Сайт учителя начальных классов
.
Өзін –өзі реттеу

Өзін –өзі реттеу

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Өзін –өзі реттеу

Панель 1
Панель 2

Өзін –өзі реттеу.

C.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің  мұғалімі Асирова Мирамкүлдің коучинг сессиясының қысқа мерзімді жоспары

Сабақтың тақырыбы

Өзін –өзі реттеу

Өткізілген уақыты

27.11.2014ж                                                                 сағ: 15.00

Сабақтың мақсаты

 Балалар өз оқуы туралы білетін  және өзінің эмоцияларын,ынтасы мен әлеуметтік қарым –қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын,өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын  зерттеу.

Мұғалімдердің  коучинг барысындағы мүмкіндіктері

Өзін –өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы  болу ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатындықтан, мұғалімдер жоғары сапалы педпгогикалық тәжірибенің көмегімен осы салаға  барынша  үлес қосу керек.

Сабақтың нәтижесі

Мұғалімдер танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйренеді және өзін-өзі реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделейді:

*Өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен сипатын түсіну;

*Өзін-өзі оқуды көрсететін мінез құлықты бақылау мен бағалауды қамтамасыз ету;

*Өзін-өзі реттейтін оқуға ықпалын тигізетін кәсіби тәжірибе түрлерін дамыту;

*Оқушы тәжірибесін пайдалану, оқушы пікірін назарға алу;

Коучингті өткізу әдістері

  • «Сынық шаршылар» ойыны
  • "Атомдар мен молекулалар" ойыны
  • "Ойлан,жұптас,бөліс"әдісі
  •  Эссе жазу

Ұсынылған ресурстар

Түрлі-түсті қағаздар, постер, бейнежазба, слайд, маркер,үлестірмелі қағаздар

                                                                                           Коучинг барысы

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Тренердің  іс- әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қолданылатын ресурстар

 

10 мин

Топқа бөлу ,миға шабуыл

«Сынық шаршылар»

Әр топ мүшелері өздеріне берілген конверттердегі бөліктерді құрастырып, топқа бөлінеді.

Тапсырманы орындау барысында  қандай сезімде болдыңыздар?

Топпен жұмыс қалай орындалды?

Тапсырманы неге сүйеніп орындадыңыздар?

Мұғалімдер сөйлемей,бір-бірінен сұрамай, берілген фигураларды қарсылық білдірмей алу арқылы шаршы құрастырады.

Түрлі фигуралар

15 мин

 

 

 

 

Миға шабуыл

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Нұсқау:«Миға шабуыл»

 «Күртеше кию,Балмұздақ дайындау,Планшет, Кеңседе» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі.

Әрбір топтан курстың қалған қатысушылардың алдында өз ролигі бойынша өзінің түсініктерін және бақылауларын ұсынуын сұрайды

 

Бұл бейнежазбадан не түйдіңіздер?

 

Бейнесюжетті көріп, талдау жасайды

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Бейнежазба

 

 

 

 

 

 

5 мин

Сергіту сәті.

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды

. Мұғалімдер  тапсырманы орындайды

 

 

10 мин

 

«Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік реттелуі» презентациясын көрсету

 

  Мұғалімдер «Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік реттелуі» презентациясын көреді

 

Бейнежазба

 

30 мин

2.«Ойлан,жұптас,

бөліс» әдісі

2.         «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша жұмыс жүргізу. «Өзін-өзі реттеуді зерттеудің негіздемесі» үлестірме таратылады.

«Нұсқау: Сіздер осы әдісті  сабақтың қай бөлімінде қолданар  едіңіз?

Мұғалімдер жұптасып жұмыстарымен бөліседі

 

А4 форматтағы парақшалар,маркер, түрлі-түсті қағаздар

5 мин

Рефлексия. Эссе

Мұғалімдерге рефлексия жаздырады

 

Мұғалімдер рефлексия жазады

А4 форматтағы парақшалар

 

ID: 7944 | Просмотров: 4175