Сайт учителя начальных классов
.
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы –  жастардың болашағын айқын

ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы – жастардың болашағын айқын

ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа

Жолдауы – жастардың болашағын айқындайтын құжат.

Студент: Төлемісова Ақтілек Жексенбайқызы   Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі,"Электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру" мамандығы, 3-курс

Оқытушы: Қожанова Гүлнұр Қанатқызы   Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы

БАЯНДАМА

ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы –

жастардың болашағын айқындайтын құжат

Елбасымыз жыл сайын Қазақстан халқына жолдау жариялайды. Әр жолдаудың маңызы да, мәні де өте жоғары.

  Тәуелсіз мемлекет дамуының бүгінгі күн талабына лайық жаңа Стратегия қабылдауды уақыттың өзі туындатып отыр. Елбасы соны көрегендікпен танып, 2050 жылға дейінгі да­муы­мыздың жаңа тұрпатты Стра­тегиясын ұсынды. Қазақстанның кемел келешегі жолындағы атқарар бұл бағдарламаның у орасан, міндеттері зор, межесі тиянақты.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының жөні ерекше, мағынасы терең, бағдары айқын, стратегиялық маңызды өте жоғары құжат деп есептеймін. Себебі, Президенттің өзі айтқандай, «Мықты мемлекет… жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамуымен және экономикалық өсуімен ерекшеленеді»

Қазіргі жаһандану заманында білім-ғылымсыз экономиканы алға қарай өрлету мүмкін емес. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы мәселеге ерекше мән бере отырып, еліміздің одан әрі де табысты алға жылжуын жалғас­ты­ру үшін білім, ғылым салаларында алда тұрған жаңа міндеттердің жайына тоқталу үшін,еліміздің болашағы жастарға үшін бұл Жолдаудың маңызы ерекше.

Жастар – мемлекеттің болашағы. Ал болашақтың қалыбы бүгіннен басталады. Елбасы осы бастан жастардың келешекте жүрер бағытын анықтап берді.

Жолдаудың кең ауқымды ба­ғыттары еліміздің экономикалық қуаты мен мерейін асыруда бәрімізге міндет-мақсаттар жүктеді. Солардың бірі – «Білім мен кәсіби машық — заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары». Бұл Жолдау жастардың болашағына үлкен серпін беріп, олардың келешекке деген көзқарасына зор сенім ұялатты және білімге, еңбекке және табан­дылыққа талпынуға шақырады.

Елбасының биылғы Жолдауы – өткенді саралай отырып, Қазақстан жастары үшін, алдағы уақытта атқаратын міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ, ел дамуының жаңа кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет бұрған тұста қоғамдағы ең ірі әлеуметтік топ – жастарға деген Президенттің сенімі мен қамқорлығы олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын одан әрі күшейтті.

Жолдауда жастардың білімін шыңдау үшін мынадай шаралар қарастырылған:

• Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.

• Көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу. 

• Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру. 
• Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту. 

Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.

• Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз. 

• Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет. 
• Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту. 

• Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.

Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар — сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.
Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз — ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы», — деген патриоттық рухты көтеретін сөздерін айтуға болады.

Елбасының бұл сөздері білім беру саласының әрбір қызметкеріне жол көр­сетуші болып табылатыны анық. Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – жас түлекті тәрбие­леп, білімді, сапалы, саналы азамат ретінде қа­лыптастыру. Сапалы білім алушы жас ұрпақ интеллектуалдық ұлт­ты қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан білім беру жүйесі ХХІ ғасырда елі­міздің стратегиялық дамуының негізгі бағыты болуы қажет. Сапалы білім беру мен жастар­дың тәрбиесі қо­ғам дамуының маңызды ресурсы болып табылады. Әрбір мемле­кеттің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен жастарға байланысты болғандықтан, Қазақстан жастары Президенттің мем­­­лекеттік жастар саясатын нығайтуын қолдайды. 

ID: 7409 | Просмотров: 2215