Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

Сабақтың тақырыбы: «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» туралы теореманы тұжырымдау, оны терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту,

Сабақтың көрнекілігі: Презентация-слайд, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, компьютер.

Күтілетін нәтиже:

- үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын білу;

- үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы есеп шығаруда қолдана білу;

- үшбұрыштың түріне қарап, бұрыштарын анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2-мин).

Біліктілік қағидасы: (теореманың шарты мен қорытындысы)

Егер...,                                                                  онда...

- мұғалімді зейінмен тыңдасаң                тақырыпты түсінесің.

- өз бетіңше ізденіп оқысаң,                     тез қабылдай аласың.

- үй тапсырмасын үзбей орындап жүрсең, үздіксіз білім аласың.

- өткенді білсең, жаңаға тез жетесің

- Тақтада қай қаланың суреті?(слайд 1)

Астана қаласының тамаша жерлерін аралау жолында есептер шығарылады және қандай жерлерге баратынымыз туралы мынандай жоспармен таныстырылады:

«Астана қаласына саяхат» жоспары

- Хан шатыры

- Пирамида

- Ақорда

- Океанариум

- Бәйтерек

- Аялы Алақан

ІІ. Қызығушылығын ояту . Оқушыларға фигура таңдатылады.

төртбұрыш таңдаған адам - өзгермелі, өзін-өзі бағалауы төмен, өзіне-өзі сенбейді, көңіл-күйі тез өзгереді, ұмытшақ.

дөңгелек таңдаған адам - жылы жүзді, өзгеге қамқор, кішіпейіл, қоршаған ортаның пікіріне сүйенеді, қарым-қатынаста үлкен қажеттілік сезінеді.

үшбұрыш таңдаған адам - көшбасшы, өз-өзіне сенімді, шешімшіл, батыл, керемет саясаткер, ұшқыр ойлы, қарым-қатынас ортасы үлкен. Міне, осы фигуралардың ішінен біз үшбұрыш фигурасына тоқталамыз.

ІІІ. Ой қозғау

1) Хан шатыры тапсырмасы

«Хан шатырына» бару үшін мына сұрақтарға жауап беру керек:

ауызша сұрақтар

- үшбұрыш, оның элементтері

- медиана, биіктік, биссектриса

- түрлері: бұрыштары бойынша; қабырғалары бойынша

«Хан шатыры» суреті көрсетіліп, қосымша мәлімет беріледі:

Хан Шатырының аумағы 127 000м.кв . Биіктігі 150м, Әлемнің ең үздік 10 экоғимараттарының тізімінде.

2) Пирамида тапсырмасы

«Пирамидаға» бару үшін практикалық тапсырма орындаймыз

- Кез келген үшбұрыш сызыңдар, төбелерін белгілеңдер

- Бұрыштарын өлшеңдер.

- Бұрыштарының қосындысын табыңдар.

- Қандай қорытынды.

«Пирамида» суреті көрсетіліп, қосымша мәлімет беріледі:

Бейбітшілік пен келісім сарайы биіктігі 75м, аумағы 25,5мың м.кв

ІV. Мағынаны тану. Ақорда тапсырмасы

теорема. үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180

дәлелдеу: слайд арқылы көрсетіледі

«Ақорда» суреті көрсетіліп, қосымша мәлімет беріледі:

Ақорда – ҚР Президентінің Резиденциясы, 24.12.2004ж. аумағы 36720 м.кв, биіктігі 80м.

4) «Океанариум» тапсырмасы

Бұрыштары төмендегідей болатын үшбұрыштар бола ма?

1. 45,35,110,

2. 70,60,50

3. 90,60,45

4. 45,55,60

«Океанариум» суреті көрсетіліп, қосымша мәлімет беріледі:

“Думан” ойын-сауық орталығы, 70м дәліз, 11 аквариум, оған 3млн. л су кетеді, 20 акула, 100-ге жуық экзотикалық балықтар, 2000-ға жақын мұхит, теңіздерде мекендейтін тіршілік иелері бар.

5) «Бәйтерек» тапсырмасы Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

АВС үшбұрыш <A=30, <B=50, <C=?

ІІ деңгей

AВС, АВ = ВС

<А = 40

<В=?

<С=?

ІІІ деңгей

Үшбұрыш бұрыштарының қатынасы 4:2:3. Оның барлық бұрыштарын табыңдар

«Бәйтерек» суреті көрсетіліп, қосымша мәлімет беріледі:

Бәйтерек – қазақ халқы өмірінің жаңа кезеңінің символы, Биіктігі 97м, басындағы шар салмағы 70т, оның аумағы 1553м

V. Ой қорыту

6) «Аялы Алақан» тапсырмасы.

Бекіту тест

1. Доғал бұрышты үшбұрыштың неше сүйір бұрышы болады?

А) 1 в) 2 с) 3

2. АВС үшбұрышында <А=32, <С =125, В бұрышы неге тең?

А) 157 в) 32 с) 23

3. Үшбұрыштың екі тік бұрышы болуы мүмкін бе?

А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ

4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы доғал бола ма?

А) болады в) болмайды с) дұрыс жауабы жоқ

5. Тең қабырғалы үшбұрыштың әрбір бұрышы неше градустан?

А) 45 в) 50 с) 60

6. Үшбұрыштың доғал бұрышы және тік бұрышы болуы мүмкін бе?

А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ

7. Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары неше градустан?

А) 90,45,45, в) 90,40,50 с) 90, 40, 40

 

Жауаптары

1 – в

2 – с

3 – в

4 – в

5 – с

6 – в

7 – а

Тест тапсырмаларын дұрыс орындаған оқушы «Аялы алақанға» алақанын тигізіп, өзінің тілегін айтады.

Үйге тапсырма: «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы». №155 (3,4), №157 (2,3)

Сабақты қорытындылап, бағалау.

Автор: Билялова Жазира

БҚО, Орал қаласы, №33 жоббм

18
Декабрь
0
1816
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.