Сайт учителя начальных классов
.
Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық-  психологиялық тұрғыда зерттеу.

Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық- психологиялық тұрғыда зерттеу.

Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық-  психологиялық тұрғыда зерттеу. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Индер ауданы

М. Әуезов атындағы орта мектеп

 Туленбаев Мейржан

                                                                           11 сынып

         Тақырыбы:       Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық-     психологиялық тұрғыда зерттеу

         Бағыты:             Таза табиғи орта  — Қазақстан — 2030

                                      стратегиясын іске асырудың негізі

         Секциясы:                   Биология

         Жетекшісі:                                               Жұмашева Мереке Тағамбаевна

                                                                           І санатты биология пәні мұғалімі

Астана — 2010 жыл

Аннотация

Цель работы:                 Раскрыть особенности проявления и суть процесса передачи от поколения к поколению природных способностей человека, охарактеризировать его с психологической, философской, генетической точки зрения.

Гипотеза:                        В процессе наследственной передачи способности должна быть некая точная закономерность. Даже возможно существование специального гена, регулирующего сложность передачи наследственных задатков.

Этапы исследования:   Научное исследование охватывает три этапа. Первый этап — начальный. В период этого этапа был дан всесторонний анализ проблеме исследования с использованием различной литературы, материалов Интернета. Второй этап — проведение экспериментальных работ. Третий — начало решения поставленных задач

Методы:                          - Психологическое тестирование;

                                         - Схематический анализ;

                                         - Генеалогический метод;

                                         - Анализ по философской теории.

Новости исследования: - Определения способностей по физическому виду;

                                         -Литературно-биологический анализ;

                                                - Факторы, воздействующие на развитие способностей человека;

                                                - Фазы перехода способностей в талант;

                                                - Гипотеза статистики генной информации.

Результат работы:        - Выполнена абстракционная карта-схема гипотезы; статистики генной информации;

                                         - Создана таблица различных примеров-предположений,  имеющих отношение к проекту;

                                         - Составлена генеалогическая цепь способного ученика;

                                         - Выполнен доклад о различных теоретических установках и итогах.

Итог:                               В итоговой части научной работы был составлен доклад об основных достижениях и итогах исследования, даны методические предложения. Были указаны направления исследования по рассматриваемой  проблеме.     

Annotation

Aim of the work:             The main objective of the work is to analyze subject-matter and special features of the process of handing on the natural abilities of human beings between generations and to give psychologic, philosophic and genetic characteristic of this process.

Hypothesis:                           The hypothesis is as follows: The vertical transmission of aptitudes process is likely to follow some exact pattern, the process must be naturally determined. There may be a special gene that is in charge of the complex process of transmitting the inherited inclinations.

Stages of research:          Scientific research comprises three stages. The first stage is the initial one. The issue under research was thoroughly analyzed during this stage, variable works of literature and the Internet materials were used for this purpose. The second stage is that of conducting experimental work. The third stage deals with solving the stipulated tasks.

Methods:                                - Psychological testing;
- Schematic analysis;
- Genealogical method;
- Philosophy theory analysis.

Research news:                - Determining the ability by the physical form; 

                                                - Literary and biological analysis
- factors affecting the development of human capabilities;
- the phase of turning the abilities into the talent;
- the hypothesis of gene data statistics.

Result of the work:            -The abstraction sketch map has been drawn up to display the hypothesis of gene data statistics.
- The table of various examples, the assumptions related to the project has been drawn up.
- The genealogical chain of a capable student (pupil) has been made up.
-  The report on the various theoretical principles and conclusions has been made.

Conclusion:                           The final part of the paper deals with the report on the major achievements and results of the research and methodological propositions. The research guidelines concerning the problem under consideration have been specified.
 

Аннотация

Жұмыстың мақсаты:   Адамның бойында болатын дарындық қасиеттердің ұрпаққа берілу процессінің мәні мен құбылысын ашу, оларды психологиялық, философиялық және генетикалық тұрғыдан зерттеу.

Гипотезасы:                   Дарынның ұрпаққа берілу үдерісінде қандай да бір нақты заңдылық жүреді. Және де оның тұқымқуалау заңдылығының күрделілігін реттеп отыратын арнайы геннің болуы керек.

Зерттеу кезеңдері:          Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы.

Әдістемесі:                      - Психологиялық сынақтама;

                                                - Схематикалық сараптама;

- Генеалогиялық әдіс;

- Философиялық теориялар арқылы талдау.

Зерттеу жаңалығы:       - Дарынның физикалық көрінісі бойынша жіктелуі;

                                                - Әдеби-биологиялық талдау;

- Дарынның дамуына әсер етуші факторлар;

- Дарынның талантқа айналу фазалары;

- Гендік ақпарат статистикасының гипотезасы.

Жұмыстың нәтижесі:    - Гендік ақпарат статистикасы гипотезасының          абстракциялық сызба-схемасы жасалды;

- Жобаға қатысты түрлі мысал-болжамдар кесте    түрінде құрылды;

- Дарынды оқушының генеалогиялық шежіресі құрастырылды;

- Түрлі теориялық тұжырымдар мен қағидалар баяндалды.

 

Қорытынды:                  Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баяндалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қарастырып отырған мәселенің зерделенетін бағыттары айтылады.

                                  Жоспары:

І.  Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

  • Жобаға қатысты ғылым негіздері;
  • Дарынның сыртқы сипаты бойынша топтастырылуы;
  • Әдеби-биологиялық талдау;
  • Дарындық қасиеттердің мәні;
  • Тұқымқуалау заңдылығының ерекшеліктері;
  • Дарып-даму құбылысының абстракциялық моделі.

ІІІ. Эксперимент нәтижесі

ІV. Қорытынды бөлім

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

                                               Мақсаты:

  1. Дарынның сыртқы сипатын психологиялық жағынан зерттеу
  2. Олардың мәнін философиялық жағынан зерделеп түсіндіру
  3. Дарынның тұқымқуалау процессін практикалық тұрғыда зерттеу
  4. Олардың тұқымқуалауындағы заңдылықты анықтау
  5. Дарып-даму құбылысының абстракциялық моделін дайындау
  6. Зерттеу тақырыбы аясында елеулі жаңалықтар ашу

Кіріспе

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамымыздың даму үдерісіне көз жіберсек, олардың өзіндік даму принципі мен себебі бар екендігін түсінеміз. Оның негізгі принципі адамның саналылығымен түсіндіріледі. Бірақ та адамдарды қаншалықты саналы десек, оларды соншалықты дарынды, талантты деп айта алмаймыз. Сондықтан қарапайым адамдардың ішінен бірен-сараңы дарын деген ұлы қасиетке ие болып келеді. Дүниенің мән-жайын зерттеп, қоғамымызды техникалық  революция кезеңіне әкелген осы адамдардың ең дарындылары десек жаңылыспаймыз. Фальсификациялық түрде кішкене ойлап шықсақ, оқып отырған кітабымыз да, күрделі үлгідегі озық техникалы заттар да дарынды тұлғалардың ерен еңбек қолжазбаларынан топтастырылып, көпжылдық  тәжірибелерінің арқасында пайда болған екен. Әдетте біздер мұндай жағдайларды ескере бермейміз.         

         Бұл мәселелерді адам мен қоғамның сабақтастығын айқындайтын  баяндама деп түсінуге болады. Адам мен қоғамның байланысының даму кезінде олардың арасындағы сабақтастық та даму үрдісінде болады. Ал мен қазір материялы объект ретінде талант пен дарынды алып отырмын. Бұл қасиеттердің дамуы қоғамның әр кезеңде әркелкі болуымен және адамзаттың қоғам өмірімен ілесе дамуымен түсіндіріледі. Ендеше дарындылықтың өзіндік шығу қайнар-көзі бар деуге болады. Сонда талант қоғамнан сабақ ала дами отырып түрлі қасиеттерге, іс-әрекеттерге жіктеліп, заманнан заман алмаса болашаққа барады екен.

         Сонымен, зерттеліп отырған тақырыптың негізгі өзектілігі — бұл күндері ғылымға ерекше көңіл білдіріліп жатқанын ескеріп, психологиялық ойлау жағынан есті адам ретінде көп толғанып, адамға үнемі тұқым қуалап берілетін дарындық қасиеттердің ұрпаққа берілер кездегі негізгі ерекшеліктерді байқау және оның мән-жайын ұғыну. Тақырып атынан байқағандарыңыздай өзегі қанат жайып, назар аудартатындай елең еткізіп отырғандай көкейкесті проблемаға жақын емес. Бірақ та табиғаттың сан түрлі жұмбағына қызығу деген болады. Яғни, менің қызығушылығым ғылыми ізденіс айдынына жол тартты. Десек те мен биология ғылымына титей де болсын үлесімді қосқым келеді... Тікелей тақырыптың негізгі өзектілігіне келер көшсем, мұндағы «Ұрпаққа даритын қасиеттер» кәдімгі кейбір адамдарда болатын «Дарындық қасиет». «Дарын» қасиеті мені несімен қызықтырды? Әрине, ұрпаққа берілу сиректілігімен, тұқым қуалау заңдылығымен және т.б. Атаулы объетіні  психологиялық жағынан зерттеу — ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі мақсаты. Бұл тұрғыда мен дарынды ойлау және сырттай сипаттау ғылыми методикалық әдістемелірімен зерттеуім керек. Негізгі ерекшеліктерін байқау барысында талданған психологиялық тұжырымдарды өз жағымнан түсіндіруім қажет. Ал «Практика» деп отырғаным ғылыми жұмыста мақсат болып қалыптасқан эксперименттердің кеңістікте көзделінген дәлдікпен орындалуы. Практика жүзінде менің болжамдық-дәйектемелік гипотезаларым шындыққа жанасып, нақтылық дәрежесінде дәлелденіп, заңды теорияға айналуы тиіс. 

         Мен  өзіме «Кей адамдар неліктен соншалықты талантты, алғыр, тапқыр, яғни дарынды болып келеді?», «Оларға дарын кімнен және қалай дарыған?», «Олар дарындылық пен талантты қалай бойына сіңіріп әрі дамытты екен?» деген сияқты көпсауалдар жолдадым. Осы сауалдарға жауап беру мақсатында көп іздендім. Ғалымдар адамның психологиясын, генетикасын, физиологиясын, гуманистикасын, гигиенасын толықтай зерттеп зерделеген. Бірақ та  адамның кей жағдайда зерттелмеген жағы да бар. Осыған сәйкес мен таланттың ұрпаққа берілуінің сыртқы және ішкі көрінісі туралы ой қозғағым келіп отыр.  Мен «Әрбір нәрсені, әрбір материяны ғылымның қилы жағынан зерттеген жөн» – деп ойлаймын. Себебі, ғылымның көмегі ашылар ілімге қажет. Сондықтан мен жобамда философиялық жағынан да негіз білдіруім керек.

            Зерттеу мәселесі. Адамдардың барлығын бір түрге, бір туысқа, бір отрядқа жатқызсақ та, оларды сондай дәрежеде бірдей деп айта алмаймыз, яғни керісінше ішкі белгілері бойынша айырмашылығы ұшаң теңіз. Менің айтпағым, жер жүзінде бірдей ойлайтын және бірдей қасиетке ие бір топ адам түгел екі-ақ адам таба алмаймыз. Бұл теориялық проблеманың негізі адамның психологиясының әркелкі болуымен шектеліп тұр. Бірақ біз бұл мәселенің түйінін жан-жақты қарастырып талдауымыз қажет. Қоғамда қоғам өміріндегі адамдардан ерекше даралықтар болады. Олар - дарынды тұлғалар. Осы мақсатта мен олардың дарындылық қасиеттерін зерттеуді көздедім. Негізгі мәселе — «Кей адамдар неліктен соншалықты дарынды, талантты болып келеді?» — деген сауалда. Яғни олардың сондай ерекше құбылыс танытуына қандай фактор негіз болды? Міне, осы бір негізгі сауалды қорғауға ала отырып мен жобамның негізгі өзегін айыруым керек.

         Зерттеу болжамы. Егер, адамға тән қабілет пен қасиеттердің ұрпаққа берілу кезіндегі белгілі бір ерекшелігін анықтап, оны генетикалық жағынан қарайластырып, философиялық, психологиялық жағынан дамытса, онда тек қана медицинамен байланыс жасап тұрған адам генетикасындағы генеалогиялық әдіс философия және психологиямен сабақтасып толықтырылады.       

         Зерттеу пәні. Биология пәнінің генетика саласы. Және де жобамды жан-жақты зерделеуге қатысатын пәндер — психология және философия.

Зерттеу объектісі. Негізгі зерделенетін меже — адамның бойындағы ерекше қабілет, яғни дарын. Оның ұрпаққа берілу процессі және дарынды оқушы.

Зерттеу мақсаты — адамның бойында болатын дарындық қасиеттердің ұрпаққа берілу процесінің мәні мен құбылысын ашу. Осыған байланысты жұмысым өз алдына мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • Дарындық қасиеттердің құбылысын психологиялық жағынан зерттеу;
  • Олардың мәнін зерделеп түсіндіру;
  • Дарынның ұрпаққа берілу процесі құбылысын генеалогиялық әдіске сүйене отырып практикалық тұрғыда зерттеу;
  • Дарынды генетикалық жағынан қарастырып, оның ұрпаққа берілу ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы түйін-сөз дәйектеу.

     Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  • Бірінші кезең (04.2008-07.2008) — бастау кезеңі. Философиялық, психологиялық  және ең бастысы генетикалық әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.
  • Екінші кезең (08.2008-09.2009) — психологиялық, схематикалық, танымдық, генеалогиялық және басқа да эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Мектепішілік, аудандық конференцияларда ғылыми жоба қанағаттандырарлық деңгейде баяндалып, зерттеу жұмысына қатысты сыни-пікірлер айтылды. Әдіснамалық эксперимент жұмыстарының нәтижелері жобаға жинақталды.
  • Үшінші кезең (10.2009-дан қазірге дейін) — алдыма қойған міндеттерді орындаудың бастамасы. Тырнақалды табыс-нәтижелерімді ғылыми жаңалыққа ұластыру мақсатында зерттеу жұмыстарын өткізудемін.

         Жұмыстың жаңашылдығы: Жұмыстың көрнекілік материалдары, демонстрациялары қағаз жүзінде және қазіргі заман талабына сай, интерактивті тақтаны толық пайдалануға пысықтауға арналған презентация арқылы көрсетілді.

Негізгі бөлім

2.1 Жобаға қатысты ғылым негіздері

         Дарындық қасиеттер туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден, генетикаға жүгінуім қажет. Өйткені, дарын басқа қасиеттер мен қабілеттер сияқты тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке бағына отырып ұрпаққа беріледі.   Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. [1]

         Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады. [1]  

          Екіншіден, жобамның басты өзегі болып табылатын адам генетикасына бетбұрыс жасау заңдылық. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі, ол да тіршіліктің бір түріне  жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық системасының болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді. [2]

         Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.

         Адамның қасиеттерін зерттесем де генетикалық әдістерден алыс кете алмаймын. Сол себепті  үшінші объективті заңдылық  ретінде, яғни жобам үшін маңызы зор адамды зерттеу әдістерінің бірі — генеалогиялық әдісті алдым.  

         Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызба-нұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез-келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге  полидактилия, беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеалогиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бұқар жыраудың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі  Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай, немерелері — Шәкәрім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б. [1]

         Төртіншіден, мен ғылыми жұмысқа негізгі өзек болатын басты ілімді айтқым келіп отыр. Ол — философия. Ғылымның бұл түрі мен үшін жобаны қарапайым тұрғыдан ойлау мақсатына қолданылады. Осыған сәйкес мен, «Философия дегеніміз не?» — деген танымдық сауалға азғантай баяндама берсем деймін.

         Философия — қоғамдық сана-сезім формаларының бір түрі; дүниенің неғұрлым жалпы заңдары туралы ғылым. Философияның негізгі мәселесі — ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе. Оның шешілуіне қарай толып жатқан философиялық мектептер мен бағыттар екі лагерьге — материалистік және идеалистік лагерьге бөлінеді. Болмысты, материяны бірінші ал ойлауды, рухты — екінші деп танушы философтар материалистер болып табылады. Рухты, сана-сезімді бірінші, ал материяны онан туған деп танушы философтар — идеалистер болып табылады. [6]

      Жүктеу

ID: 7415 | Просмотров: 2507