Сайт учителя начальных классов
.
Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы

Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы

Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы

Сыныбы-10 (аәб)

сабақ реті:  14

күні 20.10-22.10

Тақырыбы

Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы

уақыты

Білімділік мақсаты:  дамытушылық:

тәрбиелік:

Ковалентті байланыстың қасиеттері, оның маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Берілген химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту; ;сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.

 

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Білімділік міндеттері:оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары: Ковалентті байланыстың қасиеттері

3.Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):          

1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

  • Ковалентті байланыстың негізгі сипаттамаларына анықтама беріңдер:байланыс ұзындығы, байланыс энергиясы,  қандай ?
  •  Аммоний ионы мысалында ковалентті байланыстың донорлы-акцепторлы байланыс механизмінің ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
  • s және pбайланыстың түзілуінің айырмашылығы неде?

3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

     Коваленттік байланыстыңнегізгі қасиеттеріне қанығуы, полюстенуі, бағытталуы жатады.             

     Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен анықталады. Химиялық байланыстың ерекшелігі – қанығуға қабілеті бар, яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады. Қанығуына сай молекулалық байланыстың да белгілі құрамы болады. Сондықтан, Н2, НСl, Н2О, BCl3,CH4 сияқты молекулалардағы байланыстар қаныққан, яғни атомдардың барлық орбитальдарында ортақ электрон жұптары орналасқан.

     Коваленттік байланыстың полюстенуі молекулалардың өздерінің және олардағы жеке байланыстардың полюстігінің сыртқы электр өрісінің әсерінен өзгеру қабілетімен сипатталады.

Полюстену молекуладағы электрон тығыздығының бірдей болмауына әкеледі.

   qCl- = -0,18, ал  qН+= +0,18.

Молекула мен байланыстың полюстігін бағалау үшін әдетте тиімді заряд шамасы q («ку») мен диполь ұзындығының l («эл») көбейтіндісіне тең диполь моментінің тұрақтысы µр(«мю») қолданылады , яғни

                   µ =   q ·  l.

Диполь моменті дебаймен (голландиялық ғалым Дебайдың құрметіне) өлшенеді.

     Диполь моментінің шамасымен заттың реакцияласу қабілеті байланысты болады. Молекуланың µ неғұрлым көп болса, оның әрекеттесу қабілеті соғұрлым жоғары болады. Диполь моменті мен заттың ерігіштігі де байланысты. Сұйықтардың полюсті молекулалары оларда еріген электролиттердің электролиттік диссоциациялануын қамтамасыз етеді.

     Коваленттік байланыстың бағытталуы молекулалардың кеңістіктік құрылымын (пішінін), яғни олардың геометриялық формасын тудырады. Мұны кәдімгі молекулалардың: НСl, Н2О және NH3 түзілу мысалында қарастырайық. Коваленттік байланыс атомдардың қосылу сызығының бойында электрон бұлттары, (орбитальдары) максимал бүркескен бағытта пайда болады.

     Хлорсутек НСl молекуласы сызықты, өйткені сутек атомының s-орбиталі мен хлор атомының p-орбиталінің бүркесуі есебінен түзіледі (3.3-сурет).

     Су молекуласы Н2О түзілгенде, оттек атомы екі валенттік р-электрондары арқылы сутекпен бұрышты молекула түзеді

     Аммиак молекуласы NH3 түзілгенде байланыстар сутектің үш атомының s-электрондарымен байланысқан азот атомының үш р-орбиталінің үш осі бойына орналасады. Молекула дұрыс тригональді пирамида пішініне ие болады

     Коваленттік байланыстың бағытталуы орталық атомның валенттік орбитальдарының гибридтенуіне және олардың кеңістікте орналасуына тәуелді. Орбитальдардың гибридтенуі – әр түрлі электрон бұлттарының араласуы және олардың пішіні мен энергиясы бойынша бірдей болуы. Бұл жағдайда электрон орбитальдарының алғашқы пішіні өзгереді, ассиметриялы және ядроның бір жағына қарай созылыңқы гибридті орбитальдар түзіледі. Гибридтік орбитальдардан түзілген химиялық байланыс бүркесуі көбірек болғандықтан, бастапқы орбитальдардың электрондары қатысында түзілген байланысқа қарағанда берік болады.

     Байланыс түзуге әр түрлі типті электрондар, мысалы, s- және р-электрондар қатысқанда үнемі гибридтену жүреді. Бериллий хлориді BeCl2, бор хлориді BCl3 және метан CH4 молекулаларының гибридті орбитальдары түзген конфигурациясын қарастырайық.

    BeCl2молекуласында химиялық байланыс түзу үшін бериллий атомының бір s- және бір р-электрондары қатысады. Бұл кезде sр- («эс пэ» деп оқылады) гибридтену жүреді BeCl2  молекуласы сызықты, өйткені, sр-гибридті орбитальдары қарама-қарсы бағытқа бағдарланған

     Бор хлоридінің молекуласында BCl32- («эс пэ екі» деп оқылады) гибридтену іске асады. Байланыстыруға бір s- және екі р-электрондар қатысады да, жазық үшбұрышты молекула түзеді .

     Метан молекуласындағы СН4  көміртек атомында бір s- және үш р-электрондар гибридтенуге ұшырайды. Бұл sр3- («эс пэ үш» деп оқылады) гибридтену тетраэдрлік конфигурация түзеді .

      Орбитальдардың гибридтенуі арқылы су молекуласындағы байланыстың валенттік бұрышымен (104,5º) және аммиак молекуласындағы валенттік бұрыштың (107,3º) өзгеруі түсіндіріледі. Ол азот және оттек атомының sр3-орбиталындағы байланыстырғыш электрон жұптарының тебілу әсеріне тәуелді.

15-16

Жаңа сабақты тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

Жаттығу орындау:№1-3 .94  бет кітаппен 1нұсқа;  10-ЕТЖ-1 -2 нұсқа.

3-4

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру

Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

     Параграф   3.3   оқу -, 8-9(94бет) –жазбаша

 

 

 

 

 

ID: 6019 | Просмотров: 4836