицу, которая в тёмном чулане хранится, в доме, который построил…» .     (ДЖЕК)
  3. Мыстан мысықты жеңген патшаның күйеубаласы атанған кейіпкер, осы шығарманың авторы кім? (ШАРЛЬ ПЕРРО)
  4. «Ну погоди» мультфильмінің режисері  ерекше мысық  фамилиясы екен? Ол қандай  фамилия ?

(КОТЕНОЧКИН  ВЯЧЕСЛАВ  МИХАЙЛОВИЧ)

5 Әріптен тұратын тышқан аулағыш құралдың орысша атауы (КОШКА) (слайд № 35)

                                      

               

МЫСЫҚТАРҒА ЕСКЕРТКІШ  (слайд № 36)

Мысықтардың адамдар алдындағы еңбегі орасан зор. Соның ішіндегі ең атаулысы , ол «адамдарды кемірушілерден қорғау».Мысықтардың  адамдар арасында  еркін өмір сүруі осы тірлігінің арқасында әлі де жалғасуда. Мысықты адамдар мінезіне,қылығына қарай жақсы көріп серігі етіп ұстайды. Иттерге ескерткіштер адалдығы  мен сенімділігі үшін орнатылса, ал мысықтарға сүйіспеншілігі үшін орнатады. (слайд № 37)

 

  1. Осындай ескерткіштердің бірі Санкт – Петербург қаласындағы Кіші бақ көшесінің бойында орналасқан Елисеевский атты ғимаратының алдындағы дүкеннің жанында Ленинградтық блокадаға арналған «Кошка ВАСИЛИСА» деген ескерткіш орнатылған.  Сол соғыс  жылдары жаумен бірге атжалмандарда (Крыса) шабуыл жасаған. Сол аштық кезінде қала халқы барлық мысықты жеп  көзін құртып тастағандықтан, атжалмандарға қарсы тұруға адамдардың әл- дәрмендері жетпеген. Сондықтан 1943 жылы Ленсоветте Ярослав облысынан 4 вагон мысық әкеліп Ленинград қаласына жіберуге шешім қабылданды. Қала халқы мысықтардың қадірін қатты сезініп, оларды аса құнды азық-түліктеріне айырбастап алған. (слайд № 38)
  2. Келесі ескерткіш ТУТТИ атты мысыққа деген фин ақыны Эдит Ирене Сёдергран(1892-1923) құрметінің арқасында тұрғызылады. Ол қоладан құйылған ескерткіш мысық иесін күтіп отырған кейпін ақынның 100 жылдығы құрметіне орнатылған. Бұл ескерткіштің орнатылуының 2 түрлі себебі бар дейді, біріншісі, көршісі ақынның мысығын атып тастаған десе, екіншісі, иесі өлгеннен кейін моланың басында қайғыдан қан жұтып өлген делінеді. (слайд № 38)
  3. Санкт – Петербург қаласында мысық- ескерткіштер өте көп. Оның бірі мемлекеттік университеттің алдына орналастырылған. Ол академик Ран Александрович Ноздрачевтің құрметіне орнатылған. Себебі, академик «... біз мысықтарға алғашқы физиологиялық ашылулардың құрбаны болып, әлемге жағымды жаңалық сыйлағаны үшін борыштымыз»- деп аяушылық білдіргенінен туған игі іс. (слайд № 39)
  4. Бұл ескерткіш Киев қаласында Пантелеймон мысығының құрметіне орнатылған. Ол қола мысық Киевтегі тарихи орталықтың ортасында Алтын қақпаға қарама-қарсы саябақта қоладан құйылған. Мүсіннің авторы – Богдан Мазур. Ескерткіштің қойылу себебінің кейіпкері Пантюша атты мысық, Алтын қақпа мейрамханасында адамдар мен қызметкерлердің керегіне жарап, тілін таба білген ол мейрамхана өртенгенде иіске тұншығып, ерлікпен қаза тапқан. Көп ұзамай мейрамхана иесінің достары қоладан құйылған, құйрығы мен құлағын алтыннан жалатып жасалған жасанды мысық қала тұрғындарының барлығының көңілінен шыққан. Себебі , мысықтың құлағы мен құйрығынан  сипап, аяғының астына тиын тастасаң барлық арман- тілектерінің орындалуына  себеп болады деп сенген. (слайд № 39)
  5. Англияда виски шығаоратын заводтың алдында өз өмірінде 30мыңдай тышқан аулап, Гиннестер кітабына енген Таузер атты мысыққа ескерткіш орнатылған. (слайд № 40)

 

 

 

  1. Воронеж қаласында мультфильм кейіпкері Лизюков көшесінің тұрғыны көңілді мысыққа  арналған ескерткіш бар. Ескерткіште мультфильм кейіпкерлері мысық пен қарға ағаштың басына шығып, өткен-кеткенге күлімсіреп қарап отыр. (слайд № 41)

 

  1. Санкт- Петербург қаласында «Матроскин мысығына» арналған «Тельняшкадағы мысық» атты ескерткіш орнатылған.

 

ӘДІЛ  ҚАЗЫЛАР  АЛҚАСЫ  КОНКУРСТЫҢ  БАҒАСЫН  БЕРЕДІ, ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАЙДЫ.

Жүргізуші : Сайысты мына орыс  ақындарының мысықтарға арнаған шығармаларымен қорытындылағым келеді:                                    (слайд № 42)  

«Бездомная кошка»

Однажды я встретил бездомную кошку:                    

 - Как ваши дела?

 - Ничего, понемножку…

 - Я слышал, что Вы тяжело заболели…

 - Болела…

 - Так значит, лежали в постели?

 - Лежала на улице много недель –

Бездомной мне некуда ставить постель.

Подумал я: «Странно, что в мире огромном

Нет места собакам и кошкам бездомным».

 - Вы слышите, кошка? Пойдёмте со мной –

Темнеет, а значит, пора нам домой!

Мы шли с ней по улице гордо и смело –

Я молча, а кошка тихонечко пела.

О чём она пела? Возможно о том,

Что каждому нужен свой собственный дом.

                                                                          А.Дмитриев

Жүргізуші : әрине балалар, барлық адамдар мен бірге жер бетіндегі жануарларға да үй қажет. Әр жануардың өзінің үйі бар. Жабайы аңдардың үйі – орманда, ал, үй хайуанаттарының орны адамның жанында. Сіздер мысықтың не болмаса күшіктің баласын үйге бағып, қолға үйретсеңіздер, артынан оны далаға қаңғытып жіберуге болмайды. Олай болса тағы бір өлең оқиық: (слайд № 43)

Всё мяукал котёнок            

Во дворе под кустом.

Всё хотелось котёнку,

Чтоб позвал кто-то в дом.

Вдруг с куста одинокий

Прошуршал жёлтый лист –

Показалось котёнку,

Что позвали: «кис-кис».

Замирая от счастья,

Он помчался на зов,

Только дверь оказалась

Заперта на засов.

    Г. Мельникова

Жүргізуші :  Бұл көңілсіз өлең. Асыранды мысығың не күшігің осы мысықтың күйін кешпесін десеңіздер, оларды тамақтандырып, күтіп,баптап  жағдайын жасаңыздар.

Естеріңізде А де С. Экзюперидің «Біздер кімді қолға үйретсең , соны алдында жауаптымыз»- деген сөзін ұмытпайық.

 

Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

ID: 9035 | Просмотров: 2721