Сайт учителя начальных классов
.
Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері

Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері

Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері

Зертханалық жұмыс №3.1.

Тақырыбы: Қатқыл дискіні тексеру

  1. Дискіні тексеру программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Стандартные→Служебные→Проверка диска).
  2. Дискілер тізімінен С:дискісін таңдаңыз.
  3. Қосымша (Дополнительно) батырмасын басыңыз және файлдық жүйенің логикалық құрылымын тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискіні баптаудың қосымша параметрлері сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.
  4. Толық (Полное) ауыстырып-қосқышын→ орнатыңыз және Баптау (Настройка) батырмасын басыңыз.
  5. Дискінің магнитті бетін тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискінің бетін тексеру режімі (Режим проверки поверхности диска) сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.
  6. Стандартты ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. Қателерді автоматты түрде түзету жалаушасын алып тастаңыз.
  7. Жіберу (Запуск) батырмасын басыңыз және тексеру істерін бақылаңыз.
  8. Дискідегі қатені тапқан жағдайда қате туралы хабармен танысыңыз және берілген түзету нұсқаларының ішінен қатені елемей, жұмысты әрі жалғастыратын нұсқаны таңдаңыз.
  9. Тексеру нәтижесі туралы терезені жабыңыз. Дискіні тексеру программасында Жабу (Закрыть) батырмасы арқылы жабыңыз.

Зертханалық жұмыс №3.2.

Тақырыбы: Тышқан қасиеттерін баптау

  1. Қасиеттер: Тышқан(Свойства:Мышь) сұхбат терезесін ашыңыз (Пуск→Настройка→Панель управление→Мышь).
  2. Тексеру аймағы (Область проверки) басқару элементіне екі рет шертіңіз. Екі рет шерткенде элемент орындалады, ал ортасында үзіліс жасап шерткенде элементтің орындалмайтындығына көзіңізді жеткізіңіз.
  3. Екі рет басылудың жылдамдығы жылжымасын ең шеткі оң жаққа орнатыңыз. Осылайша екі рет шертудің арасындағы уақыт интервалы төмендетіліп, екі бірдей шертуді орындау қиынға түсетініне көз жеткізіңіз.
  4. Тәжірибе жасай отырып, өзіңізге ыңғайлы жылжыма жағдайын таңдаңыз.
  5. Қасиет: Тышқан (Свойства:Мышь) сұхбат терезесін жабыңыз.

ID: 6534 | Просмотров: 2716