Сайт учителя начальных классов
.
"Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар"

"Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар"

"Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар"

Тақырыбы:" Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар"

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

  • Азаматтық құқық деген не?
  • Азаматтық құқықтың қайнар көздерін атап бер?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Азаматтық – құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар – жеке тұлға және заңды тұлға.

Заңды тұлға деп – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемлері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес баланысы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады.

Лецензия дегеніміз – заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат.

Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді.

Коммерциялық заңды тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

Коммерциялық емес заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер т.б.

Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлға екі шартпен тікелей байланысты

  1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі – бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет құқығы.
  2. Азаматтықдың әрекет қабілеттілігі – азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, олардың орындауға және өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі.

Сабақты қорытындылау: азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі болу керек.  

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §2, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

ID: 9460 | Просмотров: 2824