Ондықты ондыққа, жүздікті жүздікке ауызша бөлу.

Ондықты ондыққа, жүздікті жүздікке ауызша бөлу.      

Тақырып: Ондықты ондыққа,жүздікті жүздікке ауызша бөлу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Мақсаты:

1.Оқушылардың өткен тақырыптан алған білімдерін пысықтау.

2.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.Зейінін,есте сақтау қабілетін,байқағыштығын,логикалық ойлау қабілеттерін   дамыта отырып,ойларын ұшқырлау.Шапшандыққа,жылдамдыққа биімдеу.

3.Әділдікке тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу. Төрт түрде

Қазақша-

Орысша-

Ағылшын-

Монгол-

2.-Балалар,бүгін біздің сынбымызға қонақтар келіп отыр!

-Қонақты қалай қарсы алу керек?

-Қонақтың қандай түрлерін білесіндер?

-Үйге келген қонақты атам қазақ қалай қарсы алған?

-Сендер бүгінгі келген қонақтарға дастарханды қалай әзірлейсіндер?

-Әрине,білімдерінді көрсетеміз!

3.Әр топ өзіне тиісті атауды алады.

Ітоп-  Көбейту                                              ІІІ топ-Қосу

ІІтоп-    Бөлу                                                  ІVтоп-Азайту

Топ басшыларымен таныстыру.

Тапсырмалар:

1.Миға шабуыл.

Тақтаны қыраудан тазалау.

42:7,56:8,81:9,7х7,6х6,54:9,18:9,36:9,.....

Бағалау.

2. «

«Кім жылдам?»

Баған түрінде жазып есепте:

364+347=711               764-239=525                        247+321=568

435+545=980                785+125=910                      47х7=329

36х5=180                       54х6=324                            28х9=252

 

 

3.Ой қозғау

А)Бастауыш сыныптар үшін 206 оқушының 105-і түске дейін оқиды,ал түстен кейін қанша оқушы оқиды?  206-105=101

ә)Бір бөлмеде 12 маса мен 4 өрмекші жүр еді.Кенеттен әр өрмекші 2 маса жеді.Бөлмеде неше маса қалды?  4х2=8 12-8=4

б)Піл конькимен сырғанағысы келді.Ол өте ауыр,сондықтан әр аяғына 3 коньки киді.Екі коньки тұмсығына ілді.Піл неше коньки киді?

4х3+2=14

Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап  жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып

Егеменді ел көрдім!

4.Ой толғаныс.

А)Есепті шығар: №2  №3  49бет

Фабрика әрқайсысы 8 қарындаштан 15 буманы және әрқайсысы 18 қарындаштан 9 буманы бір қорапқа жинақтап салды.Бір қорапқа барлығы қанша қарындаш жинақтап салынды?

Шешуі: 8х15+18х9=120+162=282

Жауабы:Бір қорапқа барлығы 282 қарындаш жинақтап салынды.

Жүк машинасының үлгісін құрастыру үшін Олжас конструкторлар жинағынан 12 бөлшектен 3рет,содан кейін әрқайсысы 21 бөлшектен 2 рет алды.Бұдан кейін     48 бөлшек қалды.Конструкторлар жинағында барлығы қанша бөлшек болған еді?

12х3+21х2+48=36+42+48=126

ә)Теңдеуді шеш:

Хх7=58+5    64:х=36:9       у:4=70      х:6=45

Х=9               х=16              у=280        х=270

Б) Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.

Бағалау

5. «Мерген»

1.Екі қолда қанша саусақ бар,он қолда ше?  (10,100)

2.Қырықаяқта неше жұп аяқ бар?   20

3.2т мақта ауыр ма,2т темір ауыр ма?   Тең

4.Бір ыдыстағы 3 жұмыртқа 9минут піссе ,сол ыдыстағы 1 жұмыртқа неше минут піседі? 9минут

5.Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3 кг тартады,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? 3кг

6.Үстел беті төрт бұрыш,оның бір бұрышын кесіп алсақ неше бұрыш қалады? 5бұрыш.

7.Үш орындықтың аяғы нешеу? 12

8.Төрт қойдың неше аяғы бар?  16

9.Бірге жегілген 3 ат 12км жүрсе,бір ат қанша км жүреді?  12км

10. Он екі айды бір сөзбен айт.  Жыл

 

Сабақты бекіту.   Не істедік?

Бағалау.  Мадақтау.

Үйге тапсырма:    №4 50бет

Автор: Аугалиева Дана Тойласыновна

Павлодар Облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, №1 Майқайың ЖББМ

18
Декабрь
0
1625
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.