Сайт учителя начальных классов
.
ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары

ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары

ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары

№1-тексеру жұмысы.

Оттекті aлy және оның қасиеттері

1-нұсқа

  1. 45 г су айырылғанда түзілетін оттектің массасын есептендер.
  2. Оттектің қандай қасиеттеріне сүйеніп, оны ауаны ығыстыру арқылы жинауға болады?
  3. Жоспар бойынша оттектің берілген заттар: а) күкіртпен; ә) фосформен; б) көміртекпен; в) сутекпен; г) метанмен СНәрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.
  4. Алдыңғы тапсырма бойынша түзілген өнімдердің атын атаңдар.
  5. Оттектің химиялық элемент екенін білдіретін екі сөйлем құрастырыңдар.

2-нұсқа

  1. 8 г оттек алу үшін қажетті сутек пероксидінің массасын есептеңдер және сутек пероксидінен оттек алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
  2. Оттектің қандай қасиеттеріне сүйеніп, суды ығыстыру арқылы жинауға болады?
  3. Жоспар бойынша оттектің берілген заттармен: а) мыспен; ә)темірмен; б) магниймен; в) алюминиймен; г) мыс (II) сульфидімен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.
  4. Алдыңғы тапсырма бойынша түзілген өнімдердің атын атаңдар.
  5. Оттектің жай зат екенін білдіретін екі сөйлем құрастырыңдар.

3-нұсқа

  1. Калий перманганатынан (КМпО4;) оттек алу реакция теңдеуін жазыңдар. 10 л оттек (оттектің тығыздығы 1,43 г/см3) алу үшін қажетті калий перманганатының массасын есептеңдер.
  2. Сағат сайын оттектің орасан көп мөлшері әртүрлі мақсаттарға (отын жағуға және тыныс алуға) жұмсалады. Сонда неге атмосферадағы оның мөлшері азайып кетпейді?

13. Жоспар бойынша оттектің берілген заттармен: а) металдармен; ә) бейметалдармен; б) күкірткөміртекпен (CS2) (түзілген өнімнің құрамындағы күкірт IV валентті); в) күкіртсутекпен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар).

  1. Алдыңғы тапсырма бойынша түзілген өнімдердің атын атаңдар.

      15 Жану және тотығу реакциясы деген ұғымдар нені білдіреді? Мысалдар келтіріңдер.

  

№2-текееру жұмысы.

Авогадро заңы. Газдардың мольдік көлемі.

Газдардың салыстырмалы тығыздығы

1-нұсқа

  1. Күкіртті газдың (S02) сутек бойынша тығыздығын есептеңдер.
  2. Сутек бойынша тығыздығы 30-ға тең және салыстырмалы тығыздығы 1,25 г/л газдың молекулалық массасын есептеңдер.
  3. а) 0,1 моль оттек; ә) 11 г көмірқышқыл газы қалыпты жағдайда қандай көлем алады?
  4. Қалыпты жағдайда өлшенген 5,6 л оттектің массасы және молекулалар саны неге тең?
  5. Н2 + С12 = 2НС1 реакция теңдеуі бойынша мына сұрақтарға жауап беріңдер:

а) 1 моль сутекпен әрекеттесетін хлордың зат мөлшері неге тең?

ә) Сутек пен хлор қандай көлемдік қатынаста әрекеттеседі және хлорсутектің қандай көлемі түзіледі?

2-нұсқа

  1. Метанның (СН4) ауа бойынша тығыздығын есептеңдер.
  2. Ауа бойыніна тығыздығы 2,5-ке тең және салыстырмалы тыгыздығы 1,94 г/л газдың молекулалық массасын есептеңдер.
  3. а) 2,5 моль метан (СН4); ә) 16 г күкіртті газ (SO2) қалыпты жағдайда қандай көлем алады?
  4. 1 м3 көміртек (IV) оксиді қалыпты жағдайда қанша көлем алады және молекула саны нешеге тең болады?
  5. N2 + ЗН2 = 2NH3реакция теңдеуі бойынша мына сұрақтарға жауап беріңдер:а) азот пен сутек қандай көлемдік қатынаста әрекеттесіп тұр? Оны қалай анықтадыңдар?

ә) 100 л азот реакцияға түсетін болса, аммиактың қандай көлемі (қ.ж) түзіледі?

3- нұсқа

  1. Көмірқышқыл газының (СО2) сутек бойынша тығыздығын есептеңдер.
  2. Оттек бойынша тығыздығы 2,5 және 5 л көлемінің массасы 7,25 г газдың молекулалық массасын есептеңдер.
  3. а)    3молькөміртек (IV) оксиді;ә) 1,25газот (N2);6) 45гсу қалыпты жағдайда қанша көлем алады?
  4. 2 м3 метан (СН4) қалыпты жағдайда қанша көлем алады және молекулалар саны неге тең болады?
  5. 2 + О2 = 2Н20 реакция теңдеуі бойынша мына сұрақтарға жауап беріңдер:

а) екі көлем сутек жанғанда екі көлем су түзіледі деген тұжырым дұрысбола ма? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

ә) 5 м3оттекпен қанша көлем сутек реакцияласады?

  

Оттек. Жану тарауына арналган бақылау жүмысы

1-нұсқа

  1. Мыс (II) немесе мыс (I) оксидтерінің қайсысының құра-мында мыс көп?
  2. Оттекте: а) магний; ә) фосфор; б) сутек; в) ацетилен (С2Н2) жанғанда қандай оксидтер бөлініп шығады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
  3. Егер реакция нәтижесінде 0,2 моль фосфор (V) оксиді түзілсе, реакцияға түскен фосфордың массасы және сутектің көлемі (қ.ж) неге тең болады?
  4. Термохимиялық теңдеу бойынша

СН4 + 202 = СО2 + Н20 + 892 кДж.

1784 кДж жылу бөлінсе, метанның қандай массасы жанғанын есептеңдер.

2-нұсқа

1. а) сутек; ә) фосфор; б) фосфиннің (РН3) оттекте жану реакция теңдеулерін жазып, жай заттардың жануының күрделі заттар жануынан қандай айырмашылығы барын түсіндіріндер.

  1. Химиялық реакцияларды толықтырып жазыңдар:

... + 02->Cu0

Ғе + 02 ...

S + ...=SO2

CuS + ... -> S02 + ...

  1. 0,3 моль темір (III) оксидін алуға қажетті оттектің көлемін (қ.ж) есептеңдер..
  2. Термохимиялық теңдеу бойынша:

С + 02 = С02 + 402 кДж

2412 кДж жылу бөлінсе, көміртектің қандай массасы жанғанын есептеңдер.

3-нұсқа

  1. Темір (II) немесе темір (III) оксидтерінің қайсысы темірге бай?
  2. Оттек мына заттардың: а) сутек; ә) су; б) темір; в) темір (II) сульфиді; г) темір (III) оксиді; ғ) күкірт; д) күкірт (VI) оксиді қайсысымен әрекеттеседі ? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
  3. 0,1 моль алюминий оттектің қандай көлемімен әрекеттеседі және түзілген оксидтің массасы неге тең болады?

4. Термохимиялық теңдеу бойынша

СН4 + 202 = С02 + 2Н20 + 892 кДж

Реакцияға 1,6 кг оттек түссе: а) бөлінген жылудың мөлшері; ә) жанған метанның көлемі (қ.ж); б) түзілген газдың массасы қанша болады?

ID: 7152 | Просмотров: 3006