Сайт учителя начальных классов
.
Химиялық реакция теңдеулері

Химиялық реакция теңдеулері

Химиялық реакция теңдеулері

 

Сабақтың тақырыбы: §14 Химиялық реакция теңдеулері

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға химиялық теңдеу туралы мағұлмат бере отырып,

                      химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету.

 

Дамытушылығы: оқушыларға химиялық теңдеулерді жазып және оны теңестіре

                       білуге дағдыландыру.

 

Тәрбиелігі: әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін 

                      жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.

 

Сабақтың түрі: тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)

Сабақтың әдісі: Дәріс, сұхбат, топтастыру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, химиялық реакция теңдеулері.

Пәнаралық байланысы: математика, информатика, физика.

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н.Нұрахметов, т.б. Химия – 8сынып

                                               2. Д.М.Кирюшкин, т.б. Химияны оқыту методикасы

                                               3. Н.Нұрахметов, т.б. Химия жұмыс дәптері – 8 сынып

 

Сабақтың жүру барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

Келісім шарт қабылдау.

  1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
  2. Бір – бірімізді тыңдаймыз;
  3. Бір ғана адам сөйлейді;
  4. Өз ойларымызбен бөлісеміз;
  5. Бос сұрақтар болмайды;
  6. Уақытты үнемді пайдаланамыз.

 

Танысу.

«Қар көшкіні» ойыны. Әр топтың оқушылары өз аттарын айтады. Әрбір оқушы өз атын айтар алдында бұрынғы оқушының атын қосыпайтады.

 

 ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» сұрақ – жауап.

  1. Химиялық реакция дегеніміз не?
  2. Химиялық формула дегеніміз не?
  3. Массалық үлес қалай белгіленеді?
  4. Валенттілік дегеніміз не?
  5. Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?

 

Топтық жұмыс.

І топ тапсырмасы:

1. Тұрақты І валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: ZnS, Al2S3, Na2S, PbS, Fe2O3  әрбір элементтің

    валенттілігін қойыңдар.

3. Мына заттардағы: а) СаО, б) Р2О5, в) Fe2O3 әрбір элементтің массалық үлесін

   есептеп шығарыңдар.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: СаО, FeCl3 , Н2О, Мg3N2, SiCl4 әрбір элементтің

    валенттілігін қойыңдар.

3. Берілген қосылыстарды: а) СаО, б) H2SO4, в) SO2 құрайтын элементтердің массалық қатыныстарын табыңдар.

 

ІІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: МgО, К2О, SnO2, Na3N, MnCl2 әрбір элементтің

    валенттілігін қойыңдар.

3. Химиялық қосылыстың құрамына 40% Сu, 20% S, 40% O кіреді. Осы химиялық 

    қосылыстың формуласын табыңдар.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары: 1.Химиялқ теңдеу.

                   2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.

Негізгі ұғымдар:

  • Химиялық теңдеу.
  • Реагент
  • Өнім

 

         1. Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

         Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.

         Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

         2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:

 

1. Реагенттердің формуласын жазу:

                   H2 + O2

 

2. Өнімнің формуласы:

                   H2 + O2 → H2O

 

3. Химиялық теңдеуді теңестіру:

                   2H2 + O2 → 2H2O

 

Сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

І топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша негізгі ұғымдарды анықтау.

2. 42 беттегі 5 жаттығуды орында.

 

ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сұрақтар құру

 2. 42 беттегі 6 жаттығуды орында.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сызбанұсқа құру.

2. 42 беттегі 7 жаттығуды орында.

 

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

І топ тапсырмасы: 28 беттегі №73 тапсырманы орында

ІІ топ тапсырмасы: 28 беттегі №74 тапсырманы орында

ІІІ топ тапсырмасы: 29 беттегі №75 тапсырманы орында

 

Бағалау.

Үйге тапсырма:

ID: 8291 | Просмотров: 5467