Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Коучинг

Оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдер

Оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдер

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдер

Есте сақта!

Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.

1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы

әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық

диктанттарда, т.б. қолданылады.

2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің

түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ меніңше сіз былай айтқан сияқты

болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары  көңілмен берілуі керек.

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде

сарғаяды?», - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады».

4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты

сөздермен келеді.

5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға

алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар бағалау

критерийлерін түсіндіруге бағытталған.

6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?»,

«Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар теория мен  практиканы ұштастырады.

Көршіңмен талқыла!

1. Үйсіз-күйсіз қалған адамдардың бұндай ғұмыр кешуіне кім кінәлі деп айтуға

болады? Ақылсыз қоғам ба, әлде адамның өзі ме?

2. Балалар үйінде өскен жастардың өмірінде қандай қиыншылықтар болады деп

ойлайсың?

Мәтінмен танысып, төмендегі тапсырмаларды орында!

Қарттар үйі

Әңгімемді есіктен кіргенге елеңдей қарап, кемсеңдеп құлақ түретін, өмірінің

көктемі кетіп күзі келгенде қарттар үйінен пана тапқан қариялар жайлы өрбітпекпін.

«Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпаған» атам қазаққа жат қарттар үйінің қабырғаңды қайыстырары анық. Ал, ондағы жасы егде тартып, жалғыздық жандарын жылатып, сағыныш сарсаңына салған аялы алақан иелерінің аянышты тағдыры кім-кімді де толғандырмай қоймас. Бір өкініштісі, мұндай қарттар үйі біздің қаламызда да бар. Бүгінгі күні 62 орындық қарттар үйінде бос орын жоқ. Ал, сол тұрғындарының алтауы қазақ, яғни ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз екенін естігенде өзіңді қоярға жер

таппайсың. Бүгінгі қазақ өзінің туған әке-шешесінен безініп, қайда кетіп барады? Алайда, амал қанша? Ақиқат осы.  Жанары  жәудіреп, терезеге телміріп, жақынын күткен жалғыз басты қарттардың жан-дүниесін

қайтпексің. Безбүйрек ұлы мен тасжүрек қызының мейірімсіздігінен тағдыры тәлкекке түскен кейуана қарттардың бәрі: «Әкең де осы жерде өлер енді. Тәңірдің жазуына көнер енді. Уа, жалған, сағындым ғой тым болмаса, Алып келіп иіскетші немеремді», – деп ақындарымыз жырға қосқандай күй кешуде. Кінәлі кім?! Тар құрсағын кеңейтіп, мынау жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен асырап, түн ұйқысын төрт бөлген анасын, бар қиыншылығын көтеріп, балаларым қатардан қалмасын деп маңдай терімен еңбек еткен

әкесін қартайған шағында тағдыр тәлкегіне тастаған тасжүрек балалары ма? Жоқ, әлде «жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады» деп Мөңке би айтқандай, бар кінә қазыналы қарт бола алмаған өздерінде ме? Десе де, ата-ананы құрметтеу жөнінде адамзаттың ардақтысы, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алланың разылығы – ата- ананың разылығында, Алланың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр», – деп ескерткен

еді. Ал, Құран Кәрімде: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле», – дейді «Исра» сүресінің 23-аятында.

1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

1) «Қартайса, қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен. Өз ойыңды білдір.

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

2) «Анасы балам десе, баласы анам» демеген. Жастардың бұндай пиғылға баруын  қалай түсіндірер едің?

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

3) «Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы» деген тақырыпта ой- толғау жаз.

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

2. Мейрамбек Беспаевтың «Бозторғай» әнін тыңдап, тақырыбы мен идеясын

анықтаңдар.

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Шеберлігіңді шыңда!

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбы бойынша сұхбат жүргіз.

Есте сақта!

1. Туған ата-анаңнан бас тартпақ түгілі, ауыр сөз айтудың өзі қаншалықты күнә  екені әрбір мұсылман жанға аян.

24.11.2014

Тақырыбы:

Жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану

Сілтеме:

Нұсқаулық

Мақсаты

Сабақ үрдісіндегі  жаңа әдіс- тәсілдердің  оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер туралы  жаднама тарату.

Оқу нәтижесі:

Оқу үрдісінде әңгімелесудің маңыздылығын түсінеді;

Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;

Жаңа-әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;

Оқушыларға  қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті оқушы даярлайтынын  сезінеді:

Түйінді идеялары:

Әңгімелесу- мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.

Барысы:

    1.Қызығушылықты ояту Тренинг «Темір жол вокзалы»

                                 Билеттер  нөмірі бойынша  топқа бөліну.

    2.Ой қозғау. Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі  неде?

    3. Белсенді оқыту стратегиялары

    4. Жаңа әдіс- тәсілдер іс жүзінде

    5.Сергіту сәті

    6. Шығармашылық тапсырма « Менің жаңашыл сабағым»  эссе

    7.Рефлексия

Жұмыс мазмұны

Коуч мұғалімнің іс- әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

Тренинг

3 мин

Темір жол вокзалынан «Орал- Астана» бағытында жолаушылар пойызының аттанатыны және  жолаушыларды вагондарға  отырғызу басталғандығын хабарлайды.

Коучинг сессия мақсатымен таныстырады.

Билеттер сатып алу арқылы топқа бөлінеді

Билет қағаздар

Ой қозғау стратегиясы

Оқыту мен оқудағы әдістердің  тиімділігі неде?Белсенді оқытуда қандай әдістерді   білеміз?

Мұғалімдерге парақшалар таратылады.

Олар топтастыру  арқылы әдістер туралы жазады

Белсенді оқыту стратегиялары тақырыптыры жазылған парақшалар

Дәйексөз

Мишель Монтен :« Мұғалім оқушының құлағына воронкаға су құйғандай айқайлайды,ал оқушының жауапкершілігі тек қана айтқанды қайталау. Мен мұғалімнің осы қателегін жөндегенін қалар едім»

Презентация

Жаднама қағаздарын таратады.

Осы белсенді оқыту стратегияларын пайдалану арқылы «Жаңашыл сабақ»  үлгісін  презентациялайды

Ресурс қағаздары

Постер қорғау

Бір адам күнде жұмысқа барар кезде 9- қабаттан төменге лифтімен түседі екен де, жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен,неге? Себебі ол лилипут екен.

Сергіту сәті

«Сұрақтар шеңбері»  егер, онда, өйткені

04.12.2014

Тақырыбы:

Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер

Сілтеме:

Нұсқаулық

Мақсаты

Сабақ үрдісіндегі  жаңа әдіс- тәсілдердің  оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер туралы  жаднама тарату.

Оқу нәтижесі:

Оқу үрдісінде әңгімелесудің маңыздылығын түсінеді;

Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;

Жаңа-әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;

Оқушыларға  қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті оқушы даярлайтынын  сезінеді:

Түйінді идеялары:

Әңгімелесу- мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.

Барысы:

    1.Қызығушылықты ояту Тренинг «Темір жол вокзалы»

                                 Билеттер  нөмірі бойынша  топқа бөліну.

    2.Ой қозғау. «Әлемнің жеті кереметі бала көзімен ...»

    3. Белсенді оқыту стратегиялары  (топтастыру стратегиясы)

    4. Жаңашыл сабақ үлгісін презентациялау

    5..»Ой түйін. М.Әуезовтің «Ай,Қаракөз» трагедиясынан үзінді көрсету

     6. .Бағалау Шығармашылық шабыт   «Қазақ әдебиетінің жауһарлары» ,»Айбыны мықты,рухты тіл», «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ойтолғау, РАФТ әдісімен кейіпкермен сырласу хат, эссе жазу.

7.Рефлексия

Жұмыс мазмұны

Коуч мұғалімнің іс- әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

Тренинг

3 мин

Темір жол вокзалынан «Орал- Астана» бағытында жолаушылар пойызының аттанатыны және  жолаушыларды вагондарға  отырғызу басталғандығын хабарлайды.

Коучинг сессия мақсатымен таныстырады.

Билеттер сатып алу арқылы топқа бөлінеді

Билет қағаздар

Ой қозғау стратегиясы

«Әлемнің жеті кереметі» туралы бейнебаян арқылы ой шақыру.

Проблемалық сұрақ туындайды.

Әлем таңғажайыптарға толы, оның тұңғиық  сырларын ашу үшін бала көзімен оның сол ғажайып сырларды көре білуі, ести білу, сезіне білуі және  сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру үшін

 не істей аламыз? Қалай оқытамыз?

Оқытудың қандай белсенді  әдістерін  пайдалана аламыз?  Мұғалімдерге парақшалар таратылады.

 Мұғалімдер бүгінгі білім берудегі өзгерістер туралы айта келе, ой- санасы дамыған, өмір сүруде бәсекеге қабілеті тұлға тәрбиелеуде  кәсіби шеберлігі қалыптасқан

мұғалім болу  қажеттігін айтады деп күтіледі.

Олар топтастыру  арқылы  белсенді оқыту әдістері туралы  не білетіндіктерін жазады

Белсенді оқыту стратегиялары тақырыптыры жазылған парақшалар

Презентация

Жаднама қағаздарын таратады.

Осы белсенді оқыту стратегияларын пайдалану арқылы «Жаңа сабақ »  үлгісін  презентациялайды

Ресурс қағаздары

Постер қорғау

Ой түйін

Кеңейтілген шығармашылық тапсырма

Осындай төл әдебиетіміздің алтын жауарлары  ұлттық қазынамыздың сарқылмас байлығы.Ұлтымыздың рухы –тіл болса, рухани асыл қазынасы-әдебиет. Рухымыздың намысын жоғары ұстайтын , рухани сарайы мол шәкірт тәрбиесінде сәуле таратушы біз болсақ осындай ұлттық құндылықтарымызды  ұрпақ санасына сіңіруде шығармашылық шабыт, кәсіби шеберлігіміз шыңдала берсін

Шығармашылық шабыт   «Қазақ әдебиетінің жауһарлары» ,»Айбыны мықты,рухты тіл», «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ойтолғау, РАФТ әдісімен кейіпкермен сырласу хат, эссе жазу. Поззиялық оқу

 М.Әуезовтің «Ай,Қаракөз» трагедиясынан үзінді көрсету

10.22-12.00 мин

1.27.-1.32мин.

Сергіту сәті

Крокодил Генаның әні «Жасыл вагон»

Бағалау

Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі  неде?

Түйінді ой

Слайд

Дереккөз «МАН»

.

   Кері байланыс

Стикерлерге :

Коучингтің әсері қандай ?

Өз іс- тәжірибеңе әсері болды ма?

Болашақта осындай коучингке  қандай мәселе ұсынар едіңіз?

Рефлексия парағын толтырып,өз әсерлерін, іс-тәжірибесіне тигізер пайдасы, болашақта коучингте қандай мәселе қаралуына ұсыныстарын айтады.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Кадрешова Салтанат Мажитовна

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Коучинг | Қосты: Kadreshova-Saltanat (22.01.2015) | Автор: Кадрешова Салтанат Мажитовна W
Көрсетілім: 3466 | Ілмек сөздер: тәсілдер., әдіс, Жаңа, ОҚЫТУДАҒЫ | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0