Сайт учителя начальных классов
.
d-элементтерге жалпы сипаттама. Мыс.

d-элементтерге жалпы сипаттама. Мыс.

d-элементтерге жалпы сипаттама. Мыс.

Тақырыбы: §7.1  d-элементтерге жалпы сипаттама. Мыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға d- элемент мыс атомы құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; мыс, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы;

Дамытушылық: d- элемент мыс атомының  электрондық формуласын құрастыру, жеке атомға сипаттама беру, әр топтың атомдарының айырмашылығын түсіндіре білу, қорытынды жасау, жүйелеу,  сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақ өткізілу түрі: Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау, мұғалымнің толықтыруы, жаттығулар орындау, оқушылардың қорытынды жасауы,

Құралдар мен реактивтер: Кітап,  дәптер.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

d- элементтерге жалпы сипаттама

Білімді жаңғырту. 

*Қандай элементтер d-элементерге жатады?

*Оларды қалай атайды?

*Оларда қанша валентті электрон бар?

 Химиялық  элемент мысқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама бер .

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Мыс – бірінші топтың қосымша топшасының элементі первой группы  оныншы d -электрон  үшінші деңгейшеге өткен, сондықтан бұл электрон қозғалғыш. Тотығу дәрежесі– (+1;  +2).

Мыстың (+3) тотығу дәрежесін көрсететін бірнеше қосылысы бар.

Табиғатта кездесуі: мыстың жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 0,01 %   Ол саф күйінде және көбінесе, қосылыстар түрінде кездеседі. Мыс кендерінің- табиғи минералдары құрамында мыстың мөлшері едәуір болғандықтан, одан металды бөліп алу экономикалық жағынан тиімді.

Маңызды мениралдарға:                                                                                   

халькопирит CuFeS2 (30% мыс),

халькозин “мыс жылтыры” Cu2S  (79,8% мыс),

ковелин CuS (64,4% мыс),

малахит CuCO3 ∙ Cu(OH)2 (57,4% мыс),

куприт Cu2O (81,8% мыс).

Кен орындары: Жезқазған, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау- металлургия  комбинатында өндіріледі.                                                             

 

Алынуы:   

Сульфидтік кендерінен:   пирометаллургиялық

Оттекті  құрамды кендерінен:  гидрометаллургиялық жолмен

2Cu2S +3О2→2Cu2O +2 SO2

2Cu2O + Cu2S→6Cu + SO2

 

CuO+Н 2SO4→ CuSO4+ Н 2O

               электролиз

CuSO4+Fе→ FеSO4+Cu

 

Білімді жүйелеу және қорытындылау.

 

Үйге тапсырма. §7.1   5-жаттығу.

 

Бағалау.

ID: 8290 | Просмотров: 2842