Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

«Ақпараттық калейдоскоп»

«Ақпараттық калейдоскоп»

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

«Ақпараттық калейдоскоп»

Тақырыбы: «Ақпараттық калейдоскоп»

Мақсаты: пәнге қызығушылығын арттыру, тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа, ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Типі: қайталау сабақ.

Жабдығы: таратпалар, Касперский оқтары, шарлар, іздер, пернетақта.

Әдіс – тәсілі: топтық жұмыс, СТО элементтері.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды екі топқа бөлу;

б) оқушыларды сайыс шарттарымен таныстыру.

 

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. «Синонимдер» сайысы. Шарты: кесте түрінде таратпа беріледі, берілген сөздердің синонимдерін табу.

І топ

 

Дисплей

Монитор

Процессор

Жүйелік блок

Лазерлік диск

CD

Себет

Қоржын

Деректер

Мәліметтер

 

ІІ топ

 

Винчестер

Қатқыл диск

Тышқан

Маус, тінтуір

Меңзер

Курсор, жүгіргі

Іске қосу

Бастау, пуск

Жетектегіш

Сілтеуіш

 

  1. «Барлығы керісінше». Шарты: сөздер керісінше жазылады. 1 дұрыс тіркеске 1 ұпай.

І топ: кіліке уатдок (екілік кодтау), қыттарапқа ретсецорп (ақпараттық процестер), уанас ісейүж (санау жүйесі), шіуетпесе акинхет (есептеуіш техника), злрач ждиббэб (Чарлз Бэббидж), намрег тиреллах (Герман Холлерит).

 

ІІ топ: қыднорткелэ ралапмал (электрондық лампалар), уанас ысанишам (санау машинасы), уатдок ісетсек (кодтау кестесі), ралротсизнарт (транзисторлар), ада сйелвал (Ада Лавлейс), зелб ьлаксап (Блез Паскаль).

 

  1. «Абайла, ВИРУС». Шарты: вирустарды Касперскийдің садағымен алыс қашықтықтан атып түсіру керек. Тиген садақ оғының саны ұпай саны болып есептеледі. Бірақ ататын жебені, есепті шешіп алу керек. Есептер үрленген шардың ішінде, 30 секундта жарып есепті табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа Касперскийдің жебесі беріледі.
  2. Дәрігер тұмауратқан адамға 4 дәрі беріп: «Әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз», - деді. Дәрілерді ішіп бітіруге оның қанша уақыты кетеді? (2 сағат)
  3. Қаз бір аяғымен тұрса 12кг болады, ал екі аяғымен тұрса қанша кг болады? (12)
  4. Автобуста 4 жолаушы бар. 1 аялдамадан 2 жолаушы мінді, 2 аялдамадан 1-еуі түсіп, 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп, 2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп, 1-еуі түсті, сонан соң 5-еуі түсіп, 4-еуі мінді. Автобус неше аялдама жүрді. (5 аялдама)
  5. Әртіс Сұлтанның мойнына әйелі Майра, екі ересек қыздары – Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары – Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады. Цирк әртісінің мойнында неше адам отыр? (6 адам)
  6. Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды? (9 қой)
  7. Сіз Астанадан Анкараға ұшатын ұшақтың ұшқышысыз. Ұшақ Астанадан Анкараға 2 ауысым жасап ұшады. Ұшқыштың жасы нешеде? (Жауап берушінің жасына тең)
  8. Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады. Қай айда 28 саны бар? (барлық айда 28 саны бар)
  9. Қолдарыңда 10 саусақ бар, 10 қолда қанша саусақ бар. (50 саусақ)
  10. Жапониядада 7 қазан күні бар ма?
  11. Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін неше рет қысу керек? (11)

 

  1. «Тұңғиықтағы іздер». Шарты: топтан бір ойыншы шығып әрбір ізді баса отырып сұраққа жауап беру керек. Егер жауап бере алмай қалса, екінші топтың ойыншысы жалғастырады. Барлық ізді басып шыққан команда жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

  1. Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі. (йоттабайт)
  2. Дискеттің сыйымдылығы сантиметрмен өлшенеді ме? (жоқ)
  3. Компьютердегі барлық ақпарат не арқылы кодталады? (0 және 1)
  4. 4 байт 32 бит деген тұжырым дұрыс па? (иә)
  5. Дербес компьютердің әліппесі 33 символдан тұрады ма? (жоқ)
  6. Кез келген ақпараттық процесті ата. (сақтау, жіберу, алу, өңдеу)
  7. 8 биттен тұратын код. (байт)
  8. Ақпарат сөзінің орысша баламасы қандай? (информация)
  9. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу деген не? (кодтау)
  10. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс. (сигнал)

 

  1. «Жекпе – жек». Шарты: кез келген сөз беріледі, топтың басшысы берілген сөздің соңындағы әріпке информатикаға қатысты сөздерді айту керек. Ең соңғы сөзді айтқан топ басшысына 1 ұпай беріледі. Мысалы: білім – монитор – робот – транзистор...

 

  1. «Адасқан әріптер». Шарты: қорапшада әріптер беріледі. Осы әріптерден құралған сөздерді табу керек.

Берілетін әріптер: компьютер, код, килобайт, ақпарат, бит, тышқан, пернетақта, құлаққап, интернет, информатика.

 

  1. «Мадақтау» сайысы. Шарты: топқа 5 минут уақыт беріледі. Осы уақытта информатика терминдерін пайдаланып әділ – қазыларға мадақтау сөздерін айту керек. Мысалы: сіздің көзіңіз сұйық кристалды монитор сияқты жарқырайды...

 

  1. «Кім жылдам?». Шарты: шашылған пернетақтаны жинау керек. Тез және дұрыс жинаған топ жеңеді.

 

ІІІ бөлім. Қорытынды. Екі топтың ұпайларын есептеп, жеңімпаздарды марапаттау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Eskali (26.01.2015)
Көрсетілім: 959 | Ілмек сөздер: калейдоскоп», «Ақпараттық | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 16
Қонақтар: 16
Тіркелгендер: 0