Құжаттарды құру,сақтау және ашу.Мәтін үзінділерін өшіру,форматтау .

Құжаттарды құру,сақтау және ашу.Мәтін үзінділерін өшіру,форматтау .

Жаңа түсініктер:

        Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының кызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.

WORDPAD МӘТІДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

WordPad мәтіндік редакторы карапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі каріпті колдануға,сонымен катар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск => Программы => Стандартные => WordPad (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін    экранға Word Pad мәтіндік редакторынын   терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уакыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын кызметін көрсетеді.

WORDPAD-та құжат құру

WORDPAD құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
  2. Мәтінді енгізу және редакциялау
  3. Мәтінді пішімдеу
  4. Құжатты сақтау және ашу
  5. Баспаға шығару

Осы сатыларды қарастырайық:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.

Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы  өзгерте аламыз.

Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.

2. Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:

Enter – жаңа жолға көшу

Shift – бас әріптерді теру

CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу

Backspace – меңзердің сол жағындағы символарды өшіру

Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3. Мәтінді пішімдеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу  әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К – курсив, Ч – асты сызылған,  Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.

      Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат -  Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

4. Құжаттарды сақтау және ашу:

WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде  *.doc болады.

      Сақталған құжатты ашу үшін: Файл – Открыть командасын орындаймыз

      Жаңа құжат құру үшін: Файл – Создать командасын орындаймыз

Құжаттарды басу:

Құжат құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжатты баспаға басу әрекеттері:

  1. Файл – предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)
  2. Файл – Печать 

Автор: Кыдырманова Кенжегуль Сеиткановна

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарауылтөбе орта мектебі

18
Декабрь
0
1738
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.