Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Өзін-өзі тану

Дос болайық, бәріміз!

Дос болайық, бәріміз!

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Сабақтың тақырыбы: Дос болайық, бәріміз!

Сабақтың мақсаты: Достық туралы терең түсінік бере отырып,адал достыққа,шынайылыққа баулу.

1. Міндеттері .- достық,сыйластық туралы пікірлесе отырып,оқушылар арасында достық сезімқалыптастыру; - өзара көмек,жолдастық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Көрнекі құралдар: үнтаспа,бейнетаспалар, интербелсенді тақта,топтық жұмыс

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. -

Сәлем досым / амандасады/ -

Сен қалайсың? / иықтарын қағады/ -

Қайда болдың? / құлақтарын тартады/ -

Сен келдің? / қолдарын жаяды/ -

Мен сені сағындым / қолдарын жүректеріне қояды/ -

Досым саған ризамын /құшақтайды/

Мұғалім: Қайырлы күн балалар,қонақтар! Мен бүгін сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.Бір-бірлеріңе бір сәт көз жүгіртіп қараңдаршы... Бүгін бәрің сондай әдемі,қуаныштысыңдар.Сендердің көздеріңнен мейірімділікті жақсылықты ,қамқорлықтың,достықтың белгісін көріп тұрмын. Видеоға назар аударайық

Оқушылармен әңгіме.

-Сенің досың бар ма?

-Достық дегенді қалай түсінесің?

-Адамдар кімдемен достаса алады?

-Кімдермен достасқыларың келеді?

-Достықтың қанша түрі бар?

-Досыңа қандай тілек айтар едің?

-Достық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Мақал-мәтел айту. Әрқашан тілектес, Досыңа көмектес ,,Достық,,дегенді қалай түсінесіңдер? Жауапты сурет арқылы беру .

Неге? /Мысалы/ -Теңізге -Бұлаққа -Тауға -Бәйтерекке ,,Дос жылатып айтар, Дұшпан күлдіріп айтар,, ,,С и қ ы р л ы о р ы н д ы қ,,

Орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады? Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам Бағандағы сөздерден достыққа тән қасиеттерді тауып сызу. Көмектеседі Мейірімді Мақтаншақ Шыншыл Сабарлы Жауапсыз Кешірімді Білімді Төзімсіз Әдепсіз Өзімшіл Дос барда талмайтындай қос қанатым Жағдаяттар талдау. Бірлігі жарасқан халықпыз Ортақ мекен жер шары Төбемізде бір аспан Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады.Бәрі де бір ұлттың балаларындай барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасайды,бірдей еңбек етеді.Олардың тілектері бірдей,өйткені бәрінің де жүрегі туған өз Отаны Қазақстан деп соғады. Әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне,дәсүріне,әдет-ғұрпына сыйластықпен қарайды. 1-мамыр Ынтымақ күні болып мерекеленеді.

ВИДЕО КӨРУ Достығымыз берік болсын Өзіміздегі қандай жаман,ұнамсыз қасиеттерді жоғалтқымыз келеді.Алдыларындағы қағазға жазып,жоғалтқымыз келеді,жазып қоқысқа тастаймыз. Дос табу оңай-сақтау қиын Достық ережесін құру./Мысалы/  Берген уәдеңде тұр

Досыңа адал бол  Қиын сәтте көмектес  Достаса біл  Досыңды қолда  Кешірімді бол  Досыңмен сырлас  Досыңды үнемі мақта  Досыңа күлме  Әрқашан әділ бол Бірлесе көтерген жүк жеңіл

ВИДЕО КӨРУ /МУЛЬтФИЛЬМ/

Достық торы /Шаттық шеңбері/ Әр оқушы өз атының 1 әрпіне байланысты бір сын есім айтып,тілек айтады. Дос емес достың сөзін көтермесе, Саған жердің түбінен жетем десе Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді өкпелесе

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас

Араға көп өкпе сап табандамас,

Көңілі татулықтың шабандамас

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз

Жасыған жездей болып мойымаңыз

Сыр алмаған біреумен дос болам деп

Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз



Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген ашық сабақ.

Сабақ құрылымы Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдері бойынша құрылған.

Сабақтың мақсаты: Балалармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, өкпе - реніштің зиянын ұғындыру; «кешірім», «кешірімділік», «кешірім сұрау» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.
Міндеті:
- «кешірім», «кешірімділік» ұғымдарына қатысты белгілі тұлғалардың ой - пікірлерімен танысып, ой түюге, қорытынды шығаруға үйрету.
- кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.
- кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, біреуді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, дәптермен жұмыс, топпен жұмыс
Көрнекті құрал - жабдықтар: оқулық, дәптер, интерактивті тақта, түрлі - түсті қағаз.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау (мақал - мәтелдер) (3 мин)
Сабақтың мақсатын хабарлау: (1 мин)
«Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды» деп Ж. Аймауытов атамыз айтқандай, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты – «кешірім», «кешірім сұрау», «кешірімділік» сөздерінің мәні мен маңызын түсініп, кешіре білуге үйрену.

Шаттық шеңбері (5 мин)
Ал қане, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту керек.

Әңгімелесу (5 мин)
1. «Кешірім», «кешірімділік», «кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
3. Кешірім сұраған сәтің болды ма?
4. Кешіре білу қиын ба, кешірім сұрау қиын ба?
5. Сені көбіне қандай жағдайлар өкпелетіп, ренжітеді?

Мәтінмен жұмыс. (5 мин)
Оқушыларға кешірімділіктің пайдасы мен қажеттілігін ұғындыру мақсатында «Оқып үйренейік» айдарынан А. Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінімен таныстыру.
Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздай болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе - реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру – ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар неліктен осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.
Кешіру деген ол адамды түсіну шығар. Егер адамға түсінушілікпен қарасаң, сол сәтте - ақ ол адамға ешқандай да өкпелемейсің. Өйткені осындай жағдайда өзім не істер едім деп өзіңе сұрақ қоясың. Өзіңді олардың орнына қойып, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың. Сол кезде кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың қателігін кешіре де аласың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлап, жақсы көруің керек. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам, өз жан дүниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды.
Біз барлығына кешіріммен, сыйластықпен, түсіністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша, біз алға қарай тек қана адал ниет, ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз.

Сұрақтар:
1. Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?
2.«Кешіру - өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Тыныштық сәті (8 мин)
Ал енді өкпе - реніштің зиянынан бойды аулақ ұстау, іштегі өкпе - реніштен құтылу мақсатында тыныштық сәтін өткізейік.
Классикалық музыка жіберіледі.
- Көздеріңізді жұмып, денелеріңізді еркін ұстаңыздар.
- Демдеріңізді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар
- Енді соңғы кездердегі өкпе - реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?)
- Осы өкпе - реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналасып алған екен. Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр. Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе - реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте - бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.
Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық.
Күннің шуағындай осы жақсы қасиеттердің ішінен бүгінгі сабағымызға қатысты қасиетті алып, ішімізге орналастырайық.
Осының ішіндегі ең маңызды қасиет деп нені көрсетер едіңіздер.
- Адамгершілік.
Олай болса, оны жүрегімізге орналастырып алайық. Қане адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.

Дәптермен жұмыс. (5 мин)
Дәптеріміздегі осы тақырыпқа байланысты 1 тапсырманы орындайық.

Сергіту сәті. (1 мин)
- Қалай жағдайың?
- Жақсы! (саусағымен көрсетеді)
- Қалай жүресің?
- Былай! (екі саусақпен жүріп көрсету)
- Қалай жүгіресің?
- Былай! (екі қолын жинап, жүгірген кездегі қимылды көрсету)
- Түнде қалай ұйықтайсың?
- Былай! (екі алақанын бетіне қояды)
- Қалай аласың?
- Былай!
- Қалай бересің?
- Былай!
- Қалай бұзық боласың?
- Былай! (екі ұртын томпитып, жұдырықпен соғу)
- Қорқытасың ба?
- Былай! (саусақ көрсету)
- Көңіл - күйің қалай?
- Өте жақсы!

Дәйексөз. (3 мин)
Кешіре білген адам – күшті адам. (А. Йүгінеки)

Жамандық кешіре білмеуден туады. Егерде біз кешірімшіл болсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егерде бір нәрсе көңілдегідей болмаса, ашуланасың. Қазақ ертегісі
Кешірім сұрай білу – кісілік.
Ш. Айтматов
Кешірім сұрау – бақыттың баспалдағы.
М. Шаханов

Ойын. (5 мин)
Екі топқа бөлініңіздер. Енді бұлттардың суреті жапсырылған ватманның бетін түрлі түсті гүлдермен толтырыңдар. Гүлдерге жақсы сөздер жазу керек. Екі топ сөздерді дауыстап оқып береді.
Қорытынды: (1 мин)
Бүгінгі сабақтан не алдыңдар? Не үйрендіңдер?
Жүректен - жүрекке: (2 мин)
Енді сіздерді «жүректен жүрекке» айдарына шақырамын. Шеңбер болып тұрып, тақтадағы мына сөздерді хормен айтамыз.
- Мен жайдарлы, ақкөңіл, белсендімін.
- Менің қолымнан барлығы келеді.
- Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
- Мен бақыттымын.

Отбасы - өмір аясы

Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата - аналардың мектеппен тұрақты қарым қатынасын қалыптастыру
Өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту
Көрнекілігі: жақсылық, мейрімділік жайлы нақыл сөздер, суреттер, шарлар, гүлдер
Барысы:
Қайырлы күн, ұстаздарым, ардақты
Жас бүлдіршін білім қуған жан - жақты
Кәрі де жас, үлкен, кіші қаумалап,
Жанұялар сайысына кеп қалды.
Құтты болсын жанұялар мерекесі
Ата - ана шаңырақтың берекесі
Бала деген адамның бауыр еті,
Баламенен шаңырақ берекелі.

Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар, аяулы ұстаздар «Отбасы - өмір аясы» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер.
Әке - асқар тау
Ана - бауырындағы бұлақ,
бала жағасындағы құрақ - дей келе бүгінгі сайыскерлерімізді таныстырайық
1. Шебер тобы
2. Дарын тобы
3. Достық тобы
4. Инабат тобы
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған сайыскерлерімізге әділ баға беру үшін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
--------------------------------

Мен сіздерге бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
І кезең
«Кім шапшаң»(бұл кезеңде берілген тақырыпқа жылдам мақал құрастыру керек)
ІІ кезең
«Жақсылық - жан жадыратады»(бұл кезеңде сурет салу арқылы жақсы адамның бейнесін бейнелеу)
ІІІ кезең
Психологиялық педогогикалық жағдаяттарды шешу
ІҮ кезең
«Кім тапқыр» ( бұл кезеңде сурет беріледі соны сөзбен немесе мимикамен түсіндіру)
Ал, балалар, балалар,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық,
Ел дәстүрін қорғайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Талаптарын байқайық.
Сонымен бірінші кезенді бастаймыз «Кім шапшаң»
1. Ел
2. Ана, әке
3. Еңбек
4. Сөз, тіл
5. Білім
6. Өнер
7. Дос
8. Жақсы, жаман қасиет
9. Орамал
10. Су
Келесі кезеңді ойынға берейік «Менің балам қайда екен»
Барысы: Анасының көзін байлап, өзінің баласын қолы арқылы табу керек.

Өзін - өзі тану 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атамекен – алтын бесік
Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
Міндеттері:
- Атамекенді қадірлей білуге, ата-мекенге қызмет ету, адам өмірінде ата-мекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
- Оқушылардың өз ата-мекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
- өз ата-мекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Қолданылған технология: СТО
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд

Шаттық шеңбері
Атамекен
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалиев
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көк ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен

Қызығушылықты ояту кезеңінде миға шабуыл әдісімен әңгімелесуді жүргіземін. Бұл әдісте төмендегідей сұрақтар берілген:
1) Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
2) Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
3) Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше?
4) Өз ата-мекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің арман – қиялыңда ата-мекеніңе қандай орын берілген?

Мағынаны тану кезеңінде түртіп алу әдісімен мәтінмен жұмыс жүргіземін
Бір шымшым топырақ
Ғ. Оралбаев
1) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
2) «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?
3) Өз ата-мекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып беріңдер.
Аймақтық компонент (Айбек Сапышев шығармаларына тоқталу)

Сергіту сәті.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату - ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)

Оқу ақпараты
Атамекен - туған халқымның, ұлтыңның мекен еткен, ата бабаңның қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де ата-мекенмен тығыз байланыста болады.

Дәйексөз
«Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың»
Түйіндеме
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б. Момышұлы

Ой толғаныс кезеңінде оқушыларды дәптермен жұмыс жүргізуге шақырамын.
«Ата-мекенім - мақтанышым» тақырыбында өз ата-мекені туралы эссе жазу.

Мәтіндермен жұмыс
1. Мұхтар туған жер З. Қабдолов
2. Менің аулым К. Нығметова
Тапсырма
Атамекен
М. Айтқожина
Мекен ғой бұл, ел көшкен қия құздан
Қара тастан жас тамып, күй ағызған
Үйге тапсырма: «Ата-мекенім - мақтанышым» тақырыбында эссе аяқтау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Доскельдинова Хадиша Тимуровна

Павлодар облысы Ақсу қаласы Жамбыл орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Өзін-өзі тану | Қосты: Хадиша_Доскельдинова (31.01.2015) | Автор: Доскельдинова Хадиша Тимуровна E W
Көрсетілім: 2970 | Ілмек сөздер: Дос, болайық | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 61
Қонақтар: 61
Тіркелгендер: 0