Сайт учителя начальных классов
.
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің  периодтық жүйесінің  құрылымын негіздеу

Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу

Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің

периодтық жүйесінің  құрылымын негіздеу

Сабақтың тақырыбы:  Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің  құрылымын негіздеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін терендету.

Дамытушылық:

Интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, өздік әрекет атқару қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір-бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

1.Элементтердің периодтық жүйеде орналасуын есте сақтау.

2.Элементтердің атом құрылысын анықтай білу.

3.Элементтердің металл не бейметалл екенін ажырата білу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғым қалыптастыру. Саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар

Пәнаралық байланыс: Физика, география, биология

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, слайдтар, карточка

Сабақтың техникалық жабдықталуы: Графопроектор,периодтық кесте, химия оқулықтары

Сабақтың барысы:

І   І. Ұйымдастыру./Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, ІІ топқа бөлу сыныпты/

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

ІІІ.. Өткен сабаққа қысқаша шолу. ( Химиялық ой жинау)

ІV. Жаңа сабақ түсіндіру.

  1. Тапсырма орындату
  2. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі химиялық     

     элементтерге саяхат жасау

VIІ.  Сабақты қорытындылау

        Үйге тапсырма беру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау,қайталау

№1.  Реттік нөмірлері берілген элементтердің пеиодын,қатарын,тобын анықтаңдар.

     І топ:  7,12 ,41                     ІІ топ: 17,23,30                    

№2. Мына элементтерді металдық қасиетінің өсуі бойынша орналастырыңдар:бор,бериллий,көміртек,литий    С→В→Ве→Lі

№3.  Берілген элементтердің қайсысында айқын бейметалдық қасиет басым: фосфор, алюминий, кремний, күкірт, фтор, хлор

ІІІ. Химиялық ой жинау:

Д И Менделеев қай жылы, қай жерде дүниеге  келді?  

Периодтық заңды Д.И. Менделеев қай жылы ашты?   

Периодтық заңның тұжырымдамасы

Периодтық кестеде элементтер неше топқа бөлінген?

Екі дайлы қасиет қандай заттарға тән?

                                   Период дегеніміз не, неше период бар       

ІV.Жаңа сабақ түсіндіру

Жоспар:

1.Периодтық жүйенің құрылымы                                

2.Период пен топтың жіктелуі

3.Энергетикалық деңгейлердің құрылысымен  таңыстыру

4.Химиялық элементтерге  сипаттама

«Менің  көңіл - күйім»
Сабаққа  дейін --------------------- Сабақтан  кейін
Жақсы --------- Орташа ------------- Көңіл – күйім  жоқ
(Әр  оқушыға таратылады.)
                                

                                                

                                                 Период

                                                                          

                                                                                                      Үлкен                                                                                  Кіші                                           

                                                   Топ                                                                       

 

Негізгі                                                                                 Қосымша  

                         

 

Химиялық элементтердің

периодтық   жүйесі

 

Химиялық элементтердің

атом құрылысы

 

Элементтердің реттік нөмірі

 

Ядроның оң заряды, протондар және   электрондар саны

 

Период нөмірі

 

Электрондық қабат саны

 

Топ нөмірі

Сыртқы қабатағы электрон саны (негізгі топша үшін)

 

Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз

Электрондық қауыз:

Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.

Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді

 Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:

Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:

1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең.             Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.

2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілілейді .

3. Элементтің электрондық формуласын жазамыз.

Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:

Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:

1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең.             Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.

2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілілейді    .

3. Элементтің электрондық формуласын жазамыз.

 

Электрондық деңгей (n)

Осы деңгейде электронның деңгейі

1

2

2

8

3

18

4

32

  

Электрон бұлтының пішіні

 

s

p

d

f

Пішіні

 

Сфералы

(шар тәрізді)

Сегіздік

(гантель)

 

Күрделі пішінді

 

Күрделі пішінді

 

Бір деңгейде бола алатын электрон саны

2

6

10

14

Жүктеу

ID: 6464 | Просмотров: 7926