Сайт учителя начальных классов
.
КҮЙ  ТАРТЫСТАҒЫ  ӘЗІЛ – ОЙЫН

КҮЙ ТАРТЫСТАҒЫ ӘЗІЛ – ОЙЫН

КҮЙ  ТАРТЫСТАҒЫ  ӘЗІЛ – ОЙЫН

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Оқушыларға күй тартыстағы әзіл-ойын туралы айтып бер,әзіл туралы түсінік беру.Оқушылардың ой-қабілетін,шығармашылығын,есте сақтау қабілетін дамыту.Халық күйлері арқылы туған еліне,өз халқының салт-дәстүрін құрметтеп,қорғауға тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: Сахналық көрініс, Әңгімелеу,сұрақ-жауап,сөз-жұмбақ шешу)

КӨРНЕКІЛІК: интерактивті тақта,күй жазылған дисктер,т.б,сөзжұмбақ, аспап суреттері,т.б.

І.САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: а) Сәлемдесу.  ә) Психологиялық дайындық.

-Балалар,ән-күй сабағымызда денемізді тік ұстап,қолымызды тіземізге қоямыз және сабақта ұстазды тыңдап,сабаққа атсалысып қатысамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.        

   -Үйге қандай тапсырма берілді?     

-Ендеше, «Аңыз-күйдегі тартыс»-деген тақырып бойынша мына сұрақтарға жауап беріп,топтастыру жасайық.                                             

Аңыз – күйдегі тартыс      

Сұрақтары:   1.Шалдың,жігіттің баланың тартқандарын күй тартыстың қай түріне жатқызасың?2.Күй тартысқа неше күйші қатысты?3.Аңызда қыз кімге қосылады?4.Күй қандай аспапта орындалады?

ІҮ .ЖАҢА САБАҚ: Балалар,өткен сабақта аңыз-күйдегі тартысты өттіңіздер.Онда үш күйшінің тартысына ортақ бір ғана болды.Ол-маяны иіту тақырыбы.Енді танысатын күй-тартыс тобы-төрт күйден тұратын,өз алдына бөлек-бөлек тақырыбы бар  күйлер.Күй тартысқа қатысушылар-Құлшар атты күйші,қыз және қыздың шешесі.

  -Ендеше сахналық көрінісімізге мұқият қарап, назар қойып тыңдаңыздар.

1. «МАҚТАНШАҚ ЖІГІТ»көрінісі.

Өткен заманда Құлшар деген бір домбырашы мал қарап жүріп келсе,үйде бойжеткен қыз кесте тігіп отыр екен.Қызбен амандасып,төрге шығып отырғаннан кейін Құлшар:

   -Міне мал іздеп жүр едім,шөліркеген соң,шай ішкелі келдім,қарындасым,-депті.

Сонда қыз: -Ей жігіт!Егер өнерлі ауылдың жігіті болсаң,Өнеріңді көрсет,содан ейін белгілі болар,-дейді әзілдеп.

Мұны естіген Құлшар: -Жақсы,олай болса,жаныңда тұрған домбыраңды алып бере ғой,мен саған бір күй тартып берейін,-дейді қызға. Қыз домбыраны ұсынады.Құлшар домбыраны қолға алып:

 -Елде жүргенімде домбыра тартсам болды,қыздар айнала қоршап,орталарынан шығармай,мазамды кетіретін еді.Соларға «Қыз қамаған» күй арнап едім,сен жалғыз болсаңда,сол күйімді тартайын,-деп «Қыз қамаған»күйін тартады.

«ҚЫЗ  ҚАМАҒАН»күйін тыңдау.

2. «ҚЫЗ ШЕШЕСІНІҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫН ЕСКЕ АЛУЫ»көрінісі.Күй тартысқа енді қыздың шешесі түседі.Құлшар домбыраны тартып отырғанда,қолына ұршық ұстаған қыздың шешесі кіреді,күйді тыңдаған бойы босағаға отыра кетеді.Күй аяқталғанда Құлшарға қарап:  -Е,шырағым,аманбысың?Өзің домбыраның бір ішегін ашық тартады екенсін.Үстіңгі ішекте көп сыр болушы еді,оны айтпадың,домбыраңды бері бер.Мынау менің жас күнімде өз жүрісімнің кербездігіне арнап тартқан «Кербез» деген күйім еді,-деп домбырасын қаға жөнеліпті.

«КЕРБЕЗ» күйін тыңдау.-Тыңдаған екі күйді салыстырып,айырмашылығы мен ұқсасжерлерінбақылаңыздар.-Екі күйдің жылдамдығында айырмашылық барма?

3. «ҚЫЗ ӘЗІЛІ» көрініс.

Күй тртысқа қыз түседі.Жігіт пен шешесінің тартқан күйлерін зер сала тыңдап отырған қыз,шешесі күйін аяқтай бергенде:-Маған беріңізші домбыраңызды.Бұл жігіттің сазайын мен берейін,-деп домбыраны қолына алады:-Ей,құрбым,құлағыңды салып! Сен сияқты бір нашарлау құрдасым,торы жорғаатымен күнде кешкісін келе беретін болған соң,өзін қайта келмейтіндей етіп қояйынш деген оймен астыңдағы атының жүрісін келеке етіп, «Торы жорға ат» күйін тртайын,-дейді.

«ТОРЫ ЖОРҒА АТ» күйін тыңдау.

Ү. ЖАҢА САБАҚТЫ МЕҢГЕРГЕНІН ТЕКСЕРУ: Балалардың ойын,пікірін тыңдау.-Күйді тыңдағанда көз алдыңа не елестеді? -Күйдің көмегімен де мақтаншақ жігіттің қылығын мазақтап,күлкіге айналдыруға болады  джеп ойлайсыңдар ма?

4. «САЗАЙЫН ТАРТҚАН ЖІГІТ»көрінісі.Қыздың шешесі:Ей,жігіт пен қызым!Екеуіңнің менімен күй тартыспақ ойларың бар екен ғой.Қызым,сендей жас күнімде осындай жылтыңдап келе беретін жігіттерді келемеж қылып тартқан «Келеке» деген күйім бар еді,енді соны орындайын,-деп күйін тарта бастайды.

«КЕЛЕКЕ»күйін тыңдау.-Тыңдаған осы  төрт күйді күй тартыстың қай түріне жатқызасыңдар? Енді осы оқиғаның аяғы немен бітетінін бақыла!Күй тартып болған соң,шешесі домбырасынҚұлшарға ұсынып:-Шырағым қонақ бол!Күй тартамын деп домбырамызды бұзып тастапсың,зорға түзеп алдық,қонақтығынды ескеріп бір жолға кешірдік.Тағы күй тартуыңа болады,бірақ домбыраны бұзсаңайыбыңа астыңдағы атыңды алып қаламыз,-дейді.Кемпірдің мына сөзінен қатты қысылған Құлшар ішінен: «Қой,шықпас. Айыпқа атымды беріп, елге жаяу қайтып,жұртқа күлкі болғанымша,аман тұрғанымда кетейін,-деп үйден шыға жөнеліпті.

ІҮ .САБАҚТЫ ҚОРТЫНДЫЛАУ.    «Күй тартыс» сөзжұмбағын шешу.

Сұрақтары:1.Сазайын тартқан жігіт көрінісіндегі орындалған күй.2.Күйді орындайтын адам.3.Алпамыстың аты.4.Сыр сүлейікім?5.Мақтаншақ жігіттің орындаған күйі.6.Мақтаншақ жігіттің аты кім?7.Құлшар кіріп келгенде қыз не тігіп отырды?8.Жыр алыбы кім?9.Алпамыс жасаған музықалық аспап.

ҮІІ.Үйге тапсырма. Өтілген тақырыпты қайталау.

ҮІІІ.Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар көрсеткен білімдері бойынша  бағаланады.

Пайдаланған материалдар:    1) Оқулық: 3сынып

                                                 2) «Сөзжұмбақтар жинағы»

                                                 3) Журнал: «Музыка әлемі» 

ID: 9418 | Просмотров: 2725