Сайт учителя начальных классов
.
Математика- ақыл ой гимнастикасы

Математика- ақыл ой гимнастикасы

«Математика -ақыл ой гимнастикасы»
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел Сабақтың түрі: топтық сайыс сағаты - Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математика -ақыл ой гимнастикасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді! -дей отырып, сайысымызды бастау үшін, алдымен екі топты ортаға шақырайық. 6«А» сынып оқушылары: _________________________ 6 «Б» сынып оқушылары:__________________________ Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер Әділқазы алқасы Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық________________________ Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады. Жоспары: 1.Таныстыру 2.Эстафеталық сұрақтар 3.«Кім жылдам? » 4.«Ойымды жалғастыр» жанкүйерлермен 5.«Сиқырлы мозайка». 6.«Шырпы» ойыны жанкүйерлермен 7.Математикалық викторина
1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе! Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда! Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз
2. «Эстафеталық сұрақтар» сайысына кезек береміз. (Әр топ кезекпен сұраққа дұрыс жауап беруі керек, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі) 1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 ) 2. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 ) 3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала) 4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат) 5. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)
6. Қай сандардың қосындысы 5-ке, көбейтіндісі 6-ға тең? (2 ; 3)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық) 9. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. Біреуі түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? ( Қара ағашта алма өспейді) 10. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі? (5 минут)
3. «Кім жылдам? » I топ
Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.
Д. 0,25+0,46 А. 13,123+5,024 М. 38,4+2,06778 Х. 0,83+1,6079 Р. 5,607-0,193 И. 9,004+13,8 Е. 47,749-0,251 II топ
Р. 15,4+0,2 Е. 9,003+0,25 З. 8,224-6,43 Х. 47,793-0,254 И. 6,221+0,24 М. 9,02+6,04 О. 7,921-4,71
18,147 5,414 2,4379 22,804 40,46778 47,498 0,71
А Р Х И М Е Д

47,539 3,211 15,6 9,253 1,794 15,06 6,461
х О Р Е З М и

ә) «Сиқырлы квадрат» толтыру
I топ 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын шаршыға орналастырғанда тігінен де көлденең де, диогоналынан да цифрлар қосындысы 15 болуы керек
4 9 2
3 5 7
8 1 6
II топ Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 2,4,6,8,10,12,14,16,18, сандарынан қай бағытта алсақ та қосындысы 30 болатындай етіп орналастыр.
8 18 4
6 10 14
16 2 12

4. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (жанкүйерлермен ойын) 1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
5. сайыс «Сиқырлы мозайка». Бұл турда әр топқа бірдей тапсырма,карточка арқылы беріледі.Кесте ішінде жасырулысөздер бар,сол сөздерді сөзқума арқылы тауып айту.Әр дұрыс, әрі толық жауақа 1-ұпай;
1-карточка

С
А
Н
Н
А
Т
У
Р
А
Л

М
А
Қ
О
С
У
Б
Ү
Т
І

К
Т
Е
М
А
Т
И
К
А
Н

Ө
Б
Е
Й
Т
Ү
Б
Ө
Л
У

К
О
О
Р
Д
И
Н
А
Т
А
2-карточка

М
А
С
С
А
М
А
С
Ш
Т

Т
Е
Р
І
С
О
Ң
Н
Ө
А

Б
Ө
Л
Ш
Е
К
П
Р
Л
Б

Р
А
Ц
И
О
Л
У
О
П
О

Ш
А
М
А
Н
А
Я
И
Ц
Р

6. Шырпы ойыны. Суреттегі төрт квадрат жасап тұрған сіріңкелердің 2-уін орын ауыстырып бес квадрат жасаңыз.

Сіріңкелерден жасалған күректегі мусорды 2 сіріңкенің орын ауыстырып шығарып тастау керек.

Суреттегі сіәріңкелерден жасалған үй. Егер екі сіріңкені қозғасақ үй екінші жаққа қарап тұрады.

7. Математикалық виктарина
Сол жақтағы 10: сан аралығын оқы [ - 4; 5]
Оң жақтағы 10: сан аралығын оқы ( 1,5; -3]
Ортадағы 10: сан аралығын оқы [3; 7)
Сол жақтағы 20:
Оң жақтағы 20:
Ортадағы 20: Сыйлық
Сол жақтағы 30: «Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?Ы.Алтынсарин

Оң жақтағы 30: Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

Ортадағы 30:
Жүргізуші: «Математика -ақыл ой гимнастикасы» атты сайысымыздың қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі.
Қызықты үзіліс
Екі топтың ұпайларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
1. Мұғалім
2. Координаталық жазықтық
3. Боран
4. оқушы

Д. 0,25+0,46

ID: 9805 | Просмотров: 3209