Сайт учителя начальных классов
.
​Қоян мен бұғы.

​Қоян мен бұғы.

Қоян мен бұғы.

Жезқазған қаласы

№11 орта мектеп

“Қоян мен бұғы”ертегі

 

                     Орындаған: Баймұханова Айдана Дүйсенқызы

               2 сынып оқушысы

                   Жетекшісі: Сердалинова Гульмира Химиевна

                          Бастауыш сынып мұғалімі

                                        “Қоян мен бұғы”ертегісі

        Бірде қоян мен бұғы  дос болыпты. Олар бір орманда тіршілік

   етеді екен. Бірде қоян мен бұғы екеуі әңгіме дүкен  құрады.

   Қоян:

  -Бұғы достым,мен саған  басымнан кешкен бір оқиғаны айтып берейін,-

     дейді.

   Бұғы:

   -«Е,айтсаң айт»,-дейді.

    Қоян:

   -Мен бір күні келе жатып бір жерде жылаған дыбысты   естідім.

         Сөйтіп бұл дыбыс қайдан шықты  деп,сол дыбыс шыққан жаққа                                

    құлағымды тігіп бардым.Сөйтсем бір жас шыбық  жылап тұр екен .

   -«Сен неге жылап тұрсың?»-деп сұрадым.

  Жас ағаш:

 -Мына жерден жаңа бір-екі бұзақы балалар өтіп еді,жай өтпей енді

  ғана шығып келе жатқан  бұтағымды сындырып кетті,-деді.

 Қоян:

 -Мен шыдай алмай,олар қайда,қай жаққа кетті,-дедім.

 -Мына жолмен кетті,-деді жас шыбық.

 Мен сол балалардың артынан барып,оларды тоқтатып:

 -Ей,оқушы балалар,сендер неге жас ағаштың шыбығын  сындырдыңдар,-

 дедім.Олар маған күліп:

 - Сен, қорқақ қоян  мына бізге  ақыл айтып тұрсың ба?-деп мені

 келемеждеді.Сол кезде мен:

- ИЯ мен қорқақ болсам қорқақ  шығармын,бірақ табиғатты қорғауда  және

достарыма көмектесуге келгенде  еш қорықпаймын,- дедім.

     Осы сөздеріме ұялған екі бала жасаған істеріне ұялып,сындырған бұтаны

дұрыстап,орнына бекітіп байлап қойыпты.

-Жас шыбық ,сен бізді кешір, енді   бұзық болмаймыз,-деді балалар.

-Табиғатты аялаймыз!

   Енді кеше сол ағаштың жанынан өтіп едім,ол ағаш әжептәуір бүр

жарып,гүлдеп тұр екен. Жас ағаш маған рақметін айтты.

-Міне достым,осылай менің кішкентай болса да табиғатқа деген көмегім

тиді деп ойлаймын,- деп сөзін аяқтады қоян.

          Досының бұл ертегісіне риза болған бұғыда қатты қуанды.

ID: 7339 | Просмотров: 2158