Сайт учителя начальных классов
.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Панель 1
Панель 2

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг жоспары

ІІ деңгей (негізгі)деңгей сертификат мұғалімі:

 Зайырбаева Бибіжан Кәдіржанқызы

29.08.2014

 

 

Сабақ тақырыбы:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Жалпы мақсат:

Оқыту үшін бағалауды іс-тәжірибесінде қолдануларына ықпал жасау; Өзара бағалауға үйрету; бағалаудың формативті және суммативті түрлерімен таныстыру;

 ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуіге үйрету

 Әр тыңдаушының тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 109-114-б

Үлестірмелі нұсқаулық

 Оқу нәтижесі

Бағалау әдістермен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінуі; Жаңа әдістерді тәжірибесінде қолдануы    

Түйінді идеялар:

Мұғалімдерді өзгерістерге дайын болуға, жаңа талаптар жөнінде түсініктерін қалыптастыру; олардың  табысты еңбек етуге   дайындау; мұғалімдердің  іс-әрекеттері негізінде білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.   

Сабақта қолданылатын материалдар:

 флипчарттар,стикер, интерактивті тақта,презентация, маркер, қалам, желім,  түрлі- түсті қағаз, қайшы,

Оқыту әдістері:

ОүБ және оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. жұптық жұмыс

2. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Интернет жүйесі, портал материалдары

Тапсырмалар:

«Кортоп егу» ойыны, топтың ережесін құру,«Тамақ түрлерінің құрылымы» поспермен жұмыс, «Әлем кафесі» әдісі, «екі жұлдыз, бір білек» формативті бағалау, «Сыйлықтар жасау» атты тапсырмада, «Сақина» ойыны,  диалогты қолдана отырып жағдаяттарды талдау,  тақырып бойынша түрлі-түсті қағаздармен жұмыс, стикер арқылы формативті бағалау, сергіту сәті, жұппен жұмыс, рефлекссия

Оқуға арналған тапсырма:

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық.109-114беттер

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Жүргізілген тапсырмалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

1

Картоп егу процесін көрсету

Жағымды психологиялық ахуал тудыру

Қатысушылардың көңіл-күйлерінің көтеріңкі болады.

Жағымды әуен

2

 

Тамақ түрлерінің жасалу жолдары арқылы топқа бөлу.

 

Қатысушыларға кез келген топта отыруға мүмкіндік беру;

Миға шабуыл арқылы басқа тапсырмаларды орындауға дайындық жасау

Кеспе қағаздарды таңдап, оларда жазылған іс-әрекет қай тамақ түріне байланысты екендігін анықтап топтарға бөлінеді.

Тамақтың жасалу жолдары жазылған кеспе қағаздар. Топтың аты мен суреті жазылған  қағаздар.

3

Тапсырма:

      «Әлем кафесі» әдісі.

 

 

 

 

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек»

 Қатысушылардың іс-әрекетті дұрыс бағалау үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу және формативті бағалауға үйрету

Әр топтан көшбасшы қатысу-шы анықталады,  әр қатысушы өз ойларын айтады,  басқа топтың тап-сырмасын түсініп өз пікірлерін ай-тады.

«екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Флипчарт, маркер, стикер

4

Ұлттық ойындардың бірі «Сақина» ойынын ойнату

Сақинаның орнына ойыншық мөрді ала отырып, мөрді таңдаған адамға келесі тапсырманы формативті бағалауына мүмкіндік беру.

 

Ойыншық мөр

5

Постерде жұмыс. Келесі жылы мектебіміз күрделі жөндеуіне байланысты жаңа мектептің жобасын салу

Формативті бағалауды үйрету арқылы оқуға деген ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру

Әр топ өз жобаларын постерде салады.  Тарсырманы жасау барысында барлық мүмкіндіктерді пайдаланады, жобаның  ішкі және сырттқы факторлары ескеріледі.

Флипчарттар, маркерлер, стикерлер, магниттер

6

Постерді бағалау. Алдындағы ойынның жеңімпазы ұтып алған мөрі бойынша әр топтың постеріндегі ұнаған, тиімді, ұтымды жерлеріне мөр басу арқылы бағалайды

 Өздерін және өзгені бағалауға дағдылан-дыру.

Өз ойларын анық жеткізе отырып, бағалаып мөр басады.

Ойыншық мөр

7

Әр елдің волютасы арқылы топқа бөлу.

Қатысушылардың орындарын ауыстыру арқылы өз ойларын білдіруге мүмкіндік беру

Кеспе қағазға жасырылған волютаның түрін таңдап, топқа бөлінеді.

Әр елдің волюталары

8

Зволюталар арқылы дүкеннен заттар алып, сол заттардан сыйлықтар жасау.

Топта ынтымақтастықта жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерінің артуына ықпал ету.

Бірін бірі бағалауға үйренеді. Жиынтық бағалау үшін алдын ала бағалау өлшемдерін құрастыруға үйненеді.

Түсті қағаздар, желім, скотч, қайшы.

9

Топқа бөлу.

Стакандардағы сусынды ішу арқылы, стакан түбіндегі стикерлердің түріне байланысты топтарға бөлу.

Көңіл-күйлері көтеріліп, топ мүшелері араласып, басқа қатысушыларымен өзара бірлескен жұмыс жасайды.

Стакан, смайликтер,  сусын

10

Жағдаяттардан шығу.

1) сабақ үлгірімі нашар оқушының ата-анасы мен сынып жетекшісінің арасындағы әңгіме;

2) ҰБТ-леуге дайындық кезіндегі байқау тестілеулерінен төмен ұпай алып жүрген оқушының ата-анасы мен директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасарының арасындағы әңгіме

3) төменгі сынып оқушыларына қысым көрсеткен жоғарғы сынып оқушысының ата-анасымен сынып жетекшісінің арасындағы әңгіме.

4) көңіл-күйі өзгеріп жүрген оқушымен ата-анасы арасындағы әңгіме

 

 

 

 

 

Диалогтік оқуды сабақтарда бағалау үшін, критерийлер мен дискрипторлар құруға үйрету

 

 

 

 

 

Критерийлер мен дискрипторларды ажырата алады, жиынтық бағалауға үйренеді.

 

 

 

 

 

 

Стикерлерге жазылған жағдаяттар,

11

Ақпарлама

«оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» туралы POWER POINT  арқылы қысқаша мәлімет беру

Қатысушылар көрсетілім арқылы бағалау түрлері мен тынасады.

Презентация, интерактивті тақта

12

Рефлексия ,

 

«Бір сурет, бес сөз»

Коучингтің өту барысын, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен пайдасы жайлы қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын анықтау

 

Стикерлер.  Жаңа оқу жылын көк теңізде қалқып келе жатқан кемеге  теңей отырып стикерлерін жапсыратын кеме нің суреті

 

ID: 5833 | Просмотров: 4622