Сайт учителя начальных классов
.
Координаталары бойынша нүктені салу

Координаталары бойынша нүктені салу

Координаталары бойынша нүктені салу

Математика пәнінің мұғалімі Ташенова Гулмира Абдиманаповнаның

 қысқа мерзімді жоспары

 

математика

6  сынып

Сабақтың  тақырыбы:

Координаталары бойынша нүктені салу

Жалпы мақсат:

 білімділік: нүктенің берілген координаталары бойынша оны координаталық жазықтыққа дұрыс сала білуін қадағалау, тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу;

дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және графикалық білімін жетілдіру;

тәрбиелік: оқуға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық                    

6 сыныпқа арналған  математика оқулығы  

Портал  матералдары.

Оқу нәтижесі:

  Координаталары берілген нүктелерді сала біледі және жазады.  

Негізгі идеялар:

Координаталар жүйесі, нүктенің орны, перпендикуляр түзу,  параллель түзу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Математика оқулығы

Интерактивті    тақта.

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер, практикалық жұмыс, сұрақ- жауап, диалог, АКТ, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Дерек көздері:

6  сыныпқа арналған математика оқулығы

  1. Математика жұмыс дәптері
  2. Оқушы анықтамалығы
  3. Математика оқыту әдістемесі

 

Тапсырмалар:

Кординаталары берілген нүктелерді салу, фигураларды нүкте арқылы салу

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Іс-әрекет түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу1минут

ойсергек

Оқушылар музыкамен билейді.

Сыныпты  топқа  бөлу2 минут

Бүгінгі жақын адамдардан естіген жылы сөздері бойынша төрт топқа бөліну. Топ ережесін  құруды ұсынады.

Оқушылар  өздері естіген сөздерін айтып, топқа бөлінеді. Топ ережесін құрып, бір оқушы әр топтан қорғайды.

2. Үй тапсырмасын сұрау  3 минут

 «Дөңгелек үстел» тәсілі бойынша тексеріледі.

Топта оқушылар кезекпен қолына маркерді микрофон секілді алып, 1минут ішінде үй тапсырмасын қалай орындағаны туралы есеп береді.

3Қайталау сұрақтары

 5 минут

 

Сұрақ-жауап:

А) Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?

Ә) Қандай түзулер перпенди куляр түзулер деп аталады?

Б) Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

В) Координаталық жазықтық деген не?

Г) Координаталық жазықтықта неше ширек бар

Ғ) Ох осінің аталуы

Д) Оу осінің аталуы

Е) Санақ басының координаталарын ата

 

(төрт)

 

(тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер)

 

(қиылыспайтын түзулер)

 

(тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық)

 

(төрт)

(абсцисса)

(ордината)

(0;0)

4. Тапсырмалар орындау

 Топтық жұмыс

10 минут 

Тапсырма 1 :

Белгіленген нүктелердің координаталарын атаңыз.

«Кіші аю»:                (6; 6),  (– 3; 5,5),  (– 8; 5),   (0; 7,5),   (3; 7),  (– 5; 7), (– 6; 3)

 «Үлкен аю» :           (– 15; – 7), (– 3; – 6), (5; – 10),    (– 6; – 5,5), (– 10; – 5), (6; – 6), (– 1; – 10)

Тапсырма 2:    координаталары бойынша нүкте салу

0; 5), (– 1; 4),  (– 2; 1),  (1; – 1),  (6; – 1), (3; 2)

 

Тапсырма 3:

(– 2; 9), (0; 7), (1; 4), (2; – 2), (– 2; – 1), (– 2; 5), (– 4; 4)

 

Тапсырмалар таратылады Оқушылар топ ішінде дәптерге орындап, топ басшысы бағалап отырады.

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

5. Шығармашылық жұмыс 10 минут

Тапсырма:   Сурет салып, координаталарын жазу

Топта оқушылар флипчартқа жазып, постер қорғайды.

6. Қорытындылау   

 5 минут  

Алты ойлау қалпағы

  Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

  Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді.   

    Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз    назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

 Қара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір  тетіктер дұрыс істемейді.

     Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

  Жасыл  қалпақ  креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа     идеяларға бағытталады.

   Көк  қалпақ  ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол   барлық  алты   қалпақтың  бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Алты ойлау қалпағы бойынша әр топтан өз ойларын айтады.

7. Үйге тапсырма  беру 2 минут 

Оқулықтан тапсырма, тарихи мәліметтер жинау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

8. Бағалау   2 минут 

Суммативті   бағалайды

Топ басшыы өз тобындағы оқушыларды  формативті  бағалайды

9. Рефлексия   2 минут

Сабақтан алған  әсерлерін   стикерлерге  жазуды тапсырады

Оқушылар сабақтан алған  әсерлерін   стикерлерге  жазады.

 

ID: 5281 | Просмотров: 3176