Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Музыка

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары.

 Сабақтың  тақырыбы:

Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары.

Мақсаты:

1.    Қазақ халқының бай мұраларын, соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары туралы бала бойына сіңдіру.

2.    Оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыра отырып ән айту шеберліктерін жетілдіру және танымдық ой-өрісін дамыту.

3.    Ұлттық тәрбие көзі ретінде халық музыкалық аспаптарының үнділігі, саздылығы, көркем эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балаларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып, оның ұлттық көзқарасы мен санасын ояту.

 

 

Сабақтың өтетін мерзімі:___________________________                                                  

Сабақтың өтетін орны: _____________________________

Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: бор, тақта, карточкалар,  видеопроектор, үнтаспа, бейнетаспа, музыкалық аспаптар (шаңқобыз, домбыра, шертер, сыбызғы, сазсырнай, қобыз, жетіген, тұяқтас, мүйіз, сылдырмақ, даңғыра т.б.), қосымша суреттер, сөзжұмбақ, рефераттар.

Әдіс-тәсілдер:  Байқау әдісі,  эвристикалық,  түсіндіру, тест, көрсету, тыңдату, сұрақ-жауап.

Дәріс түрлері: көзбен шолып байқау, дәріс -  диалог.

Білім беру технологиясы: білімді проблемалықпен баяндау.

Сабақтың типологиясы: жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы:

1.    Дайындық кезеңі.

А) Кезекші мәліметімен танысу

Ә) Сәлемдесу рәсімі.

Б)   Оқушыларды түгендеу.

В)   Оқушылардың оқу-құралдарын (кітап, нота дәптері,  

      қаламдарын) тексеру.

Г)   Оқушылардың назарын пәнге аудару үшін сергіту ойынын ойнату (Тамаша тілек).

Мұғалім: Екі ішектің бірін қатты,

                Бірін сәл-сәл кем бұра.

                      Нағыз қазақ, қазақ емес,

                      Нағыз қазақ домбыра – демекші ұлттық аспабымыз домбырамен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспаптар әлеміне саяхат жасау үшін бүгінгі сабағымызды бастайық.

2.    Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқын айтып түсіндіру   

        кезеңі:

Балалар бүгінгі сабағымызда қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихын және сазды әуендерін жадымызда сақтап, елімізді, ұлтымызды сүйе  отырып, өзге ұлт өкілдеріне мақтанышпен дәріптейміз. Мұнда сабақ үрдісі арқылы ұлттық-патриоттық тәрбие аламыз.

 3.   Материалды түсіндіру кезеңі:

Әр  халықтың  өзіндік  тұрмыс  тіршілігіне , табиғи  орналасқан  жеріне, мінезіне , тұрмыс-салтына  байланысты музыкалық  аспаптары  да  түрліше  болады. Сол  аспаптар  арқылы  музыка  мәдениеті  қалыптасады.

Өлең оқылады:

                                                       

Слайд  арқылы  музыкалық  аспаптарды  көрсету, үнін  естірту.

 

4. Жаңа сабақты түсінгенін  тексеру  кезеңі:

 

Сұрақ-жауап:

а) Қандай музыкалық аспаптармен таныстық ?

ә) Алғашқы көне аспапты  кім арқылы таныдық ?

б) Әр аспаптардың үнін естідік, үрлемелі аспаптардан қандай әсер алдыңдар ?

в) Көне аспаптарды қазіргі заман талабына сай өңдеген композиторларды ата ?

г) Әлемдік эстрадалық музыкада осы аталған аспаптардың алатын орны қандай ?

д) Алғашқы көне аспаптар қай жерде табылды ?

Сөз жұмбақ: «Ұлт  аспаптар»

1) Жылқының тұяғынан немесе ағаштан жасалатын көне аспап ?

2) Ыспалы аспап ?

3) Асықтың көмегімен шертіп ойналатын көне аспап ?

4) Қазақтың негізгі ұлттық аспабы ?

5) Үрлемелі аспап ?

6) Ұрмалы - соқпалы аспап ?

7) Үрлемелі түтік аспабы ?

8) Ұрмалы – сілкімелі аспап ?

9) Үш ішекті шертіп ойналатын аспап ?

10) Ортасында жіңішке тілі бар, лираға ұқсас аспап ?

11) Анасы бөбегін жұбатқан аспап ?

5. Бекіту кезеңі.

   Көне халық аспаптары халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы екенін айтып,  көп нүктенің  орнына тиісті  сөздер  қою.

1. « ..................... жүрегіммен  үндес  едің ,

   Сенімен  сырласымдай  тілдесемін,

   Бабамнан  қалған  мұра  сен  болмасаң

   Өнердің  не  екенін  білмес  едім ».(М. Мақатаев)

 

2. Бабаларым  рахмет  сендерге

    Балаларым  болмасын  деп  құр  кеуде

    .................мен  қосып  ән  мен  күй  бердің,

    Өмірге мен  мылқау  болып  енгенде.

    Бабаларым  рахмет  сендерге.    ( М. Мақатаев)

(керекті сөздер:     домбыра,   қобыз).

 Б а ғ а л а у:Оқушыларға нота  кілті мен  қобыз,домбыра таратылады.

(Нота кілтінде «4»,домбыра мен қобызда «5»  )

6. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

   Қазақ  халқының музыкалық аспаптары жайында өз  ойларыңнан  ертегілер  мен  әңгімелер  құрап,буклеттер   жасап  келеміз .

Қоштасу  рәсімі:

            Бабаларым  рахмет  сендерге

            Балаларым  болмасын  деп  құр  кеуде

             Қобызыңмен  қосып  ән  мен  күй  бердің,

            Өмірге мен  мылқау  болып  енгенде.

            Бабаларым  рахмет  сендерге

-деп  мұзарт  таудың  мұз  балағы  М. Мақатаев  айтқандай, баба  сөзімен  сіздерге  рахмет  айтқым  келеді. Мен  сендердің  болашақтарыңнан  үлкен  үміт  күтемін, бүгін  біздер  ойда  қаларлықтай  сабақ  өттік. Сау  болыңыздар. 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Музыка | Қосты: Redaktor (01.02.2015)
Көрсетілім: 1336 | Ілмек сөздер: ұлттық, Музыкалық, аспаптары., қазақтың | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 45
Қонақтар: 45
Тіркелгендер: 0