Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Өзін-өзі тану

Жанашырлық- жанға қуат

Жанашырлық- жанға қуат

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Жанашырлық –жанға қуат

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»  ММ

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Дүйсалиева Айкөңілдің  6 «Ғ »

сыныбына арналған өзін-өзі тану  пәнінен қысқа  мерзімдік ашық сабақ жоспары

 -күн

       26.01.2015ж       

    сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жанашырлық –жанға қуат

Ресурстар:

6-сынып оқулығы, интерактивті тақта , маркер, стикерлер, Білім ағашы суреті плакат,А3, А4, ресурстар.

Мақсаты:

Оқушыларға  жанашырлық  туралы түсінік  беріп, олардың  бойында  жанашырлық  сезімдерін дамыту.

Міндеттері:
- оқушыларға  жанашырлық  ұғымы  туралы түсінік  беру;
-  оқушылардың  бойындағы  сезімталдық,  қамқорлық,  жанашырлық  сезімдерін  дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды  ниеттес,  тілектес,  сыйлас  болуға  тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:

· жанашырлық туралы білімдері толығады.

· Оқушы  жеке  өз  бетімен  жұмыс  жасайды, пәнге  деген   қызығушылығын,    

    жауапкершілігін   арттырады.

· Сұрақтарды талқылауға  қатыса  алады, бір – бірін  тыңдай  біледі;

· Жалпы  ой – өрісі  дамып,  сабақтың  тәрбиелік  мәні  ұлғаяды.

· Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы     

   дамиды.

Негізгі идеялар

Жаңа сабақты меңгерту. Бірлескен топтық  жұмыстың тапсырманы қорғау кезіндегі ынтымақтастығы

Тапсырмалар

1. Үйге тапсырма

Жанашырлық  әңгімесі (Қ.Толыбаев)

Пікірлесейік ,ойланайық.

1.Жанашырлық танытудың мәні неде?

2.Жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Жанашырлық парыз ба, әлде міндет пе?

4.Айналаңа не үшін жанашырлық танытар едің?

5.Жанашырлық таныту барлық кезде керек пе?

6.Жанашырлықты тек сөзбен ғана көрсету керек пе?

7.Бауырмалдық дегеніміз не?

8.Қамқорлық жасау деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.  Диалогтық оқыту 

 

3 –тапсырма топтық тапсырма орындайды.

Жанашырлық және      Жомарттық сөздерінің ортақ ұқсастықтарымен айырмашылықтарын табу.

7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

5-модуль Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Назар аудар!

Басына іс түскен адамдарға жанашыр бола біл. Жанашырлықты сөзбен ғана емес, іспен де, мінез-құлықпен де таныту қажет -       ең бастысы осы.

                                                         В.А.Сухомлинский.

Ниеттес, тілектес, сыйлас адамдардың бір-біріне деген ниеттестігі мен тілектестігін білдіретін көңіл күйі жанашырлық болып табылады.

Сонымен қатарадамдарға қиын жағдайда тап болған кезде қамқорлық көрсету, жәрдем беру де жанашырлықтың іс жүзіндегі көрінісі.

 

Дәйексөз

Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің.

                                                            Халық нақылы

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу.

  І топ. Жанашырлық  

  ІІ топ. Жомарттық

 

1-модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 3 минут

Топ ережесін бекіту  2 минут

1.Мұғалімге бағыну

2.Бір –бірін тыңдау

3.Тыныштықты сақтау

 

2-тапсырма. «Мағынаны ашу» мәтінмен жұмыс

Оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында  берілген оқу  мәтінмен жұмыс  жасауда  мәтін соңында  сұрақтар басшылққа алынады.
- Арноның өз өміріне риза болмау себебі неде?
- Арноның жүрегін жылытып, өмірге басқа көзқарасын  өзгерткен қандай жағдай?
- Арно неліктен өмірге басқа көзқараспен қарай бастады?                        - Арно жан рақатын қалай тапты?

4-тапсырма.

  «Жағдаяттарды талдау   «Ойлан, ақылдас, бөліс»

І топ

Жұмыстан келген анасы ұлына: -Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?-деді.

-Жата беріңіз,-деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.

Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді.

Ұлы орнынан салдыр-күлдір еткізіп ренжи тұрды да, үн-түнсіз оның өтінішін орындады.

(В. Воробьев)

                                              ІІ топ

Мен қалада оқитынмын.Үйіме ай сайын келіп тұратынмын.Өйткені шешемнің денсаулығы нашар еді.

   Бір күні үйге келдім.Менің келгеніме анам қуанып төсегінен тұрды,су жылытып үлкен легенге құйды да:

-Жуынып ал, балам, -деді.

Мен жуынып болған соң үстел жанына келіп отырдым да,қызықты кітапты алып оқи бастадым.

    Бір кезде аяғымды жуған суды төгуді ұмытып кеткендігім есіме түсті. Келсем леген бос тұр.Суды төгіп келген шешем шаршап, демін әрең алып отыр екен...

(В.А.Сухомлинский)

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау. 

Сергіту сәті

Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз аттарыңды атап өзіңнің жақсы қасиеттерің туралы кезек-кезек айтып беріңдер.

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта 3минут

 

5- тапсырма. Қорытындылау. Кел, ойнайық!

 

 

Топтар берілген сөздерге өз ойлары туралы түсінік береді.

 6 минут

7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау. 

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

 

 Кейінгі тапсырма

 Үйге тапсырма: Жанашырлық –жанға қуат.

Жанашырлық туралы мақал –мәтелдер жаттап келу.

Бағалау

Мадақтау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы .

Кері байланыс

Жүректен жүрекке

Балалар жаңа сабақтан алған рухани- адамгершілік құндылықтар туралы әсерлерін  кішкентай жүректерге жазып, үлкен жүрекке орналастырады.

       

 

 

 

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Дуйсалиева Айконил Бегейбаевна

Маңғыстау облысы "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Өзін-өзі тану | Қосты: Aikonil64 (16.02.2015) | Автор: Дуйсалиева Айконил Бегейбаевна W
Көрсетілім: 1500 | Ілмек сөздер: жанға, Жанашырлық, Қуат | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 60
Қонақтар: 59
Тіркелгендер: 1
Жаксимбетова_Зарина