Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Коучинг

Коучинг "Құзіретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалімнің рөлі"

Коучинг "Құзіретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалімнің рөлі"

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Коучинг "Құзіретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалімнің рөлі"







































Коучинг  сессияның тақырыбы:



Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі



Мақсаты:                     



Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау көрсету,ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру



2. Әр отбасының, мұғалімнің  бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.



Міндеттері:



1.Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын, жауапкершілігін арттыру.



2.Оқушыларды өмірлік жетістіктерге жетуге ұмтылдыру.



3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру



4. Оқу- тәрбие үрдісінде мектептің, ата-ананың тығыз байланысты  үйлесімді жүргізу.



Күтілетін нәтиже:



Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін ұғынады,  тиімділігіне көз жеткізеді.Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді.



Сабақта туындаған негізгі  идеялар:



 Құзіретті тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау.



Тапсырмалар:



  «Танысу» тренингі



(3мин)



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



«Тұлғаны тану» жәрмеңкесі» кофе-брейк.



10 мин



 



Ой шақыру.



(5 мин)



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



Практикалық жұмыс



(7 мин)



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



 



Ой жалғау тренингі



 



 



 



 



 



 



 



Құрастыру ойыны



 



 



Түйінді ой



 



 



Кері байланыс



(2 мин



 



Балаың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеуде жарасымдылық мектеппен ата-ананың әлеуметтік ортаның бірлесіп жұмыс істеген жағдайда үйлесімділік табады.Ендеше бүгінгі коучингімізді танысу тренингінен бастайық.Ортаға ата-аналар, мұғалімдер «Шаттық шеңберін» құрайды.Шеңберіміз-көктегі жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып біз- бір-бірімізге жылылық, жақсылық сыйлайық.Ата-ана, мұғалімдер есімдеріне сын есім қосып айту арқылы  тілектер айтады.



    Еркін атмосфера орнату , жақынырақ танысу, мұғалім мен ата-ананың жеке тұлғаның қасеттерін тану, білу мақсатындағы қарым- қатынас мәдениетін орнықтыру.



Жемістер таңдау арқылы топқа бөлініп отырады. Ақшыл жеміс-ақылдылықтың белгісі, сары жеміс- байлықтың нышаны, қызыл жемісті таңдағаныңыз – бақытқа кенелгеніңіз.



Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзінде» :



«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқаныны ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.»деген ақын мұрасының өміршеңдігі замана озған сайын маңызы арта түседі.Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған ізгілікті, шынайы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов : «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын.Білімі мен тәрбиесі ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ана рөлі қандай болмақ?



Топтарға жалпы тапсырма:



-Құзіретті тұлға деген кім? )Құзіретті тұлғаға қандай қасиеттер тән?? Тұлға қасиетін ашатын сөздер  тауып  жазады. Сол сөздерден  кластер құрастырады. (қабілетті, өмірге сүруге бейім, коммуникативті, мәдениетті, мақсатшыл, қызығушылығы жоғары, іскер, білімді, төзімді, ұстамды)



Құзіреттілікті  қалыптастыруға арналған бейнеролик көрсетіледі.



Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «мен» ментолитетін және белгілі бір құзіреттілікті  қалыптастыру негізгі субъект болмақ. Құзіреттілік -белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді - деп көрсетеді.



Топтық тапсырма:



1- топ Осы сөздердерді негізге ала отырып,  құзіретті тұлға қасиеттерін ашу.



2- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?



3- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады.



Карандаштың 5 қасиеті.                                



 



   Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:



   -Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз  гой, иә? –деп сұрайды.



    -Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, менің немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді.  Бала карандашқа  таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.



Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді



Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішіне үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.



Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді    ......        астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді.



Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады.     ........ астарлы ой:  қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.



Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің.  ......   астарлы ой:  Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.



Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астарлы ой:  Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.



Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астарлы ой : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді. Бұл сыни ойлауға арналған тапсырмадағы астарлы ойды топ мүшелері  өздері ой түйіп айтады.Қызылмен көрсетілген сөздер көрсетілмейді.



Құрастыру бөлшектері арқылы бір заттың макетін құрастыру.Құзіретті тұлғаны қалыптастыру идеясы болуы шарт.



Сұрақтар : Сіз осы затты жасауға қандай мақсат қойдыңыз? Қандай іс- әрекет болды?  Сол жолда сізге не қажет болды және қиындықтар кездесті ме?



2 жұлдыз,тілек әдісі бойынша әр топ бірін-бірі бағалайды.



Қорытынды:



(2мин)



«Түсінісу теоремасы» Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.



-Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? -                         



- Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?



       Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.

Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады



 



Дереккөздер:



ғаламтор мәліметтері.




Карандаштың 5 қасиеті



Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:



   -Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз  ғой, иә? –деп сұрайды.



    -Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес,  немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді.  Бала карандашқа  таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.



Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді



Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішкі сырына  үңілуге байланысты. Бұл қарандашта  5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.



Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді    ......        астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді.



Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады.     ........ астары:  қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.



Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің.  ......   астары:  Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.



Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астары:  Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.



Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астары : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді.



Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?



(Ата-аналарға кеңес )




  •  Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

  •  Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

  •  Бала  тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына  сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

  •  Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

  •  Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

  •  Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

  •  Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

  •  Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

  •  Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

  •  Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

  •  Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Кадрешова Салтанат Мажитовна

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Коучинг | Қосты: Kadreshova-Saltanat (14.10.2014) | Автор: Кадрешова Салтанат Мажитовна E
Көрсетілім: 2863 | Ілмек сөздер: Құзіретті тұлға, ата-ана, Коучинг, қалыптастыру, мұғалімнің рөлі | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 3
Қонақтар: 3
Тіркелгендер: 0