Сайт учителя начальных классов
.
Қызықты физика

Қызықты физика

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Қызықты физика

Панель 1
Панель 2
«Қызықты физика» атты сыныптан тыс сағаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту, ауызша, жазбаша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып сабақтан тыс уақытта оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру;
Дамытушылығы: физика пәнінен алған білімдерін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: тез ойлау қабілеттерін, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа, байқампаздыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Түрі: сайыс сабағы
Әдіс тәсілдері: Практикалық, демонстрациялық, сұрақ-жауап жарыстар.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, физикалық приборлар, компьютер, таратпа
материалдары, тәжірибеге керекті заттар слайдтар.

Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде математика, физика және информатика пән апталығы өткізіліп жатыр. Олай болса, 7 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Қызықты физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі сайыс төрінде.
Физика теңізі елінде,
Физика теңізі тілінде,
Жылдам шешіп жарасып,
Сұрақ пенен есепті,
Приборларды сөйлетіп,
Жасайық тәжірибені.
Асықпайық, саспайық,
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық.
Осылайша шабытпен,
Сайысымызды бастайық.
Ойынға қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Кешімізді бастайық.

Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді боп әрқашан
Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
Біз бүгінгі кешімізді 7-шы сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр. Ендеше,ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «Атом» командасы, «Жол» командасы, «Күш» командасы, «Инерция» командасы, «Уақыт» командасы. Ойыншыларымызға қол соғып, қошамет көрсетіп қояйық.
Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейік.Жалпы ойынымыз 7 турдан турады.
І тур. Бәйге.
ІІ тур. Сәйкесін тап.
ІІІ тур. Ғажайып ұяшық.
ІV тур. Лабиринт.
V тур. Бұл фокус емес, бұл физика.
VІ тур. Әзілді сұрақтар
Армысыздар,қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
1. Адилова Феруза
2. Қуанова Гулнар
1-тур. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Бұл бөлімде топтарға сұрақтар қойылады. Кім бірінші болып жалаушаны көтерсе, сол топ жауап береді.
1- Топ
1. Дене пішінін немесе өлшемдерін өзгертуі? (деформация)
2. 360 минутта неше сағат бар? (6сағат)
3. Жанұяда 5 ұл әр ұлдың бір-бір қарындасы бар, жанұяда барлығы неше бала бар? (6 бала)
2-топ
1. Денелердің жерге тартылу күші?
2. 2л неше м3бар?
3. Столдың 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?
(5 бұрышы)
3-топ
1. Бір дене екінші денемен қозғалғанда пайда болатын күш? (үйкеліс күші)
2. 4,5 т неше кг бар? (4500)
3. Қос ат 40км жол жүрсе, бір ат қанша км жол жүреді? (40км)
4-топ
1. Трактеорияның ұзындығы?
2. 7кН неше Н бар?
3. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр, әрбір мысықтың алдында 3 мысық. Үйде жиыны қанша мысық бар? (4 мысық)
5-топ
1. Бір зат молекулалардың екінші зат молекуларына өту құбылысы? (Диффузия)
2. 12км неше етр бар? (12000м)
3. 8 - наурызда екі шешеймен екі қызына, әжеймен немересіне 3 орамал сыйға таратылды, бұл қалай? (Әжесі, шешесі, қызы)

Кімдер шапшаң болар деп,
Ойлануда қазылар.
Жылдам, толық тапқан топторға.
Жырдан дастан жазылар
2-тур. «Сәйкесін тап»
Бізге физикалық шамамен өлшем бірліктері берілген сәйкесін табыңыздар.

Физикалық шама Өлшем бірлігі
Θ кг/м3
S Н
T М
Ρ м3
M Н
F С
V Н/м
G Кг
Х м/с
K Н/кг
Р М

Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Табиғат сырын аштырған
Газ және ток пен қазан астырған
Милион гектар астықты
Комбайынмен бастырған
«ФИЗИКА» ғылымы емей немене?

3-тур «Ғажайып ұяшық»
Осы ғажайып ұяшық көмегімен экрандағы қажетті номерді таңдаймыз.
1. Сызғыш, амперметр
2. Метр, телескоп
3. Таразы, мензурка
4. Термометр, динометр
5. Лупа, Вольтметр

Қанша қиын болса да,
Мағынасын ұғайық.
Ғылым тілін түсініп,
Шешпей оны қоймайық!

4тур «Лабиринт»
1-ден 7-ге дейн сан берілген әрбір ромбның қосындысы 13ке тең болу керек.

5 тур «Бұл фокус емес, бұл физика»

ͼ

6 тур. Әзілді сұрақтар
Қөрермендермен ойын. Көрермендерге сұрақтар қойылады. Ең көп сұраққа жауап берген оқушы силық алады.
1. Кім барлық тілде сөйлейді?
2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
3. Теңізде қандай тастар табылмайды?
4. Елеуішпен су әкелуге бола ма?
5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады?
8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
9. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр?
10. Екі әкесімен екі баласы үш алманы бір бірден бөліп жеді.Бөлмеде неше адам отыр.
11. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
12. Екі адам тоғыз құмалақты 2сағатта ойнаса, әрқайсысы неше сағатта ойнайды? (2сағат)
13. 1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? (3 минут)
14. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)
15. Ағаштың басында 10 торғай отыр, мылтықпен біреуін атып түсірсе ағашта қанша торғай қалды? (Қалғандары ұшып кет еді)
16. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың. Майшамды ма, әлде газды ма?
17. Адамға қай кезде көзілдіріктің керегі жоқ? (ұйықтағанда)
18. Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)
19. Көк шарфты суға салса не болады? (су болады)

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір, әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағазын тапсырады.
Қорытынды.
Бүгінгі сайысымызды қазақ халқының «Күш – білімде» атты мағыналы мақалымен аяқтап, еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Білім мен өнер егіз «Білім» атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да ашық, білгір де білікті, көңілді де көрікті болуларыңа тілек білдіремін.
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңе көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге
Айтамыз біз мың рахмет! – дей. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

«Қызықты физика» кешіне
Қатысқандарыңызға мың алғыс!

ID: 9765 | Просмотров: 2394