Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Математика

«Мектеп-білім» поезы

«Мектеп-білім» поезы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

«Мектеп-білім» поезы

Бағыты «Ерейментау- Астана»

(математикалық ойын)

Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру.
Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1. Поезд – үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама бөлімі.
3. Касса.
4. Аквариумдегі балықтар.
5. Есептер,  жұмбақтар
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Поезға билет алу.
Жүрісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 5-6 сыныптар арасында өтетін «Ерейментау — Астана» бағыты бойынша «Мектеп — білім» математикалық ойынын бастаймыз.

Жүргізуші – 1: Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші – 2:Ойынға қатысушы оқушылар келіп,  билеттер алады

Жүргізуші: (3-рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де вагонға отырады.
Жүргізуші – 1: Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулар, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан шулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық –
деп ақын жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен. Купедегілер – «Алғырлар», плацкарттағылар – «Тапқырлар», жалпы вагондағылар – «Ойшылдар» тобы.
Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар (әндетіп).
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.

  1. Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы « Едіге» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны ойналады. Әр топтан бір  оқушыдан келіп балық аулайды, яғни балықтағы сұрақтарға жауап береді  
  1. Сіз – автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді  . Екінші  аялдамада 7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жүргізуші неше жаста?
  2. Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықта.
  3. 10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?

 

 

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Білім қуған біз оқушы ұландар,
Келіп тұрған жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен асын қоятын,
Біз боламыз математик ұландар.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Еркіншілік» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда жұмбақ шешеміз. (Үш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі).

1.   Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)

2.     Алды –артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді
шыққан тегін білесін бе?     (түзу)

  1.  Өмірің сенің қызық,
    Жолында жоқ түзу сызық,
    Басы да жоқ аяғы.
    Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

 

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.

Ойыншылар: Шақырып жарыстарға сан салалы,
Ұландар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
Қарсылас командасын қарсы алады.

Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Сары-оба» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Ғажайып заңдылықтар.» ойыны ойналады

 

  1. Сандар қатарын жалғастыр.

3, 7 , 11, 15, 19,...

  1. Артық сөзді алып таста:

метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр.

  1. Сандар қатарын жалғастыр. 4, 5,8, 9, 12, 13,...
  2. Қай қатар артық?   

                      2              5         8       11          14

                      1              4         7        10          13

                       10           20        30      40         50

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы өз сапарын жалғастырады.

Ойыншылар: Ұландар биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы алауласын,
Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.

Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Қырқыншы» станциясына келіп тоқтады. Мұнда топтарға алдарындағы әріптерді қолданып, неғұрлым көп математикалық терминдер жазындар

С   І     Р     К      Б      Ы     И       Т       Ұ     Ш     Ү      Н      Е

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Достықпен бірлікті біз етіп тұлға,
Жеңіспен жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін ұланыңның әділ сына.

Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы Астана қаласына келіп тоқтады.

Енді әр топ жинаған жетондарын  жолсеріктер санап қойындар

Жеңімпазды анықтайық
Жүргізуші – 1: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мектеп – білім» поезы өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар.

 

 

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Сматаева Ботагоз Габдрафикқызы

Ақмола облысы Ерейментау қаласы №1 орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Математика | Қосты: Сматаева-Ботагоз (30.01.2015) | Автор: Сматаева Ботагоз Габдрафикқызы W
Көрсетілім: 1267 | Ілмек сөздер: білім, ПОЕЗЫ., Мектеп | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 88
Қонақтар: 86
Тіркелгендер: 2
Ардак_Жарменбетова, Abilkaev_Zhandos