Сайт учителя начальных классов
.
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

 Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Сабақтың аты

 Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Сілтеме

жоспар

Жалпы мақсаты

PowerPoint программасында презентация құру тәсілдерін білу.

Презентацияны жасау жолдарын түсіну.

Безендіру шаблондарын қолдану. 

Күтілетін нәтиже

*    PowerPoint программасында презентация құруды білетін болады;

*    Презентацияны жасау жолдарын түсінеді;

*    Безендіру шаблондарын қолдана алады.

Негізгі  идеялар

PowerPoint программасын іске қосу үшін: Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office PowerPoint командасы орындалады. Формат – Конструктор батырмасы слайдтардың барлығын бір мәнерде безендіру үшін қолданылады. Электронды көрмелер – өнімді жарнамалаудың кеңінен қолданылатын әрі тиімді тәсілі.

Тапсырмалар

Жұптық  жұмыс  (Ойлан, жұптас, талқыла)

Тапсырмалар

Топтық жұмыс (Топтық тергеу) 

Тапсырмалар

Жеке жұмыс (Практикалық жұмыс) 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

 

І.Ұйымдастыру

1.  Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу. (1 минут)

2. Топқа бөлу  (Компьютердің негізгі құрылғыларының сурет қиындыларын құрастырады /жүйелік блок, монитор, пернетақта/  бойынша 3 топқа бөлінеді, 2 минут)

 

ІІ. «Ойлан, жұптас, талқыла» (5 минут)

      Үйге берілген «Күн режиміне» презентация жоспарын ойланып, құрып келсеңіздер, өз жұптарыңызбен талқылаңыздар, ортақ «Күн режимін» жасап шығыңыздар. Жұптарыңызбен жасаған жұмысыңызды тақтадағы критериийлерді ескеріп бағалаңыздар. (1 минут)

       Критерийлер: 3,4,5 балдық жүйемен бағаланады.

                                1. Тақырыптың  толық ашылуы.

                                2. Уақыттың жоспарлануы.

                                3. Күн режимін жасауда өз жас сәйкестігінің ескерілуі .

 

    Олай болса, бүгін Презентацияны құру тәсілдері мен оны безендіруге тоқталамыз.

 

ІІІ. Ой қозғау. (2 минут)

  1. Microsoft office PowerPoint программасын не үшін қолданамыз?
  2. Презентация деген не?

(Оқушылар сұрақтары мадақтау, қошеметтеу арқылы формативті бағаланады)

 

       ІV. Топтық жұмыс «Топтық  тергеу» (20 минут)   

Сіздің тобыңызда 6  рөлді: баяндаушы, зерттеуші, сұрақ қоюшы, сілтемеші, суретші, дәнекерді анықтаңыз.  Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:   

          Электрондық оқулықтан тақырыпты оқып, әр оқушы өз міндетін орындайды.

1. Баяндап беруші - Мазмұнын өз ойымен баяндайды

2. Зерттеуші - Жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу

3. Сұрақтар құрастырушы - Тақырып мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды

4. Сілтемелер табушы  - Тақырыпты ашатын сілтеме немесе мәтелдер табу

5. Бейнелеуші-суретші - Тақырыпты суреттеу

6. Дәнекер - Негізгі идеяларды өмірмен байланыстыру

        Топ мүшелерін анықтау. Тақырыпты оқу. (7 минут)

        Топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды. (10 минут)

Оқушылар «Сыныптастарды бағалау» арқылы формативті бағалап, таңдау айтады.

*  Кімнің жұмысына өте жақсы деп баға бересіздер.

*  Ол жұмысты неге жақсы деп бағаладыңыздар? Неліктен? (Түсіндіру керек) (3 минут)

     

     V. Сергіту сәті. (2 минут)

 

     VІ. Жеке жұмыс «Практикалық тапсырманы орындау» (7 минут)

    Безендіру шаблондарын пайдаланып, «Күн режимін» компьютерде презентацияға түсіреді. Жасаған жұмыстарын бағдаршам арқылы формативті бағалайды. (1 минут)

Орындай алмадым

Жартылай орындадым

Барлығын толық орындадым                               

      

      

      VІІ.  Кері байланыс.  Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Бұл сабақта мен үшін не қиын болды? Бұл мен үшін неге қиын болды? Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердім? (3 минут)

     

Кейінгі тапсырмалар 

PowerPoint программасына немесе презентацияға бес жолды өлең құрастыру немесе РАФТ жазу.

     

 

 

 

ID: 8930 | Просмотров: 3221