Сайт учителя начальных классов
.
Тәрбиешінің дербес іс-әрекеті

Тәрбиешінің дербес іс-әрекеті

Тәрбиешінің дербес іс-әрекеті

Пәні: Байқау және бақылау тәжіриесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Мектеп жасына дейінгі балалардың режимдік сәттерін ұғындыра отырып, күннің бірінші жартысындағы тәрбиешінің дербес іс-әрекеттері және ұйымдастырылған іс-әрекет (үлгі сабақ) туралы түсінік беру.

 

ә) дамытушылық:тәжірибешілердің ой-өрісін кеңейте отырып, тәжірибенің өткізу әдіс-тәсілдері мен дағдыларын меңгерту; ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып,нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.

 

б) тәрбиелік:  болашақ мамандығына қызығушылықтарын арттырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:   тәжірибе сабақ

 

Сабақ технологиясы:Дуалдық оқыту жүйесі

 

Тәжірибе алаңы: шағын орталық

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау.

 

Пәнаралық байланыс: мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі психология, жас ерекшелік психологиясы.

 

Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, интерактивті тақта, слайд

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

 

ІІ. Байқау және бақылау тәжіриесі

 

«Тәрбиешінің дербес іс-әрекеті» 2 семестрдегі тәжірибе барысында Сіздер тәжірибенің мақсаты, мазмұны, міндеттерімен, тәжірибе базасымен, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттерін және жұмыс жоспарын, күннің І, ІІ жартысындағы ерте жастағы (2-3 жасқа дейін) режимдік сәттерін, мектепке дейінгі кіші жастағы (3-4 жасқа дейін) балалардың даму ерекшеліктерін және тәрбиешінің баламен ұйымдастыру іс-рекеттерін, мектепке дейінгі кіші жастағы (4-5 жасқа дейінгі) сабақтарды, ойын бұрыштарын, (5-6 жасқа дейінгі) топ балаларының режимдік сәттерді, ата-аналармен жұмыстарын бақылап, талдадыңыздар. Сонымен қатар,  жас ерекшелік топтардағы жұмыстардың бағдарламалық мазмұнын, режимдік сәттерді өз бетімен өткізу, мерекелік іс-шараларға дайындық жұмыстарына қатысу, сауықтыру-шынықтыру шараларын ұйымдастыру және тәрбиешімен бірге жұмыс атқару, өз бетінше еңбек әрекетін және режимдік сәттерді ұйымдастырдыңыздар.

Тәжірибе барысында машықкерлердің тәрбиеші рөлін сомдауы.

ІІ.Күннің I жартысындағы ересектер тобындатәрбиешінің дербес іс-әрекеті

Қабылдау.

Таңғы жаттығу.

Таңғы ас.

ІІІ.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Дидактикалық ойын:

ІV. Серуен.Видео слайд .

V.Түскі ас.

VI.Ұйқы.

VII. Қорытынды.

Тәрбиешінің жас ерекшелік топтарындағы әдістемелік жұмыстарының жүйесін, тәрбиешінің оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау жүйесін, күннің бірінші жартысындағы тәрбиешінің дербес іс-әрекеттерін меңгердіңдер. Алдағы тәжірибе барысында осы алған білімдеріңізді тиімді пайдалана білулеріңізге сенім арта отырып, сәттілік тілеймін.

 

ID: 9845 | Просмотров: 5709