Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Информатика

Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.

Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс: PAINT сурет бөлігі түсінігін, бөліктермен орындалатын операцияларды, орындау тәсілдерін, мәтінді баптау мүмкіндіктерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді. Суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді. Жазу құралын пайдалануды. Салынған суретті ашуды.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
1. PAINT графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық?
2. Бүгін біз «Ерекшелеу» сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз.
V. Жаңа тақрыпты түсіндіру
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады.
Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу Бәрін ерекшелеу бұйрығынорындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.
1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.
2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -
3. Тазалау- ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.
4. Түстерді айналдыру.
5. Көшіру.
Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.
1-тәсіл – фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке
көшірмесін аламыз ;
2-тәсіл – фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз- оның ізі бар көшірмесін аламыз ;
3- тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.
Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.
Мәтінмен жұмыс істеу
PAINT – графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба- белгілеулер құрылады.
Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі – енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас. Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Жолақта бірден жаңа тіркеме бет- Мәтін енгізу саймандары – пайда болады.
Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады :
- Әріпті және оның мөлшерін таңдау;
- Мәтінді жуан әріппен курсивпен ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу;
Мәтіннің әрбір фрагментін әртүрлі баптауға болады.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады?
2. Ctrl немесе пернелерін басып көшірулердің бір –бірінен айырмашылығы неде?
3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
4. Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама-қарсы?
5. Фрагментті 90 градусқа бұру үшін не істеу керек?
VІІІ Үйге тапсырма: § 16 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру. Paint программасын пайдалана отырып, «Қыс» тақырыбына сурет салу.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Кыдырбаева Малика Маликовна

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Д. Қонаев атындағы орта мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Информатика | Қосты: Kydyrbaeva_Malika (15.02.2015) | Автор: Кыдырбаева Малика Маликовна E W
Көрсетілім: 1306 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 65
Тіркелгендер: 0