Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Химия

Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар

Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Химия 10 сынып күні: 13.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар
Сабақтың мақсаты:
Жаңа білім Металл мен бейметал химиялық элементтерді біледі.олардың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы және атомдық қасиеттерімен танысады.
Жаңа түсінік Атом құрылысы бойынша металдар мен бейметалдардың ажыратады.металдар және бейметалдардың иондау энергиясын,электронтартқыштығын,электртерістіктерінсалыстырады.Бұл қасиеттердің периодтық кестеде өзгеру заңдылықтарын бақылайды.
Қолданым әрекеті Элементті атомдық қасиеттері бойынша металдарға және бейметалдарға жіктейді.Металдардың және бейметалдардың атомдық қасиеттерін периодтық жүйедегі орны бойынша салыстырады.
Талдау әрекеті Перидтық жүйедегі орны бойынша металдарға және бейметалдарға толық сипаттама береді.
Шығармашылық әрекет Металтектес элементтердің атомдық қасиеттерін басқа элементтердікімен салыстырып ,осы атауға анықтама қорытады.
Сабақ құрылымы:
І .Ақпарат алмасу
ІІ.Құзырлық қалыптастыру
ІІІ.Шығармашылық қалыптастыру
Сабақ типі: фронтальді,жұптық,топтық.
Оқыту әдісі: Репродуктивті ,ішінара,ізденушәләк.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Оқушыларға бағыт –бағдар береді,қажет болған жағдайда көмектеседі.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Металл,бейметал,химиялық элемент,электрон қабаты,атом радиусы,иондау энергиясы,электронтартқыштық,электртерістік,периодтық жүйе,s-элемент, p- элемент,d-элемент, f-элемент.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Тақырып бойынша әр түрлі танымдық сурақтарды шешу,белгіленген мақсатқа қол жеткізу,өзін-өзі дамыту,топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру,өз ойын топ алдында қорғай білу.
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушыға сабақ блоктарының тапсырмаларын орындауы,топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі / 5 минут/
А) Оқушылармен сәлемдесу,психолгиялық ахуалын тудыру.
Б) Сыныпты 2 топқа болу,ережемен таныстырып өту.
В) Топбасшысын сайлату
С)Бағалау парақшасын тарату
Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау «Кім көп біледі «әдісі бойынша тексеру
1.Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?
2. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл?
3. Ең қатты металл? 4. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?
5. Индекс, коэфициент нені көрсетеді?
6.Ең жеңіл металл
7. Ең ауыр металл
8. Ең тез балқитын металл
9. Ауада жанатын сілтілік металл
10. Қанның құрамына кіретін металл
11. V топтың металл элементі
Үй тапсырмасын бекіту.
«Мен не білдім?»
ІІІ. жаңа сабақ І .Ақпарат алмасу / 10 мин/
Слайдтар:
1.слайд. Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.
Б.Момышұлы
Сабақ жоспары
• Периодтық жүйедегі орындары
• Атомдарының құрылысы құрылысы
• Атомдық қасиеттері: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштығы және электртерістігі
Периодтық жүйедегі орындары
• 88 металл және 22 бейметалл белгілі
• Металдар мен бейметалдарды B-Si-As-Te-At диагоналі бөледі
2 слайд. Периодтық жүйедегі орындары
• Металдар: B-Si-As-Te-At диагоналінің төмен жағында
• Бейметалдар: B-Si-As-Te-At диагоналінің жоғары жағында

3 слайд.Бейметалл атомының құрылысы
4 слайд. Полоний және бор мысалы

5 слайд

6 слайд


7 слайд

8 слайд

ІІ. Құзырлық қалыптастыру /15 мин/
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.Металдар мен бейметалдардың периодтық жүйедегі орындарын қорытындыландар.
2. B-Si-As-Te-At элементтер қатарының мәні неде?
3.Металдар қалай жіктеледі?
4.Бейметалдар қалай жіктеледі?
5.Металл мен бейметалл атомдарының құрылысының басты ерекшеліктері қандай?
ІІ деңгей
1.Келесі қатарлардағы элементтердің арасынан артық элементтерді көрсетініз
А. AL,Si,As,Se Ә.Ca,S,Na,Ga Б.Sr,Ba,Ge,Co В.Ga,Sn,Rb,Sb
2.Сурьманың электрондық және графиктік формулаларын жазыңыз.Оның металдарға жатқызылу себебін түсіндіріндер.
3.Мына элементтер қатарын аталған қасиеттерінің арту реті бойынша орналастырыңдар.
Атом радиустары бойынша:Ва, Ga,Те,Вг,Ne
Электртерістігі :В, Ge,Сs,І, S
Металдық қасиеттері бойынша: Ca, Se, Ga, Вг,К
Бейметалдық қасиеттері бойынша ; Sn,Те, Rb,І, Sr
ІІІ деңгей
1.ПЖ орны бойынша стронциға толық сипаттама беріндер
2.ІІІ топтың белгісіз элементтінің оксидіндегі оттектің массалық үлесі 25,5% .Оксидтің химиялық формуласын анықтаңыз.
ІІІ .Шығармашылық әрекет.
2. «Ауызша есептер»
1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)
2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2,5 моль)
3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер? (201,6 г)
4. 32 г күкірттің зат мөлшері нешеге тең? (1 моль)
5. 2 моль оттек көлемін табыңдар? (44,8л)
ІІІ.Шығармашылық әрекет./10 мин/
Топтық жұмыс Металдар мен бейметалдарды бөлетін диагональға жақын орналасқан В, Si, Ge, As, Sb,Те, кейде Ро,Аt,Se элементтерін металтектестер деп атайды.Бұл элементтердің атомдық қасиеттерін типтік металдар мен бейметалдармен салыстырындар.
Қорытынды ретінде «металлойдтар»терминіне өз сөздерінмен анықтама беріндер.
Кластер құру «Метталдар » 1 жұп, «Бейметалдар »2 жұп
Формативті бағалау: /2мин/ Ынталандыру, қол шапалақтау, «бас бармақ»,
бағалау парағы, 2 жұлдыз,1 тілек , жарық жұлдыз ,бағдаршам әдісі , мадақтау, жиынтық бағасы
Рефлексия /3 мин/ «Блоп ағашы» бойынша оқушылардан бүгінгі тақырып бойынша білімдерін анықтату;
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
Үй тапсырмасы & 4:1

Химия 10 сынып күні: 20.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі.
Сабақтың мақсаты:
Жаңа білім Металл мен бейметал бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуін біледі.олардың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы және атомдық қасиеттерімен танысады.
Жаңа түсінік Атом құрылысы бойынша металдар мен бейметалдардың ажыратады.металдар және бейметалдардың иондау энергиясын,электронтартқыштығын,электртерістіктерінсалыстырады.Бұл қасиеттердің периодтық кестеде өзгеру заңдылықтарын бақылайды.
Қолданым әрекеті Элементті атомдық қасиеттері бойынша металдарға және бейметалдарға жіктейді.Металдардың және бейметалдардың атомдық қасиеттерін периодтық жүйедегі орны бойынша салыстырады.
Талдау әрекеті Перидтық жүйедегі орны бойынша металдарға және бейметалдарға толық сипаттама береді.
Шығармашылық әрекет Металтектес элементтердің атомдық қасиеттерін басқа элементтердікімен салыстырып ,осы атауға анықтама қорытады.
Сабақ құрылымы:
І .Ақпарат алмасу
ІІ.Құзырлық қалыптастыру
ІІІ.Шығармашылық қалыптастыру
Сабақ типі: фронтальді,жұптық,топтық.
Оқыту әдісі: Репродуктивті ,ішінара,ізденушәләк.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Оқушыларға бағыт –бағдар береді,қажет болған жағдайда көмектеседі.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Металл,бейметал,химиялық элемент,электрон қабаты,атом радиусы,иондау энергиясы,электронтартқыштық,электртерістік,периодтық жүйе,s-элемент, p- элемент,d-элемент, f-элемент.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Тақырып бойынша әр түрлі танымдық сурақтарды шешу,белгіленген мақсатқа қол жеткізу,өзін-өзі дамыту,топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру,өз ойын топ алдында қорғай білу.
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушыға сабақ блоктарының тапсырмаларын орындауы,топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі / 5 минут/
А) Оқушылармен сәлемдесу,психолгиялық ахуалын тудыру.
Б) Сыныпты 2 топқа болу,ережемен таныстырып өту.
В) Топбасшысын сайлату
С)Бағалау парақшасын тарату
Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау «Кім көп біледі «әдісі бойынша тексеру .
1.Металдар қалай жіктеледі?
2..Бейметалдар қалай жіктеледі?
«Мен не білдім?»
ІІІ. жаңа сабақ І .Ақпарат алмасу / 10 мин/
Слайдтар: Сабақ жоспары
• Электродтық потенциал
• Металдардың электрохимиялық кернеу қатары
• Металдардың химиялық қасиеттері
Электрод-ерітінді жүйесі
Электродтық потенциалБейметалдармен әрекеттесуіБейметалдармен әрекеттесуіБейметалдармен әрекеттесуі


Бейметалдармен әрекеттесуі

ІІ. Құзырлық қалыптастыру /15 мин/
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей Электодтық потенциал дегеніміз не?
Металдардың сумен әрекеттесуі белсенділігін салыстырындар.
ІІ деңгей Массасы 2,3 г натрий металын 50г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі еріген заттардың массалық үлесін анықтандар
ІІІ.Шығармашылық әрекет./10 мин/
Топтық жұмыс металдардың тұрмыста және өнеркәсіпте қолданылуына мысалдар келтіріндер Олардың қолданысын химиялық қасиеттерімен байланыстырындар.
Формативті бағалау: /2мин/ Ынталандыру, қол шапалақтау, «бас бармақ»,
бағалау парағы, 2 жұлдыз,1 тілек , жарық жұлдыз ,бағдаршам әдісі , мадақтау, жиынтық бағасы
Рефлексия /3 мин/ «Блоп ағашы» бойынша оқушылардан бүгінгі тақырып бойынша білімдерін анықтату;
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
Үй тапсырмасы & 4:3

Жалпы мақсаты Металдар мен бейметалдар туралы ақпарат беру.
Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын,атауларын ажырата білуге үйрету.
Топта еркін жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже Металдар мен бейметалдар таралуы туралы білетін болады. Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын, атауларын ажырата білуді үйренеді.
Топта еркін жұмыс жасай алады

Негізгі идеялар Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Элементтер-бейметалдар қалыпты жағдайда әр түрлі агрегаттық күйде болатын жай заттарды түзеді

Тапсырмалар Жұптық жұмыс
«Кім көп біледі» Топтық жұмыс
«Жоба қорғау»
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)
Сынып оқушыларын суреттерді қиындыларын құрастырып 2 топқа бөліп топтастыру.
(Металдан жасалған ракетаның суреті мен бейметалдардан йодтың суреті)

1- топ: “Металдар”
2- топ: “Бейметалдар”

ІІ.Талқылау үшін сұрақтар. (2-3 минут)
1.Химиялық элементтер неше топқа бөлінеді? (Металдар және бейметалдар)
2.Неліктен олай ойлайсың? (Периодтық кестедегі металдар мен бейметалдардың орналасу тәртібіне тоқталады)
3. Олай болса металдардың бейметалдардан айырмашылығы неде?

ІІІ. Жұптық жұмыс «Кім көп біледі?» (5 минут)
Металдар тобы Бейметалдар тобы
1.Өнеркәсіптің негізгі металы?
2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады?
3. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?
4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл?
5. Ең қатты металл?
6. Шаршамайтын металл?
7. Азотты ашқан ағылшын ғалымы?
8. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?
9. Индекс, коэфициент нені көрсетеді?
10. Мырыш сульфидінің қандай қабілеті бар?
1.Ең жеңіл металл
2. Ең ауыр металл
3. Ең тез балқитын металл
4. Ауада жанатын сілтілік металл
5. Қанның құрамына кіретін металл
6. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл
7. Қиын балқитын, қатты ақ түсті металл
8. V топтың металл элементі
9. Металлургияны грек тілінен аударғандағы қазақша баламасы.
10. Өнеркәсіптік әдіспен алынатын минералдарды не деп атаймыз

Жұптар дайын үлгі жауаппен бірін-бірі бағалайды

ІV. Топтық жұмыс «Жоба қорғау» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Металдар тобына «Тұжырымдамалық карта»
Бейметалдар тобына «Концептуалдық кесте»
бағалау

Ү. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)

Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар Жауаптары
Білу Химиялық элементтер нешеге бөлінеді?
Түсіну Металдар мен бейметалдардың периодтық жүйеде орналасу тәртібін түсіндіріңіз
Қолдану Реакция теңдеулерін аяқтаңыз

Талдау Металдар мен бейметалдардың айырмашылығы мен ұқсастықтарына мысалдар келтіріп салыстырыңыз
Жинақтау Мына айналымдарды жүзеге асырыңыз

Бағалау Химия өндірісінде металдардың маңызы неде?

бағалау

Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Кейінгі тапсырмалар Жаттығу №2,4 орындау 82-бет.

Металдар мен бейметалдар және олардың
қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс.
Сабақ тақырыбы:Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс
Сабақтың мақсаты: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыстар туралы білімді қорытындылау.
Міндеттері:
1. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау,материалды меңгеру дәрежесін бекіту;
Оқушылар тәжірибе арқылы генетикалық байланыстарды іс жүзінде жүзеге асыруға теориялық білімдерін қолдану;
2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;
3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабағы
Әдісі:Есептершығару, сұрақ-жауап,демонстрация,есептершығару,ойындар,деңгейлік тапсырмалар, академиялық дау-дамай, болжау әдісі
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.
Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесі,тақта, бор.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,медицина,биология, сурет,география
Күтілетін нәтиже:
Теориялық білімдерін шыңдайды;
Есептің шығару жолын түсіндіреді;
Генетикалық байланыстарды жүзеге асыра алады;
Топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді

Сабақтың эпиграфы:Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.
Б.Момышұлы
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):
А) Оқушылармен сәлемдесу
Б) Сыныпты 4 топқа болу
В) Топбасшысын сайлату
С)Бағалау парақшасын тарату
Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1. Есептер шығару
І топ
Құрамында 4℅ қоспасы бар 20г әктастан 12г кальций оксиді алынған .Алынған өнімнің шығымын тап
ІІ топ
Массасы 10г натрий гидроксиді мен 20г тұз қышқылы әрекеттескенде түзілген тұздың массасын тап
ІІІ топ
Массалық үлесі 20℅ 150г күкірт қышқылы мырышпен әрекеттескенде қ.ж. неше көлем сутегі газы бөлінеді?
І V топ
Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрациялы азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж.) бөлінді.Қоспаның құрамын анықтаңдар.
3. «Ауызша есептер» (8 мин)
1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)
2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2,5 моль)
3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер? (201,6 г)
4. 32 г күкірттің зат мөлшері нешеге тең? (1 моль)
5. 2 моль оттек көлемін табыңдар? (44,8л)
6.5л сутектің зат мөлшері нешеге тең? 0,22 моль)
7. Массасы 177.5г хлордың (қ.ж.)көлемі (56 л)
8. 2 моль темірдің атом санын тап (12,04*10 23)
9. 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер.
10. Массасы 22 г көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) табыңдар. (11,2л )
11. газдың 1 литрінің (қ.ж.) массасы 1,875 г. Осы газдың молярлық массасын табыңдар. (42 г/моль)
12. 1 моль азоттың массасы нешеге тең? (28 г)
4. « О й шақыру» (4 мин)
1. Темірдің маңызды құймаларын атаңыздар?
2. Шойын мен болаттың басты айырмашылығы қандай?
3. Шойынның қандай түрлерін білесіңдер?
4. Шойыннан болат дайындау дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Легирленген болат дегенді қалай түсінесіздер және құрамына қандай элементтер кіреді?
Үй тапсырмасын бекіту, қорыту:
«Мен не білдім?»
« Сабақ мен үшін түсінікті болды немесе түсініксіз болды?»
ІІІ Жаңа сабаққа көшу
(Қызығушылығын ояту)
«Болжау әдісі» (3 мин)

K Li CaO Na SO3 CO2 H2SO4 NaOH CaCO3 Байланыс «Ген» C P
Коваленттік полюсті Иондық байланыс

1.Бұл сөздерді не үшін ұсынып отырмын?
2. Әңгіме төркіні не туралы болмақ?
3. Қандай мағыналар береді?
Оқушылар жауабымен келісі отырып, келесі болжамды ұсыну.
Реакция теңдеуді жазу.
ІV. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Металдар мен бейметалдар,олардың арасындағы генетикалық байланыс»
Оқушылармен бірге бүгінгі сабаққа мақсат қою.
Ерте-ерте, ертеде,ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде «бейорганика» деген шал өмір сүріпті.Оның 4 ұлы болыпты.Ал, кәне балалар осы 4 ұлдың атын атай қойыңдаршы:
1.Оксид
2. Негіз
3.Қышқыл
4. Тұз
Бір күні шал балаларын жинап алып, өсиет айтыпты: «Балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын.Талапты азамат ертеңгі күнін ойлар, бір апта уақыт беремін, жан-жақты зерттеп, шарлап, әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер», - депті.
Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті.Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралып, олжаларымен бөлісіпті.
Оқушылар «Бейорганика» шалдың балалары қандай олжа әкеліпті?
Бейорганика шал : бұларыңа өте дән ризамын, балаларым, алдағы уақытта бір-біріңнен ажырамай бірге өмір сүріңдер деген екен.
Балалары ақылдаса келіп,қасынан үй салып,үйдің арасын бір-бірімен байланыстырып,дуалмен біріктіріп қоршапты.Содан бері олар бірнен-бірі ажырамай, мынадай тізбек құрып,араласып тұратын болыпты.Олардың қасиеттерін жақсы білетін жақын көршілері ғана болмаса, оларды бірінен-бірі ажырата алмай қалады екен.
« Сақина салмақ» ойыны.
Ойын шартымен таныстырып, ойынды өзім бастаймын.
Мынадай өзгерулерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CuSO 4 →Cu →CuO→CuCI2→Cu(OH) 2→Cu(OH)NO3 →Cu(NO3)2
Шешуі:
1.Орын басу реакциясы арқылы мыс (ІІ) тұзынан мысты алуға болады:
CuSO4 +Fe→FeSO4 +Cu
2) Мысты оттегіде жағып,мыс (ІІ) оксидін аламыз:
2Cu + О 2 =2CuO
3) Мыс (ІІ) оксиді тұз қышқылында еріп, мыс (ІІ) хлоридін түзеді:
CuO +2НСІ = CuCI2 + Н2О
4) Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып,мыс (ІІ) гидроксидін алуға болады: CuCI2 + 2 КОН = Cu(OH) 2+ 2 КСІ
5) Мыс (ІІ) гидроксидін бір гидроксотобының орнын алатындай мөлшерде алынған азот қышқылымен яғни 1 моль Cu(OH)2 1 моль НNO3–пен өңдеп мыс (ІІ) гидроксонитратын –негіздік тұз алады:
Cu(OH)2 + НNO3= Cu(OH)NO3 +Н2О
6) Мыс (ІІ) гидроксонитратына артық азот қышқылымен әсер етіп, мыс (ІІ) нитратын алады:
Cu(OH)NO3 + НNO3= Cu(NO3)2 + Н2О
Ал,балалар, «Бейорганика » шал оның балаларының қасиеттері туралы деген генетикалық байланыс тапсырманы шешу сендерге тапсырылады.
V. Бекіту
А) «Ғажайып тәжірибе»
Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау.
І ,ІІ, ІІІ,ІV топ тәжірибе орындайды.
Қалған оқушыларға үлестірмелі қағаз таратылып, постерге тапсырмалар орындалайды.
VІ. Қорытынды.
«Академиялық дау-дамай»
«Металдар мен бейметалдар,олардың қосылыстарының тіршілік үшін пайдасы мен зияны» туралы ой ойларын дәлелдей отырып, топтар өзара пікірталасқа түседі.
VІІ. Рефлексия
Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?
Маған сабақ кезеңдерінде не ұнады, не ұнамады?
Өтілген материал бойынша сұрақ немесе пікірің?
VІІІ. Бағалау.
1)Топбасшыларының бағалауы;
2) Жиынтықтық бағалау;
3) Өзін-өзі бағалау;
Күнделіктеріне баға қою.
ІХ.Үйге тапсырма.
Есептер мен жаттығулар бойынша № 10-15 есептер.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Шокатова Сагдат Кажымукановна

ШҚО Үржар ауданы "Қарабұйрат орта мектеп-бақша "КММ

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Химия | Қосты: Shokatova (12.02.2015) | Автор: Шокатова Сагдат Кажымукановна W
Көрсетілім: 4910 | Ілмек сөздер: бейметалдар, мен, Металдар | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 42
Қонақтар: 42
Тіркелгендер: 0