Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Музыка

Қуыршақ театры

Қуыршақ театры

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Қуыршақ театры 

                   Қуыршақ театры жетекшісі:

Марат Роза

Әйтеке би кенті

Ханша:      - Алдар аға, бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл – күй сыйладыңыз ғой. Бүгінгі той - думанымызды жалғастырып, балалармен бірге біздің Күлмес ханшамыз ойынға шықса қалай болады?

 

Алдар көсенің ойындары:

 

« Ал, алма! ». ( Күлмес ханшамен )

« Есекпен жарыс » ( балалармен )

« Жұп – тақ әуенді – қимылды ойын »

  ( тәрбиешілермен )

                                                       

Ханша:      - Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де апайлар! Біздің Күлмес ханшамызды күлдірген Алдар көсенің қоржынынан шыққан сыйлықты қабыл алыңыздар!

 

Хан:           - Ертең тағы келіңіздер, біздің сарайда қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойына шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Әуен сазымен екі уәзір шығады:

 

Уәзір:                  Келіңіздер, келіңіздер! Бүгін хан сарайында

керемет ерекше кеш болмақшы. Күлмес ханшаға арналған ән мен би, ойындар ұйымдастырылмақшы. Кімде кім Күлмес ханшаны күлдірсе Ханның дайындаған сыйлығына ие болады.

 

Батырлар биі орындалады.

 

Хан:           - Тыңдаңыздар! Бүгінде менің сараймда ойын-сауық өткізіп тойлаңыздар, өнерлеріңізді көрсетіп сыйлық алыңыздар!

 

Ханша:             -          Көтеріңкі көңіл –күй,

Сыйлаңыздар әрине.

Той-думанда барлық үй,

Ат салыссын баріне.

 

Өлең айтып, би – биле,

Ойын ойнап көңілді.

Әзіл айтып тамаша,

Өткізейік бүгінді.

 

Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :

  • Бізге қонаққа сонау бір алыс шахардан Тазша бала келіпті, өзінің осы тойға арнап дайындаған өтірік өлеңі бар екен, қабыл алыңыздар.

Тазша бала : « Өтірік өлең » орындайды

 

Ханша:      - Рахмет, Тазша бала! Біздің тойдың төрінен

орын ал, төрлетіңіз.

( Хан рахаттанып күліп алады да, қайта мұңайып )

 

Хан: - Мм, болмады, қызыма ұнамады! Енді кім

бар екен.

 

         Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :

  • Хан ием көрші ауылдағы Қаңбақ шал кемпірімен келіпті,  көрсететін өнерлері бар екен.

 

Қаңбақ шал мен кемпірі: « Мазақтама » әнін  

орындайды.

 

         Ханша: - Төрлетіңіздер! Біздің тойдың  құрметті

қонағы болыңыздар! Келесі қонақтар кім болды екен ?

 

( Хан рахаттанып күліп алады да қызына қарап мұңайып қалады, ал қызы күлмеген күйі отыра береді )

 

Хабаршы:  - Келесі  қонағымыз дарияның арғы бетінен

келген Мақта қыз бен мысық, олар бізге көңілді билерін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар:

 

Мақта қыз бен мысық:  « Көңілді би » орындайды.

 

Ханша: - Қайтеміз, жоғары шығып, төрлетіңіздер!

Хан: - Енді қайтеміз шынымен де ешкімнің

қолынан келмегені ме, бүгінде ешқандай  әсері болмады ма ?!

 

Ханша: - Енді кім бар хабаршы, алде болды ма?

 

Хабаршы: - Жоқ, Хан ием! Тек бір аты шулы Алдар

көсе келіп тұр, қабылдайсыз ба?

 

Хан: - Шақыр, шақыр, келсін. Мүмкін бір септігі

тиер.

 

( Осы кезде Алдардың әуені ойналып, ортаға келеді. Алдар ханды алдап кетеді де, Ханның алданғанына Күлмес ханша әбден күледі. Ашуланған хан қызының күлгеніне таң болып Алдарды кешіреді )

 

Ханша:      - Хан ием, сен алданып қалғаныңмен қызыңа Алдардың септігі тиіп жүзіне күлкі үйрілді ғой, сен оған ашуланба! Оны шақыртып тойымыздың қонағы етіңіз, дайындаған сыйымызды берейік!

 

Хан:           - Хабаршы Алдарды алдырыңдар мен кешірдім! Келсін менің дайындаған сыйымды алсын!

 

Алдар келіп ханның сыйлығын алады.

 

Алдар:       - Байеке, рұқсат етсеңіз мен келген қонақтарға жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрап көрсем қалай болады?

 

Хан:           - Бүгін сен не айтсаң бәріде орындалады! Қалағаның болсын!

 

Алдар көсе балалар мен тәрбиешілерге жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрайды.

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Музыка | Қосты: Redaktor (01.02.2015)
Көрсетілім: 1503 | Ілмек сөздер: Қуыршақ, театры . | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 60
Қонақтар: 59
Тіркелгендер: 1
Жаксимбетова_Зарина