Сайт учителя начальных классов
.
4 санын көбейту және бөлу кестесін құру

4 санын көбейту және бөлу кестесін құру

4 санын көбейту және бөлу кестесін құру

Павлодар облысы. Ертіс ауданы

Қызылжар ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Азамат Гүлбаршын

Сабақ тақырыбы: 4 санын көбейту және бөлу кестесін құру

Сабақ мақсаттары: 4 - ке көбейту, бөлу тәсілімен таныстыру. Есте сақтау жолдарын іздестіру. Білім, білік дағдысын кеңейту, тереңдету. Есептеу машығын жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл - ойын, пәнге қызығушылығын, таным қаблеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін, логикалық ойлау, салыстыру қаблеттерін дамыта отырып, ауызша және жазбаша есептеу арқылы білім деңгейін дамыту.

Тәрбиелік : Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, татулыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Құралдар: интербелсенді тақта, флипчарт беті, маркерлер, түрлі-түсті фломастерлер

Әдіс-тәсілдері: жұптық, топтық жұмыс

Оқыту нәтижесі: Оқушылар 4санына көбейту және бөлу кестесін меңгеріп,тәжірибесіне қолдана алады.

Сілтеме:оқулық,  постер, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер,таратпа тапсырмалар

Сабақ кезеңдері   Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі 2 мин Сәлемдесу

Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
психологиялық ахуалды қалыптастыруды  ұйымдастыру.

Орнымыздан  тұрып

«Шаттық шеңбер» құрып тұру

Отырамыз тып - тыныш
(қолдарын жоғары көтереді)

Жалқаулықты тастаймыз(қолдарын ұстасады)
Сабақты біз бастаймыз.

(Бірге қолдарын көтереді)

  3 мин

ОЖТ

Топтастыру

Жеміс, жидек, көкеністерді жинау арқылы (жеміс, жидек, көкеністер) 3 топқа бөлу

Топ ережесін құрғызу

Жеміс, жидек, көкеністерді жинау арқылы 3 топқа бөлініп отырады

 

Ақылдасып топ ережесін құрады

ІІ.Өткен тақырыпты тексеру 7 мин

АКТ

Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар беру.

Проблемалық іздену. Үш топқа тапсырмалары бар карточкаларды таратып беру.
Бірінші тапсырма: төрт бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыру.
1 - топ: 4+4+4+4=16;
2 - топ: 3+3+3+3=12;

3 - топ: 2+2+2+2=8;

(Топтар арасынан тапсырманы ауыстырып тексеру)Тапсырмаларды орындап, берілген жауап бойынша тапсырманы тексеру,

талдау

 

4*4=16
3*4=12

2*4=8

ІІІ.Негізгі

бөлім.

Жаңа тақырыпты меңгеру

10 мин

Түсіну

ОБжК

Диалогтік оқыту

Жұппен, топпен жұмыс

СТО

ОЖЕСОжО

 Екінші тапсырма:
1 -топ: 16 дәптерді 4 бала нешеден бөліп алады?

2-топ: 12 қарындашты 3 бала нешеден бөліп алады?

3-топ: 8 кәмпитті 2 бала нешеден бөліп алады?

(16: 4=4)
 

(12: 3=4)
(8: 2=4)

Барлығынан неше шықты? Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз 4 санына көбейту және бөлу.

- Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?
- Ендеше 4-ке көбейту, бөлу кестесін құрайық.
Әр топқа көбейту кестесін құрғызу

Көбейту кестесін құрдық, енді оны тез есте сақтау жолдарын ойластырайық.
4*4= ------5*4=4*5 ---------5*4=
4*5= ------6*4=4*6 -------- 6*4=
4*6= ------7*4=4*7 -------- 7*4=
Сергіту сәті

 

 

 

 

- жылдам көбейтіп,бөле алу үшін
Әр топ көбейту кестесін құрады

 

 

 

 

Тақырып бойынша өз түсінгендерін топта талқылау

 

10 мин

Қолдану

ОЖТ

Диалогтік оқыту

ОБжК

 

Тапсырма беру

Көбейтінді арқылы бөлу кестесін құру.(Көбейту мен бөлу төрттігін құру)

4*5=20      4*6=24      4*8=32

...........       ...........        ..........

Әр топқа флипчарт, маркер, түрлі-түсті фломаст тарату

Тақырыпты топта талқылап, флипчартқа түсіреді

 

Флипчарттарын қорғау

7 мин

Талдау

АКТ

Топпен жұмыс

Диалогтік оқыту

СТО

«Білгенге маржан» Жазылған сандардың ішінен 4 - тің көбейту кестесінде кездесетін сандарды теріп жазып оны мысалдармен дәлелдеңдер.
1 - топ: 15, 16, 74. 36, 86, 18:
2 - топ: 21, 17, 24, 41, 32, 27:
3 - топ: 14, 20, 37, 41, 28, 92:
Әр топ түсінгендері бойынша интербелсенді тақтаға жазады

 

Дәлелдеп түсіндіреді

ІҮ. Рефлексия.

Сабақты қорытындылау

6 мин

Синтездеу

Диалогтік оқыту

СТО

Бағалау

Оү БжОБ

Сабақты қорытындылау.

-бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

-бүгінгі сабақта не ұнады?

Білетінмін , білдім, білгім келеді

Толтырып постерлерді жабыстырады

Оқушылар өздеріңді өздерің бағалайсыңдар

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Барлықтарың жақсы жұмыс жасадыңдар. Рақмет !

Әр топ оқушылары сөйлемді жалғастырады

Өз ұсыныстарын айту

Оқушылар өзін-өз , топты бағалайды

 

ID: 5589 | Просмотров: 3506