Сайт учителя начальных классов
.
10 санынан азайту

10 санынан азайту

10 санынан азайту

Сабақтың тақырыбы: 10 санынан азайту
Сабақтың мақсаты: Білімділік: қосу мен азайту амалдарына және сөз есептер шығару тәсілдерін үйрену Сәйкес теңдіктерді, теңсіздіктерді жазуды, оқуды меңгерту.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және пәнге қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып шығаруда қолдану біліктігін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамытуға тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі : жаңа білім беру танымдылық
Сабақтың түрі : ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер , оқулық,дәптер, Электронды оқулық, музыка ,интерактивті тақта, алдаркөсе.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі (Шаттық шеңбері) 2-слайд
  Психологиялық кезең 3- слайд
Қуанайын мен де, 
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым. 
Арайлап атқан күнге.
Бұл не?
-Бұл- асық
-Асықпен таныспыз ба?
-Асық біздің ұлттық ойынымыз
-Демек бүгінгі сабағымызда ұлттық ойын ойналады.
“Қанталапай” ойыны арқылы сыныпты 2 топқа бөлу
     2 -слайд
Талапай –ау, талапай!
Табылды ойын алақай
Асқтарды шашайық
 Талапайға басайық.

1 топ «Қосу» 2 топ «Азайту» 4-слайд

Ой шақыру . «Асықты лотерия» асықтағы есептерді шығару. 5-слайд

« Қосу» «Азайту» 

 8-3=5 6-4=2
9-5=4 8-2=6
4+3=7 5+3=8
7+2=9 9-3=6
1+5=6 2+4=6

Мағына тану . 
№1 тапсырманы ноутбукта орындау Кел,ойланайық! слайд-6

Азайғыш 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10

Азайтқыш 9 7 5 8 6 4 2 0 3 1

Айырманың мәні

«Алтын сақа » ойыны 7-слайд
    №1 тапсырманы ноутбукта орындау Кел,ойланайық! слайд-6

Қосу» тобы «Азайту» тобы 
   

Гүлшоғында -10(г) Гүлшоғында -9(г) 
Қызыл- 3 қызыл -4 (г)
Ақ гүл- ? Ақ гүл -?


Сергіту сәті 8-слайд
-Қазақстанда мемлекеттік тіл қайсы тіл?
-Қазақ тілі
-Сендер қандай тілдерді үйреніп жүрсіңдер?
-Ағылшын тілі

Ана тілің арың бұл.
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.

Демек, ағылшын тілінде сергіту сәтін көрсету

 

« Алдаркөсе қонақта» музыкамен сыныпқа кіріп келеді. 9-слайд

Мен Алдармын , Алдармын.
Сақалым болса алдармын,
Ал бүгінгі сендерден
Білімдіні таңдармын.
-Менің сұрақтарыма дайынсыңдарма?
-Иә
Мына сандардан теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру.



-Менің сұрағыма белсене жауап бердіңдер. Ол үшін рахиет!
-Сау болыңдар!

«Қайсы топ мерген» ойын . слайд-8 Тақтамен жұмыс жүргізу.

10 10 10 10



6 8 7 5


Дәптермен жұмыс.

Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Есптерді шығарып ,
«5» баға аламыз.

6+4=10 7+3=8
8+2=10 5+5=10

   III. Ой толғаныс: «Кім жылдам?» ойыны слайд-10

1.Тест орындау .
2.Бейнетаспадағы берілген логикалық есептерді орындау.
Сабақты қорытындылау. Асықтарды санау , орындар белгілеу
Бағалар қою. Топтарды марапаттау.

ID: 8876 | Просмотров: 2852