Сайт учителя начальных классов
.
"Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"

"Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"

"Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"

Тақырыбы:  "Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

  • Жеке меншік деген не?
  • Заттық құқықтар деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Мәміле дегеніміз – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.

Мәміле – бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.

Мәмілені жасау – мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.

Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.

Мәміле – арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер.

Әкімшілік актілер дегеніміз – жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару орындарының актілері.

Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге:

  • бір жақты
  • екі жақты деп бөледі.
  • Бір жақты мәмілелер – біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруді қажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады.
  • Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар арқылы жүзеге асырылады.

Шарт дегеніміз – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шарт еркіндігінің қағидасы:

  • Шартты жасау еркіндігі;
  • Шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
  • Жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
  • Тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
  • Тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдреді;

Сабақты қорытындылау: сенімхат – бұл тұлғаның (сенім білдіруші) екнші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

ID: 9463 | Просмотров: 2747