Сайт учителя начальных классов
.
Қазақстан Республикасының  азаматтық алу құқығы

Қазақстан Республикасының азаматтық алу құқығы

 Қазақстан Республикасының  азаматтық алу құқығы

 Тақырыбы:   Қазақстан Республикасының  азаматтық алу құқығы

Мақсаты:   Оқушылар    Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және тоқтату тәртіптері, азаматтықтың  беретін мүмкіндіктері (құқықтар мен бостандықтар) туралы түсінік алады.

Міндеттері:

1. Оқушылар  мемлекет азаматы, «азамат» ұғымының заңнамалық анықтамасын, адамның мемлекетке қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар, мемлекеттің адамға қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі туралы мағлұматтарын толықтырады.

2.  Топпен  жұмыс істей алу, өз ойын жеткізе алу,  кестемен жұмыс, салыстыру  сияқты дағдылардың дамуына жағдай жасалады.

3. Өз елінің заңнамасына және өзгенің пікіріне құрметпен қарауға үйрену жүреді.

    Материалдар:   Қазақстан Республикасының Конституциясы, топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар (ой-тұжырым жасау, кесте, ситуация шешу).

Әдіс-тәсілдер:   «миға шабуыл», пікірталас, эвристикалық сауал, топпен жұмыс

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.   Жаңа тақырыпты меңгеру:

  1. а)Кіріспе әңгіме.

               б)«миға шабуыл» әдісі: ҚР Конституциясы , оның қабылданаған уақыты, бөлімдері

ұғымдарының мағынасын   анықтау, тақтаға   негізгілерін жазу және жаңа тақырыппен байланыстыру

  1. Мұғалім әңгімесінің жоспары:
  • ҚР  Конституциясы (қабылданған уақыты, бөлімдері)
  • мемлекет құрылымы,
  • Президенттің құқықтары мен міндеттері,
  • бүкіл қоғамның барлық азаматтарының құқықтары мен міндеттері  белгіленуі

(тақтаға схема сызу арқылы түсіндіру)

  1. Эвристикалық сауал қою.
  2. «Миға шабуыл» 2:«Мемлекет азаматы» деген сөз қандай мағына береді? Пікірталас .

                 (ауызша жауаптар тыңдалады)

  1. «Азамат» ұғымының заңнамалық анықтамасын беру.
  2. Топпен жұмыс № 1 (кесте толтыру)
  3. Сауал: ҚР-ның азаматығының конституциялық негізі қандай? Пікірталас.
  4. Топпен жұмыс №2 Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайда ҚР азаматтылығын беруден бас тартылады? (ой-тұжырым жасау)
  5. Топпен жұмыс №3 (ситуацияларды шешу)

ІІІ. Пысықтау. Заңнамалық сөздік

ІҮ. Бағалау.    

Ү. Үйге тапсырма:  §  34   оқу. «Қазақстан туралы  мақтанышпен айта аларым» тақырыбында шығарма жазу

«Миға шабуыл» 1

ҚР Конституциясы туралы сендер не білесіңдер?

ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданған?

Онда қандай бөлімдер бар?

«Миға шабуыл» 2

«Мемлекет азаматы» деген сөз қандай мағына береді?

Топпен жұмыс №1:

  1. Адамның мемлекетке қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар?
  2. Мемлекеттің адамға қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар?

Азамат

Мемлекет

Мемлекетке қатысты құқықтары

міндеттері

Азаматқа қатысты құқықтары

міндеттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс №2:

Сен қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайда ҚР азаматтылығын беруден бас тартылады?

  1. Адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса,
  2. ҚР егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса,
  3. ..........................................................................................................................................,
  4. ..........................................................................................................................................,
  5. ..........................................................................................................................................,
  6. ...........................................................................................................................................,
  7. ...........................................................................................................................................,
  8. Басқа елдің азаматы болып табылса

азаматтық берілмейді және осы негіздерде ҚР-ның азаматтылығы тоқтатылады.

Топпен жұмыс №3 (ситуацияларды шешу)

1 жағдай: Малика Түркия азаматына тұрмысқа шықпақшы. Ал оның ата-анасы оған қарсы. Себебі, олардың ойынша Малика ҚР азаматтылығынан айрылып қалады және оның өз жанұясымен араласуы қиындауы мүмкін деп қобалжуда. Осы пікірмен келісесіңдер ме?

2 жағдай:

 Сергей  мен Мария ҚР азаматтары, бірақ олар контракт бойынша АҚШ-қа  жұмыс сапарымен аттанады. Олардың ұлы уақытынан бұрын Нью-Йорк аэропортында дүниеге келген. Марияның ойынша, олардың ұлының азаматтылығы танылуында қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл пікір дұрыс па?

3 жағдай:

Бір бай егде жасқа келген адам Аргентинадағы ҚР-ның елшілігіне келіп, азаматтық алу туралы өтініш береді. Тексере келе келесі жағдай анықталады: ол ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде ол Франция тұрғындарына қатысты қылмыстары үшін халықаралық сотпен өмір бойға сотталған нацистік қылмыскер екендігі анықталған. Оған азаматтылық беріледі ме?

4 жағдай:

Арницис деген жанұя Латвиядағы ҚР-ның елшілігіне келіп азаматтылық алу туралы өтініш білдіреді. Алайда олар ешқашан Қазақстан жерінде тұрмаған, бірақ отағасының үлкен апайы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға департацияланған екен. Ол көп жылдардан бері Қазақстан жерінде тұрады екен. Жақында олар бірі бірін тауып алған екен. Арницис жанұясына азаматтылық беріледі ме?

5 жағдай:

Израилдік бизнесмен Израил азаматтығымен қатар Қазақстан азаматтығын беріді сұраған. Ол іс сапарлармен Қазақстанға жиі келіп, ұзақ мезгіл осында жұмыс істейді. Алайда ол бизнесіне кедергі келтірмес үшін израилдік азаматтылығынан бас тартқысы келмейді. Оған азаматтылық беріледі ме?

Үйге тапсырма:

«Қазақстан туралы  мақтанышпен айта аларым» тақырыбында шығарма жазу

 

ID: 9226 | Просмотров: 2726