Сайт учителя начальных классов
.
Ауызша  көбейту және  бөлу. 32· 5  және 160:5

Ауызша көбейту және бөлу. 32· 5 және 160:5

Ауызша  көбейту және  бөлу. 32· 5  және 160:5

Тақырыбы:  Ауызша  көбейту және  бөлу. 32· 5  және 160:5

Мақсаты:

Білімдігі: Кестеден  тыс  көбейту және  бөлу, ауызша көбейту және бөлуді  орындау, дағдыларын  бекіту, тексеру  жүргізу.

Дамытушылығы: Логикалық  ойлау  есептеумен  танымдық  қабілеттерін,зейінін  есте  сақтауын  дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды  ізгілікке, сәттілікке, қырағылыққа,жылдамдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті  тақта, слайдтар.

Түрі:  ертегі ойын  сабақ  математика  патшалығында.

Сабақтың  барысы:

I.Ұйымдастыру  кезеңі.

 

  • Психологиялық  дайындық.

Білімнің  тұңғиығы  болмайтұғын,

Тоқысақ  жалықтыра  қоймайтұғын.

«Ғылымдар  патшасы»  деп  дараланып,

Математика- қызыққа  тоймайтұғын,  -

Деп  қызыққа  толы  математика       сабағын  бастаймыз.

II.Үй  жұмысын  тексеру. Математика еліне бару.

№6

- Математика  еліне    жеттік.Ол үшін   бәріміз  бірігіп «Математика» атты  сөзжұмбақты     шешіп  қақпаны  аша  аламыз.

1. Ең  кіші  төрт  таңбалы  сан.

2. Қосуға  қарсы  амал.

3. Бестен  кейінгі   сан.

4. Бірдей  екі  санның    арасына  қойылатын  таңба.

5. Ұзындық       өлшем  бірлігі.

6. 100  жыл  неге  тең?

7. Тоғыз  ондық  неге  тең?

8. Фигураның    барлық  қабырғасының  қосындысы  неге  тең?

 9. 79,..., 81 жоғалған санды тап.

10. 30 бен 2нің көбейтіндісі нешеге тең?

- Топ-топқа  бөлеміз

1-топ  «Алғырлар»

2-топ  «Тапқырлар»

3-топ  «Ойшылдар»

III. Жаңа сабақ

-          Күн көзі ашылды,

Жерге шуақ шашылды.

Ендеше қалам алайық,

Әдемілеп жазайық!

  1. Дәптермен жұмыс. (күннің жады, тақырып)
  2. Оқушыларды жазылған сандарды түсіндіріп беруі керек.

 

32·5                  (30+2) ·5                 30·5+2·5                        150+10=160

 

160:5              (150+10):5                150:5+10:5                         30+2=32

Екі таңбалы санды разрядтық бірліктерге жіктеп, жеке-жеке бір таңбалы санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.

  • Электронды оқулықпен жұмыс

IV.ТАС  ҚАҚПА    тапсырмасы:

Математика  патшалығына  кіру   үшін        алдымен  тас  қақпаның      тапсырмасын  орындаймыз.

Оның         шарты  мынадай:

 

320∙ 2         45∙  2           50∙  3        60∙  4        50 ∙ 4

480∙  2        120 ∙ 2        300∙  2       31∙ 4        25 ∙ 4

Ашыл , ашыл  ,тас  қақпа.

V.  КҮМІС  ҚАҚПА  тапсырмасы: №2

Мазмұнды есептер

А)  (60-27+60):3=31                           ә)  (86+70) :4=39

     Жауабы: 31 км.                                   Жауабы: 39 км

-Тақтамен  жұмыс .№3

 

  • Сергіту  сәті

Мынау  менің  жүрегім,

Бәрі  осыдан  басталған,

Мынау  басым  ақылды,

Бәрі  осы  басқарған.

Мынау  менің  оң  қолым,

Көркем  жазу  атқарған.

 

 

 

№ 4 ауызша, №5

 

VI. АЛТЫН  ҚАҚПА  тапсырмасы.

«Көңілді   қадам»  ойыны. 

7

9

79

97

77

99

9

2

 

 

 

 

 

 

32

 

 

 

 

 

 

85

 

 

 

  • Тест      жұмысы.

«Алтын     сандық» .

  • Өз бетімен жұмыс
  • «Сырлы  сандық    сыры»

 

VII. Қорытындылау.

-Не  білдік? Не   үйрендік?

 

  • Бағалау.
  • Үйге  тапсырма: 144 бет №6,7

ID: 6314 | Просмотров: 3575