Сайт учителя начальных классов
.
«Анам және Мен»

«Анам және Мен»

«Анам және Мен»

  Мақсаты: Жанұядағы ана мен қызы арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Өнерлерін ортаға салу.

Көрнекілігі:  «Анам және Мен»  слайд, плакат. 
 

Жүргізуші:


Ардақты  ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сутің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

 

Ержеткізіп елге берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың,

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме анашым

 

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


       Қош, келдіңіздер!  Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса  бүгінгі 1 ә сыныбында болғалы отырған «Анам және Мен» - атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық   «Өзбек биін». -  дей отырып сынып бишілерін ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып – дей отырып сайысты бағалайтын әділ қазылармен таныс болыңыздар:

  1. Тәлімгер – Зоя апай.
  2. Логопед – Гулжазира
  3. Бастауыш сынып мұғалімі – Самарбай Гулмаржан

 

Жүргізуші: Енді сайысқа қатысушы анасы мен қыздарын ортаға шақырайық.

  1. Анасы – Бақыт, қызы – Риза.
  2. Анасы – Бақытгүл, қызы – Аяулым.
  3. Анасы – Әнсара, қызы – Мадина.

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

  1. Тегін білген тектілік. Таныстыру. (анасы мен қызы өздерін таныстырады)
  2. «Он саусағың майысып, шебер болар ма екенсің?» қолөнер сайысы.  (анасы қазақтың оюын ояды, қызы түрлі түсті қағаздан аппликация жасайды)
  3. «Таза мінсіз асыл сөз, су түбінде жатады» - білімді тексеру сайысы. ( салт-дәстүрге байланысты аналарына сұрақтар қойылады)
  4. Өнерліге өріс кең. (өз өнерлерін көрсетеді)
  5. Дәм думан. (анасы дайындап әкелген асын таныстырады, қызы анасы жайлы шығарма жазып әкеліп оқып береді)
  6. Қортындылау.
  7. Марапаттау.

Жүргізуші:

1бөлім

Келе жатқан мәңгілік дара салтым.

Мақтанышым, елдігім, парасатым.

Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,

Өміріме өң беріп жарасатын, дегендей бірінші сайысымыз «Тегін білген тектілік»  таныстыруды бастаймыз.

  • Қазылар алқасына сөз.

2бөлім

 Халқым әркез мән берген қолөнерге,

Тәнті болып, сүйсінген хас шеберге.

Қолдан келген өнерді аямағын,

Көрсет қане, барыңды бұл бөлімде – дей келе «Он саусағың майысып, шебер болар ма екенсің?»  атты қолөнер сайысын тамашалайық.

  • Біздің сайыскерлердің жұмысы дайын болғанша осы сынып оқушыларының аналарына арнаған өлеңдері бар екен соны оқуға рұқсат етіңіздер.

 

Қазылар алқасына сөз.

3бөлім

Өзінің алғырлығын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында

Түседі бәсекеге білімділік – деп сайысымыздың үшінші бөлімі сұрақ-жауап сайысын бастайық.

         Сайыскерлер дайын болғанша сынып оқушыларының ән шашуын қабыл алыңыздар. Ән «Ақ мамам».

  1. «Бастаңғы» - деген дәстүрдің мағнасын түсіндір?

«Бастаңғы» - жастардың ата-анасы үйде жоқ кезде өздерінің қатарларын шақырып,  ұсынатын тағамы. Үлкендер жол жүріп кеткен кезде ауыл жастары сол үйге жиналып, бастаңғы жасайтын болған. Ән айтылып, ойын-сауық құрған.

  1. «Байғазы» - деген қандай дәстүр?

«Байғазы» - деп балалардың, жастардың жаңадан сатылып алынған заты немесе киіміне берілетін сыйы.

  1. «Шілдехана» - деген қандай дәстүр?

Жаңа туған нәрестеның құрметіне ауыл үлкендерін шақырып жасалатын тойды шілдехана деп атайды.

  • Қазылар алқасына сөз.

4бөлім

Біздің халық өнерпазға бай халық,

Әнші депте биші деп те айталық.

Талаптары таудай екен бүгінгі

Өнерлеріңді паш етіңдер, байқалық – дей отырып сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

  • Бұл бөлімнің бағасын беру үшін әділ-қазыларға сөз береміз.

5бөлім

Соңғы сайыс келіп жетті «Дәм думан»

Бұл мереке мәресіне таянған,

Көрсетіңдер бар өнерді аналар,

Бұл бөлімде барынша енді аянбаң – деп соңғы сайысымыз «Ас мәзірі» бөліміне берейік. Анасы дайындап әкелген асын таныстырып, қызы жазып әкелген анасы жайлы щығармасын оқып берсін.

  • Қазылар алқасына сөз берейік.

 

  • Марапаттау.

Ән :  « Анама »  сынып әншілері.

Жүргізуші:

Аналар, қалқап бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен сайысымызды аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Анам және Мен» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

ID: 8897 | Просмотров: 2583