Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Құқық негіздері

«Тарих доңғалағы.»

«Тарих доңғалағы.»

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

«Тарих доңғалағы.»

Тақырыбы: «Тарих доңғалағы.»

Білімділік мақсаты:Өткен тақырыптарды қайталап ,бір жүйеге келтіру.

Дамытушылық мақсаты:ізденгіштік,білімге құштарлық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:ұйымшылдыққа,ел тарихына сүйіспеншілдік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:қайталау сабақ.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

І І.Өткен тақырыптарды қайталау кезеңі:

а)Мұғалімнің баяндауы:

                *** Егемендікке қол жеткеннен бері,көптеген заңдар қабылданып,мемлекеттің демократиялық дамуына жол ашылды. Жас республика аяғын тәй-тәй басып қаланғаннан бері 2-рет Конституциямыз - Ата Заңымыз  қабылданды. Ол 1993 жылы  28 қаңтар және 1995жылы 30 тамыз. Мемлекетімізді дамыту үшін,жас адамның қоғам алдында жауаптылығын арттыруы қажет. Ол үшін жас адамдар құқын орынды пайдалану керек. Сондықтан да, жастарға құқықтық білім берудің маңызы қазіргі кезеңде өте зор.

Бүгінгі біздің сабағымыз,қорытынды-қайталау сабақ,тарих пен құқық негізінің байланысы, заңдардың адам өміріндегі рөлін ашып көрсету. Сабағымыз сол себепті «Тарих доңғалағы» деп аталады.

Сабаққа  қатысушылар-оқу озаттары,бірінен-бірі асып түсетін оқушылар.

             ***Сонымен, 15ғасырдың аяғы,16 ғасырдың басы.

Бұл ханның тұсында қанды аз төгіп,ұпайды көп жинау саясаты ұсталды. Ол мақсатына жетті де .Қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен-тұрағын осы ханның тұсында орнықтырды.( көрініс)

     ***Сұрақтар:

1.Кезінде Австрия дипломаты Зигмунд Герберштейн «Мәскеу істері жөніндегі жазбалар» деген еңбегінде жазған,қазақ жерін қазіргі территорияға таятқан атақты қазақ ханы кім?  (Қасым )

2.Ол ханның қандай заңдар жинағы бар және неше тараудан тұрады?

(« Қасым ханның қасқа жолы.»,5- тарау)

3.Жұртшылық заңына не жатады?

(Ас,той,мереке кезінде қолданылатын ережелер)

          *** Қасым ханнан соң қазақ тарихында ірі тұлға,көреген саясатшы,дана қолбасы,жұртына лайықты тұлға ханымыз да бар. Ол хан тұсында сыртқы шекара бөлініп  қана қойған жоқ,оның ішкі жағдайы да әбден орнықты.

Сонымен ,16 ғасырдың аяғы,17 ғасырдың басы.

Тынымсыз жүргізілген жиырма жылдық қазақ-бұқар соғысы 2 жақтан да қаншама әскер қатысты. Ерекше қантөгісті  жеті  шайқас болды. Соның жетеуінде де қазақ қаруы үстем шықты. Даңқты ұрыстар нәтижесі-даңқты жеңістер. ( көрініс)

    ***Сұрақтар:

1.Сонымен, кезінде 20 жылдық қазақ-бұқар соғыстарында жеңіске жеткен, батырлығымен, ержүректілігімен халыққа жаққан,Қасымнан  кейін  2-ші заңдар жинағын қабылдаған хан кім? ( Есім хан)

2.Бұл заңдар жинағы қалай аталады және әсіресе қандай заңдарды күшейті? (« Есім ханның ескі жолы» ,әскери заңдарды)

Қауымға сұрақ: Түркілерде құқықтық қатынастар қалай дамыды?

(Жер рудың қолында болды,отбасында ер адамдар басты рөл атқарды,сот билігін қаған шешті.)

         ***Біз ,қазақ мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден  құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұщпан басынбаған елміз,басымыздан сөзді асырмаған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз,дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.

   ***17 ғасырдың аяғы,18 ғасырдың басында,жоңғардың қылышынан қан тамып тұрған заманда Есімнен кейін қазақ елінің абыройын асырып,көсегесін  көгерткен бір хан хан бар. Атақты тарихшы Левшин ол туралы: «Ол ханның атын атасаң,бар қазақтың  жүрегін алғыс кернеп,мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликурты  да,Драконты  да  сол адам» деп жазды.( көрініс)

   ***1710-1711жылдарында қазақ-ойрат соғысы кезінде қазақтар басым шығып,жоңғарлар мәмлеге келіп,2 жақты келісім болмақ болады. Осы келісімге Қазыбек би мен Төле би батасын беріп аттандырып салыпты.

    ***Сұрақтар:

1.Сонымен 17 ғасырдың  аяғы,18 ғасырдың  басында ақылдылығымен, даналығымен көзге түскен,жоңғарлардан 32 қаланы азат еткен хан кім?

2.Ол ханның заңдар жинағы қалай аталады және жаңа ережелер енгізді ме?

3. Бұл ережелер жинағында қандай мәселеге көңіл аударады?

4.Бұл заңдар жинағы бойынша даулы мәселелерді кім шешті?

      ***Сонымен,Тәуелсіз Қазақстан тарихында 2 Конституция қабылданды.

1-ші 1993ж 28 қаңтарда

2-ші 1995ж 30 тамызда  

( Көрініс)

    ***Сұрақтар:

  1. Біздің мемлекетіміз ұлттық,демократиялық зиялы және унитарлы деп аталады. Неге?
  2. Құқықтық мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?

    ***Өздерің  жақсы білесіңдер,1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп аталса,1998 жыл халық бірлігі мен тарих жылы деп аталады. Бұл біздің  республикамызға ғана тән нәрсе емес. Өйткені,республикада 100-ден аса ұлттар тұрады. Ол біздің  облысымызға  да тән нәрсе. Соғыс жылдарында  облысымызға  көптеген ұлттар күштеп қоныс аударылды. Ең көбі-неміс ұлты. Енді сол күштеп қоныс аударылғандардың бірі-Аблясова Г.Я.Енді, сол кісіні тыңдасақ.(Үнтаспадан   Г.Я. Аблясованың сөзін тыңдау.)

 

       ***Телекөпір

Қазір,құрметті оқушылар   облыстық соттың төрағасымен телекөпір арқылы байланыс жасайық.

-Бізді естуіңіз қалай?

-Жақсы естіліп тұр.

-Сәлеметсіз бе?

-Сәлемет болыңыздар.

-  Мектебімізде  өтіп жатқан «Тарих доңғалағы» хабарына қатысушылар атынан бір сұрақ берейін деп отырмын.

-Құлағым сізде.

-Соттар және сот төрелігі туралы айтсаңыздар.

-Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асады. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьяны тұтқындап,күштеп әкетуге ешкімнің құқы жоқ. Президент пен сенаттың келісімінсіз жауапқа тарта алмайды. Республиканың 25 жасқа толған,жоғарғы заң білімі бар,мамандығы  бойынша 2 жыл жұмыс істеген,біліктілік емтихан тапсырған адамдар ғана судья бола алады. Судьяның қызметі  депутаттық  мандатпен,кәсіпкерлікпен  айналысумен сыйыспайды.

- Рахмет. Жауабыңыз  көңіл толтырарлық. Сау болыңыз.

-Өздеріңе де рахмет. Өздеріңіз де сау-саламат болыңыздар.

(Телекөпірден соң)

    ***Сұрақтар:

1.Мемлекеттік өкімет билігін нешеге бөлеміз?

2.Заң шығарушы орган не?Ол неше бөліктен тұрады?

3.Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қамтамасыз ететін не? Оны кім басқарады?

4.Конституция неше тарау,неше баптан тұрады?

    ***Мұғалімнің сөзі:

1995ж 30 тамызда қабылданған Конституцияға  кейіннен  біршама өзгерістер енгізілді.Қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған ұлт мүддесі,жаңа заңдар,құқықтық жүйе,Ата Заңымыз 20-ғасырдың аяғында жүзеге асты.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдері мемлекет саясатына дән риза.

І І І.Сабақты бекіту:

а)сұрақ-жауап.

І V .Бағалау.

V.Үйге тапсырма:а)Қайталау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Құқық негіздері | Қосты: Дүйсен_Баласері (31.01.2015)
Көрсетілім: 1058 | Ілмек сөздер: доңғалағы.», «Тарих | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 11
Қонақтар: 11
Тіркелгендер: 0