Сайт учителя начальных классов
.
«Саз әлемі» Музыкалық сайыс

«Саз әлемі» Музыкалық сайыс

«Саз әлемі» Музыкалық сайыс

Тақырыбы: «Саз әлемі» Музыкалық сайыс.

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл қыздарын тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Өнерпаздарды жан жақты зерттеп әнді көпшілік алдына қысылмай еркін орындауға бейімдеу, кәсіптік шеберлігін шыңдау.

Көрнекілігі: зал ішін мерекеге сай безендіру. Гулдер, шарлар, фотостенд,музыка техникасы.

Түрі: Сайыс.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысың мектебімнің қауымдары,

                        Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

                        Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер

                        Бүгінгі күн сіздерге арналады.

2-жүргізуші: Сәлем достар! Бүгінгі «Саз әлемі» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады

                         Көңілді күндер тусын алдан әлі

                         Сіздер үшін осы кеш ашылады

                         Сіздер үшін әншілер сайысады.

2-жүргізуші: «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.      

1-жүргізуші:    Бүгінгі әуенді кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Бірінші номерде Қайдарова Дина

Екінші номерде Динара

Үшінші номерде Рахимова Арайлым

Төртінші номерде Ахметов Мадияр

Бесінші номерде Күбітай Айжан

Алтыншы номерде «АЮМИ» тобы

Жетінші номерде Мажитова Гүлназ

Сегізінші нөмерде Бейсенбекова Гүлназ

2-жүргізуші: Осы сайыскерлеріміздің нөмерлері арқылы мына номерлерге дауыс берулеріңізге болады

1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1. мектебіміздің директоры Айгүл Зейнолло қызы

2.Бейнелеу және сызу пәндерінің мұғалімі Гүлзада Абайқызы

3.Балалар қозғалысының ұйымдастырушысы Ақжарқын Асылбекқызы

2-жүргізуші: Ал енді осы сайыскерлерімізге сараптама беріп, сараптайтын сарапшыларымызбенда таныстырып өтейік. Бүгін біздің мектебімізде болып жатқан «саз әлемі» атты ән байқауында сарапшы болуға еліміздің жарық жұлдыздары,эстрада жұлдыздары келді. Олар:

1.Мөлдір Әуелбекова

2.Мадина Садвакасова

3.Қарақат Әбілдина

4. Нұржан Керменбаев

 

1-жүргізуші: Бағалануы 10 балдық жүйе.

1.Ән орындау мәдениеті (эмоция,сезім)

2.Сахнада өзін өзі ұстауы (жүріс тұрысы, қимылы)

3.Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы

4.Өнер деңгейі

2-жүргізуші: Олай болса құрметті әншілерімізді сахна сыртына шығарып салып, сайысымызды  бастаймыз.

1-жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі

                    Әнші деп те, күйші деп те айт оны

                    Әнге сенің қаншы икемің бар екен

                    Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді?  деп, алғашқы ән кезегіне жол береміз. Қабыл алыңыздар, алдарыңызда  Дина «Бір тілек» әнімен

2-жүргізуші: «Әннің де естісі бар, есері бар

                        Тыңдаушының құлағын тесері бар» дегендей меніңше , бұл ән өте жақсы орындалды. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:«Бап шаппайды, бақ шабады» деп бағын сынауға келген   Динараның                        орындауында  «Ертегілер»  әнін     қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:Дауысың қандай сырлы еді

                      Табиғатты тыңдатқан

                     Көркің қандай нұрлы еді

                    Таң шолпанмен астасқан деп тамаша өнер көрсеткен әншімізге қошеметтеп, қол соғып қояйық. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:Әндер, әндер! Ұш әуемде

                      Ұш көгімде, күллі әлем

                     Көктем келсе гүл боп елге

                   Менде бүгін түрленем деп,    Арайлымның «Роза темно алые» әнін   қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:Бойында Арайлым  от бар екен байқадым

                      Жүрегіңде шоқ бар екен байқадым

                     Әрқашанда осы шоқты өшірмеі

                     Жалындатып шарықтағын әрдайым. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

 1-жүргізуші:Біздің мектеп қыздары өнері асқан

Билейді мың бұралып бала жастан

Қайда біздің өнерпаз өыздарымыз

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.

2-жүргізуші: 5 «а» сыныбының мың бұралған биші қыздарын ортаға ду қол шапалақпен шақырайық.

1-жүргізуші: Уа халайық, халайық

                       Мұнда назар салайық

                     Ата жолын жалғамақ

                     Ел дәстүрін сақтамақ

                     Мадияр шықсын ортаға

                    Бүгін әнші атанбақ, сахнада Мадияр «Қызыл өрік» әнімен.

2-жүргізуші:Алдымызда ұзақ жол

Ізденуден талмаңдар

Қиындыққа мойымай

Өнер жолын жалғаңдар деп,         Мадиярға    тек жеңіс тілейміз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:Ал оқушы ұстаздар

                      Ортаға назар салыңдар

                       Айжан   шығып келеді

                     Қол соғып қарсы алыңдар, сахнада Айжан «Ауырмайды жүрек» әнімен.

2-жүргізуші:Жез таңдай күміс көмей    Айжан   қыз

                       Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз

                      Балалықтыңбалдәуренін өткізіп

                     Бақыт,шаттық,қуаныш біз тілейміз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші: Жақсы әнші өнеге

                       Сегіз қырлы бір сырлы

                    Өнерді үйрен бір берлеп

                    Әнде шырқа, би билеп

                   Халық айтса біледі

                  Талаптыға нұр жауар

                  Өнерлі өрге жүзеді

                  Таланттылар құр қалма дей отыра сахнаға «Аюми» тобын «Бір үміт» әнімен шақырайық.

2-жүргізуші:      «Аюми»   біз сендерді өнердің биік шыңдарынан көрейік. Өнерде жолдарың ақ болсын. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:Құр айқай бақырған

                       Құлаққа ән бе екен?

                      Өнерсіз шатылған,

                      Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай сахна төріне  Гүлназды «Махаббат жалыны» әнімен   ду қол шапалқпен шақырайық.

2-жүргізуші: Өнер жолына басқан қадамыңа гүл бітсін, өнерін шыңдала берсін дейміз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек

1-жүргізуші: Жаз өмір жарқылдаған сол бір шағым

                        Жаныма дарытпаймын дүние тағын

                       Әнменен қарсы аламыз әрбір таңды

                       Жайғандай ерке нәзік жар құшағын – дей отырып алдарыңызға Гүлнұр деген әнші қызымызды «Асыл әже» әнімен шақырайық.

2-жүргізуші:  Гүлнұрға өнерін өрге жүзсін, биіктерден көріне бер деген тілек жолдаймыз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:       Осымен ән байқауымыз өз мәресіне жетті

                            Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда

                            Әділқазы алқасы атыңды ақта

                            Әншілерге арманмен бақыт жолда.

2-жүргізуші: Қазір алға шыққан жеңімпаздарымыздың бағасын шығарып марапаттау дайын болғанша би шашуымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш қызықты кеш

Көрермен халайық

Өнерпаздар алға шашып

Биікке қанат қағайық дей отырып  сахнаға                    шақырайық.

2-жүргізуші: Күнде жиын болмас дәл осындай

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз

Ұл қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.

1-жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздың алдағы уақытта көптеген байқаулардың лауреаттары атанып, талғампаздығымен, орындаушылық шеберлігімен үлкен табыстарға жетуіне сенім мол.

2-жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды концертіміз.

1-жүргізуші:Концерттік кешімізді аяқтай отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзімен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді.

2-жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Бірге: Ән аманат сіздер үшін.

            Бар болыңыздар,

           Сау болыңыздар!

ID: 9436 | Просмотров: 4168