Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Музыка

Фортепиано сүйемелімен шығарма тартып үйрену

Фортепиано сүйемелімен шығарма тартып үйрену

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Жоспар

1.Ұйымдастыру кезеңі
Өткенді қайталау
а/ үй тапсырмасын сұрау
б/ қорытындылау

2. Сабақтың тақырыбы: «Фортепиано сүймелімен шығарма тартып үйрену»

3. Сабақтың мақсаты
4. Сабақтың түрі (жеке)
5. Жаңа тақырыпты меңгеру
6.Сабақтың барысы :
а/ күйді нотамен талдау
ә/қосымша басқа шығармамен жұмыс
б/ парақтан бірден оқу
в/ күй тыңдау

7. Бағалау

8.Үйге тапсырма

Сабақтың мақсаты: Оқушы- домбырашыны музыкалық сауатын жетілдіру шыңдау мақсатында ф-ноның сүйемелімен халық әндерін немесе басқа ұлттың халық музыкасын домбыраға лайықтап өңделген түрін ойнату керек. Шығарманың нотамен талдау арқылы техникалық қиындықты меңгереді, жеңе біледі. ( он алтылық ноталар, паузаны санау, тыңдай білу,ритмикалық суретін талдай, күрделі қағыстарды алу, дыбыстан дыбысқа көшу тәртібі т.с.с.) Шығарманы ансмбльмен тартудың тағы бір пайдасы баланың слухын, есте сақтау қабілетін дамытады және шығармашылыққа тәрбиелейді.

Білімділік : Ұлттық музыканың өнер қуаты мен күйдің күштілік қасиетін домбыра арқылы оқушы сезіміне жеткізу арқылы оқушылармен музыкалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: Күйге, өнерге, домбыраға деген қызығушылығын оята отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: жеке сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс істеу, іздену, күй тыңдау.
Көрнекіліктер: фортепиано, оқулық, музыка тыңдайтын құрылғы (муз. Орталық)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа дайындығын қадағалау,аспаптың күйін келтіру.

Өткенді қайталау: Бағдарлама бойынша өтілген «Шуақты күн» «Жаңбыр» шығармаларын еске түсіру арқылы ноталық сауатын дамыту.
ІІ.Үй тапсырмасымен жұмыс: 1)«Қошақаным» әнін нотамен жүргізіп оқу
2)М.Әубәкіров «Өрнек» күйін жаттау

ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы: «Фортепиано сүйемелімен шығарма тартып үйрену»

Фортепиано- (итал. fortepіano, forte — қатты және pіano — ақырын) — ішекті соқпалы-клавишті аспап.
Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 7 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай типылданған сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см болады. Фортепианода ойнау үшін арнайы көптеген музыкалық шығармалар жазылған.Оның диапазоны өте кең жоғарғы- төменгі регистрлерді қамти отырып түрлі жанрдағы, характердегі шығарманы ойнай алады. Домбыраның фортепианомен қосылып ойнауы- ансамбльмен ойнау яғни «бірге ойнау» деген сөз. «Ансамбль»- лат.т. «бірге» дег мағына береді.

ІV Сабақтың өту уақытында Оқушыға жаттығуларды қайта тартқызу әр шығарманы тартқанда оқушының аспапты ұстауын оң қол мен солдың қойылымын қатаң қадағалап отыру. Әр қағысты алғанда аспаптың дыбысын бақылау .
« Тау астындағы төбе» орыс халық әні өлшемі 2/4, әрбір әлді үлесті кезекпен алып, сөйлеммен, фразамен жұмыс жасау. Аппликатураны қатаң сақтау. Позиция өзгерту барысында оқушыға психологиялық көмек беру.Шығармадағы ырғақтың өзгерісіне байланысты қағыстың да өзгеруін түсіндіру.

« Біз өмірдің гүліміз» Б.Ғизатов өлшемі 2/4, қара қағыспен ойналады. Басты қиындық оқушыға 4-саусақпен «ре» дыбысын алу, ол үшін ойнамас бұрын дайындық ретінде жаттығу ойнатамыз. Бес саусақты қатар басу арқылы 4-саусақты басуды оқушы шығарма тарту барысында жеңіл меңгеріп кетеді.

Парақтан оқу 1-класқа арналған хрестоматиядан «Құттықтаймын мама туған күніңмен!» әнін талдау.

Күй тыңдату. Оқытушының орындауында Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа», Халық күйі «Келіншек» тыңдай отырып ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату; характерін әңгімелеу;

Үйге тапсырма: «Тау астындағы төбе» шығармасын нотамен жүргізіп оқу, «Біз өмірдің гүліміз» әнін сөзімен айтып келу.

Сабақты қорытындылау: Жай екпінде шығарманы ф-номен қосылып ойнау. Оқушының қызығушылығын арттыру үшін оқытушының ойнап беруі дұрыс.
- Жалпы ансамбль дегеніміз не?
- Фортепиано аспабының атауы не мағынаны береді?
- Күй дегенміз не?
- Қандай басқа шығармаларды білесің? – сынды сұрақтармен оқушының сабақты қаншалықты түсінгенін бақылау және бағалау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Сарбалова Гүлзира Қайырбекқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, балалар әуез мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Музыка | Қосты: gulziras86 (20.02.2015) | Автор: Сарбалова Гүлзира Қайырбекқызы E W
Көрсетілім: 1402 | Ілмек сөздер: домбыра тартып үйрену | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 59
Қонақтар: 59
Тіркелгендер: 0