Металл мен бейметалдарға жалпы сипаттама

Металл мен бейметалдарға жалпы сипаттама

Күні/айы: 14.01.2015

Пәні: Химия. 10 сынып

Сабақ № 2

Сабақтың тақырыбы

Металл мен бейметалдарға жалпы сипаттама

Жалпы мақсаты

 

 

Металдар мен бейметалдар туралы түсінік беру;оқушылардың ойлау, есте сақтауң еркін сөйлеу қабілеті мен шығармашылығын арттыру, топтағы ынтымақтастыққа тәрбиелей отыра, сыни тұрғыда ойлай отырып әділ баға беруге дағдыландыру.

Жұмыс  түрі

Жұптық, жеке, топтық

Оқыту әдісі

Оқушылар  металдар мен бейметалдар туралы түсінік алады, оларды ажырата алады, қасиеттерін таба алады.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар металдар мен бейметалдармен таныса отырып,  өз ойларын жеткізе алады; тақырыптарын ашып, түйінді ойын айтады; шығармашылығын арттырады, ынтымақтастыққа үйренеді; сыни ойлай алады.

Ресурстар

Электронды оқулық, кітап, маркер, постер, стикер, т.б.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім  әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі 

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2. Бағалау критерийлерін жасау

Сабақтың мақсатын хабарлау.

1) Амандасу    2) Топқа бөлу

1. Өтілген материалмен жұмыс. Металдар мен бейметалдар электрондық формуласын жазуды талап етеді.

2. Сабақтың тақырыбы  мен мақсатын айтуды сұрайды.

 

1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.Бір-біріне деген жақсы  қарым-қатынас орнатады.

1. Әр топтан 2 оқушы тапсырманы жұп болып орындап береді. Одан кейін бүгінгі сабаққа болжам айтады.

2минут. (диалогтік оқыту-жұп түрінде)

2. Сабақтың тақырыбы  мен мақсатын айтады.

Негізгі бөлім

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Электронды оқулықтан металдар мен бейметалдар туралы жазбаны тыңдатады.Әр топқа тапсырма беріледі. ПЖ бір элементке жалпы сипаттама беру.  Мұғалім тақырыпты меңгерту мақсатында «Өкіл жіберу» әдісін пайдаланады. Яғни, әр топ спикері келесі топтарға өздеріңе берілген тапсырманың мазмұның айтып-түсіндіріп беретіндігін айтады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту. Мұғалім жаңа тақырып бойынша тапсырма береді. Мұғалім тапсырманы орындау шартымен таныстырады.

Электронды оқулықтан металдар мен бейметалдар туралы жазбаны тыңдайды. Оқушылар жеке-жеке тапсырманы оқып танысып алады, содаң соң жұпта, топта бірлесіп талқылап жұмыс жасап, топ спикері келесі топтарға өздеріне берілген

тапсырманы «Өкіл жіберу» әдісі арқылы айтып-түсіндіріп береді.10 минут. (Өкіл жіберу әдісі, диалогтік оқыту әдісі) Смайликтер арқылы бағалау

Топтар берілген тапсырма бойынша алған білімдерін бекітеді. 7 минут дайындалуға.

 1 топ. 1. Металдарға тән реакцияларды жазыңыз.

2 топ. 1. Бейметалдарға тән реакцияларды жазыңыз.

3 топ. 1. Екідайлы металдарға тән реакцияларды жазыңыз.

4 топ. 1. Кальцийдің қышқылдармен әрекеттесуін жазыңыз.

5 топ. 1. Натрийдің қышқылдармен әрекеттесуін жазыңыз.

 

Бекіту, қорытынды

Мұғалім оқушыларға эссе жазуды береді. Музыка жүріп түрады.

Оқушылар дәптерге эссе жазады. Әр топтан бір оқушы оқып береді. «Оттек-менің өмірімде» (Жеке жұмыс) 5 минут.

Сергіту сәті

Мұғалім АКТ-ні қолдана отырып әнді қояды. (флешмоб)

«Қызылжар» әніне қимыл-қозғалыс жасайды. 2 минут

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

- өзара бағалау

- спикер бағалау қағазын толтыруды аяқтайды;

- мұғалімнің бағалауы.

1.Жалпы сабақ барысын бағалау критерийлері:

1.Белсенді қатысуы :3-5

2.Топта талқылауға қатысуы:3-5

3.Дұрыс жауап беруі: 3-5

4.Топ ережесін сақтай білуі(тәртібі): 3-5

Үйге тапсырма

§4.1.  № 4, 5.

Үйде оқу

«Қазақстандағы металл кен орындары туралы ақпарат біліп келу».

Рефлексия

Өткен сабақ бойынша барлық оқушылар рефлексия қағазын толтырады        Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

           

 

 

Рефлексия

 

 

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

 

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

 

 

1.

2.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты

 

 

1.

2.

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Сапаргалиева Айгуль Бекетовна

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақ мектеп-гимназиясы

18
Декабрь
0
2059
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.